NetNado
  Найти на сайте:

Учащимся

Учителям



Microsoft Word текстік редакторы


Microsoft Word

текстік редакторы
Текстік редакторлердің ішінде Microsoft Word ең көп қолданылатын программа болып саналады. Оны құрастырғаннан кейін басқа текстік редакторларда жұмыс істеген адамдар оңай осы программаға үйреніп, оның жақсы жақтарын қолдана білді, және де компьютерге енді отырған адамдар да онымен тез жұмыс істеп үйренді.




Word текстік редакторында жұмыс істеу үшін ең бастысы оны ашу керек. Әдетте ол басты терезе → программалар → Microsoft Word жолымен ашылады. Microsoft Word текстік редактор ашылғанда терезе шығады. Ең жоғарғы қатарда редактордың аты, оның белгісі (значок) және Microsoft Word-та жазаған жұмыстың аты орналасқан және сол жағында

свернуть (орау), – восстановить (қайта қалпына келтіру), – развернуть (қалпына келтіру) және – закрыть (жабу) пернелері орналасқан.

Осы қатардан төмен құрал-саймандар қатары басталады. Олар файл, правка, вид, вставка, формат, сервис, таблица, окно, справка деген сөздерден тұрады, бірақ оның әрқайсысының өзін басқан кезде терезесі ашылады. Мысалы: файлды бассақ, суретте көрсетілген терезе ашылады да, оның ішінен біз жаңа бір документ немесе папка аша аламыз, енгізілген, өзгертілген мәліметті сақтай аламыз, баспаға жібере аламыз және тағы сол сияқты файлдың параметрлерін өзгерте аламыз, оны баспаға шығарар алдында көріп, қателіктерін түзетуге де болады. Вид-тің ішінде беттің көрінісі, құрал-саймандар панелі, масштаб, эскиздер, документтің схемасы, линейка және түгел экранға шығару пернелері орналасқан.

Форматирование қатарында біз тексттің стилін, шрифтінің размерін, оның жазылуын, шрифттің түсі және тағы сол сияқты пернешіктер орналасқан.

Стандарттық қатарда файлдың ішін қарағандағы командалар пернелік түрде көрсетілген. Мысалы: «создать документ», «открыть папку», «сохранить», «печатать», «предварительный просмотр». Олардан басқа қайшы суреті – «вырезать», екі қағаз суреті – «копировать», папка суреті – «вставить», колонка жасау пернесі, стрелкалар «отменить», «вернуть». әр түрлі белгілерді құралдар қатарына қосуға болады. Ол «сервистің» ішінде «настройка» командасын басқанда мынадай терезе шығады: осы терезеден саған керекті пернелерді құрал-саймандар қатарына қосуға немесе құрал-саймандар қатарынан керек емес пернелерді алып тастауға болады.

Таблицы и границы қатарында документке таблицаны қосып, ол таблицаға бағаналар мен қатарларды арасына қосуға болатындай пернелер орналасқан. Границаның сызылуы мен оның размеры тексттің направлениесі, тексттің таблица ішінде жазылуы, қатарларды біріктіру және ячейкаларға бөлу, таблицаның границаларын белгілеу пернелері орналасқан.

Астыңғы рисование қатарында біз документке неше түрлі схемалар, суреттер, фотокадрлар, диаграммалар қосуға болады. Автофигуралар мен сызықтар, стрелкалар сызуға болады.

Одан төмен документтің беттерінің саны, қай тілде жазылып жатқандығы, қай бетте тұрғандығы және разделы жазылған қатар орналасқан. Оның астында Microsoft Word-қа жатпайтын қатар орналасқан.

Microsoft Word текстік редакторда басқа программада жасалған таблицалар, жазылған мәтіндер, салынған суреттерді өңдеп, өзіңе ыңғайлатып, баспаға шығаруға болады. Бұл редакторда қарапайым тексттерден бастап, курстық, дипломдық жұмыстарды жазуға болады.

страница 1


скачать

Другие похожие работы: