NetNado
  Найти на сайте:

Учащимся

Учителям



Программа терезесі







Мазмұны





Кіріспе …………………………………………………………….........

3

1.

Paint графикалық редакторын іске қосу..........................................

4




1.1

Алғашқы мағлұматтар ..............................................................

5




1.2

Программа терезесі .....................................................................

5

2.

Меню қатарының командалары........................................................

7

3.

Саймандар тақтасының аспаптары ................................................

9




3.1

Геометриялық фигуралар .........................................................

11




3.2

Сызықтар мен доғалдар ............................................................

12

4.

Мәтін енгізу ..........................................................................................

13

5.

Аймақтардың ішін бояу (Заливка) ................................................

15

6.

Қолданылатын аспаптар....................................................................

16

7.

Фрагменттермен жұмыс істеу .........................................................

17

8.

Микроскоп режимі ..............................................................................

20

9.

Салыған суретпен жұмыс істеу.......................................................

21

10

Бейнелерді дискіге жазу және оқу ................................................

23

11.

Суреттерді баспаға шығару . ...........................................................

24

12.

Графикалық редакторда дайындалған суретті Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде қолдану ..................................

25




Қорытынды ..........................................................................................

27




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................

28


Кіріспе
Графикалық редактордың өзі кескіндерді салуға және дайын кескіндерді өңдеуге арналған болып шартты түрде екіге бөлінеді. Программа қарапайым болғандықтан, онымен жұмыс жасаған өте жеңіл және қолайлы болып табылады.

Paint графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді құру және оларды басқа программаларға негізделген. Мәтіндік құжаттарға енгізу үшін диаграммалар, графиктер, негізінен схемалар сияқты қарапайым иллюстра-циялар қолданылады. Сондай-ақ, бұл программаны сурет салуды үйрену мақсатында да қолдану мүмкіндіктері бар.

Берілген тақырыптарды жазу барысында алдыма қойған мақсат: Paint графикалық редакторын зерттеп және оның көмегімен қарапайым суреттерді салуды, дайын суреттері көркемдетуді үйренуді қарастыру болып табылады.



  1. Paint графикалық редакторын іске қосу


Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік граифкалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.

Графикалық редактордың өзі кескіндерді салуға және дайын кескіндерді өңдеуге арналған болып шартты түрде екіге бөлінеді. Кескіндерді салуға арналған редактор сызықтарды, нүкте, әртүрлі геометриялық фигураларды құруға негізделген. Ал өңдеуге арналған редактор кескіндерді біріктіру, түстерді араластыру, әртүрлі қосымша визуалдық эффектілер енгізуге арналған.

Paint графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді құру және оларды басқа программаларға негізделген. Мәтіндік құжаттарға енгізу үшін диаграммалар, графиктер, негізінен схемалар сияқты қарапайым иллюстра-циялар қолданылады. Сондай-ақ, бұл программаны сурет салуды үйрену мақсатында да қолдану мүмкіндіктері бар.

Paint программасын іске қосу үшін Іске қосу – Программалар – Стандарттар – Paint жолын таңдаймыз. Программа іске қосылған соң, 1.1-суреттегідей болады. Бұл редактор терезесінің негізгі бөлігін сурет салынатын жұмыс алаңы алып тұрады. Терезенің сол жағында сурет салуға арналған саймандар тақтасы, оның төменгі жағында түстер палитрасы орналасқан.

1.1. Алғашқы мағлұматтар

Paint (Paintbrush) - Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі, әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.
1.2. Программа терезесі
Редакторды іске қосу үшін (Windows 3.x) «Реквизиттер» тобындағы Paintbrush белгісін таңдаңыздар.

Ал, Windows 98 жүйесінде Іске қосу → Программалар → Стандарттар → Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның құрамында бізге осыған дейінгі элементтермен (жұмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.

Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар (1- сурет). Кез келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшеленеді.



1 -сурет. Paint редакторының экраны
Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам, түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны фондық деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі төртбұрыш тұр, осылардың үстіңгісі - негізгі түсті, ал астыңғы - фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы - фондық түсті өзгертуге болады.

Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қылыңдығы таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты, доғалдарды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:

  • аэрозоль балонының сыясының ені;

  • өшіргіш (ластик) ені;

  • бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені.

Жұмыс аумағы - салынатын графикалық бейне рналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы (бөлігі). Егерде мөлшері жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терезе шеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді. Ал егер жұмыс аумағынан кіші сурет салынса, онда ол терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетілетін болады.

Paint графикалық редакторы әртүрлі объектілерді салу мүмкіндігін береді және оның түстермен жұмыс істеуге арналған бірқатар саймандары бар. Бұл редактор фондық негізгі түспен және үстінен бояйтын екі жай түспен жұмыс істейді.

Редактор іске қосылғаннан кейін негізгі түс қара, фонның түсі ақ болады.

Сурет салу жұмысын редактор іске қосылғаннан кейін бірден бастауға болады. Қажетті сайманды, түсті, таңдау әрекетін тышқан көмегімен жасаған өте тиімді. Негізгі түсті өзгерту үшін қажетті түсте тышқанның сол жақ батырмасын, ал фонның түсін өзгерту үшін, он батырманы шертеміз.


  1. Меню қатарының командалары


Paint графикалық редакторының меню қатары Файл, Түзету, Түр, Сурет, Палитра, Анықтамалық командаларынан тұрады. Осы командалардың көмегімен жұмыс алаңында салынған суреттермен толық жұмыс жасай аламыз.

Файл менюі – Құру, Ашу, Сақтау, ...деп сақтау, Алдын-ала қарау, Парақтың макеті, Баспаға жіберу, Жөнелту, Файлдар тізімі, Шығу командаларын орындау мүмкіндігін береді. Яғни, бұл меню командаларының көмегімен салынған суретті сақтау, сақталынған файлды ашу, басқа атпен сақтау, қағазға басу алдында қарау, қағазға басу, парақ параметрлерін енгізу және программадан шығуға болады. Сондай-ақ, осы менюдегі тізімде тұрған басқа файлдың қажеттісін ерекшелеп, тышқанды шерту арқылы жылдам көшу мүмкіндігі бар. Қажетті суретті ерекшелеп алған соң, Жұмыс үстелін толтыру, Жұмыс үстелінің ортасына орналастыру командаларының бірін орындасақ, ол таңдалған режимге сәйкес сурет жұмыс үстеліне орналасады.

Тұзету менюі – Болдырмау, Қайталау, Буферге қиып алу, Буферге көшіріп алу, Буферден енгізу, Ерекшеленген аймақты тазалау, Бәрін ерекшелеу, Файлға көшіріп алу, Файлдан егізу командаларынан құрылған. Олар орналасу сәкестігіне қарай соңғы әрекеттің орындалуын алып тастау, оны қайталау, Буферге көшіру, буферден енгізу, ерекшеленген аймақты өшіру, тұтас суретті ерекшелеу, ерекшеленген аймақты немесе суретті файлға көшіру, басқа файлдағы объектіні егізу іс- әрекеттерін орындайды.

Түр менюі – Құрал-саймандар жиыны, Палитра, Қалып-күй қатары, Масштаб, Суретті қарау, Мәтіннің атрибуттары тақтасы командаларынан тұрады. Бұл меню негізінен командалар құрамындағы графикалық редактор терезесінің элементтерін ауыстырып қосу қызметін атқарады және суреттің масштабын өзгерту, суретті бүкіл экранды алып тұратындай етіп үлкейту мүмкіндіктерін береді.

Сурет менюі – шағылдыру/бұру, созу/қисайту, түстерді аудару, атрибуттар, тазалау командаларын орындау мүмкіндігін береді. Яғни оларды салынған суретпен жұмыс жасау үшін қолданамыз.

Палитра менюі- палитраны өзгерту, жүктеу, сақтау, көмескі фон беру командаларынан қүралған. Олар жұмыс жасауды ұйымдастырады. Палитраны өзгерту командасының көмегімен өзімізге ұнаған түстерді дайындап, палитра тақтасының құрамына енгізу мүмкіндігі бар.

Анықтамалық менюі – анықтама алу мүмкіндігін береді.


  1. Саймандар тақтасының аспаптары

Paint редакторында қолданылатын аспаптарды таңдап алу үшін, тышқан курсорын сол бейнеге жеткізіп, оны бір рет шертеміз. Жұмыс алаңында тышқанның көмегімен курсорды жылжыта отырып қажетті суретті саламыз. Егер аспапты тышқанның сол батырмасының көмегімен жылжытсақ, сурет негізгі түспен, ал оң батырманы басулы күйінде жылжытсақ фондық түспен салынады.

  • Тік төрт бұрыш салу

Саймандар тақтасындағы тіктөртбұрыш батырмасында тышқанды шерту нәтижесінде пайда болған белгіні жұмыс алаңында тышқанның көмегімен жылжыта отырып, қажетті өлшемде тіктөртбұрыш саламыз. Тік-төртбұрышты іші боялған, боялмаған түрде салу үшін, осы аспапты шерткен соң, саймандар тақтасының төменгі жағында шыққан режимнен қажеттісін таңдаймыз.

Түзу сызық салу

Сызық аспабын таңдаймыз. Жұмыс алаңында курсорды тышқанның көмегімен жылжыта отырып сзықты саламыз. Сызық салуды тоқтату қажет болса, тышқанның батырмасын босатамыз, ал ары қарай қайтадан сызу қажет болса, батырманы тағы бір рет басамыз да ары қарай жылжыта береміз. Сызықтың енін саймандар тақтасының төменгі жағындағы менюден таңдаймыз.

Қылқаламмен сурет салу

Қылқалам аспабын таңдаймыз. Саймандар тақтасының төменгі жағында пайда болған менюден қажетті сызықтың түрін және түстер палитрасынан түсті таңдаған соң, жұмыс алаңында қылқаламды тышқанның көмегімен жылжыта отырып, қажетті суретті саламыз.

Бүріткішті пайдалану

Бүріткіш сайманы аэрограф сияқты жұмыс жасайды. Саймандар тақтасында осы аспапты және дақтардың өлшемінің ішінен керектісін, одан кейін қажетті түсті таңдап, тышқанның көмегімен жылжытып шерту арқылы бояймыз.

Эллипс немесе доға салу

Эллипс аспабын таңдап,жұмыс алаңында тышқанды жылжыта отырып, шеңбер және эллипс салуға болады. Егер шеңберді бұлай салу қиын болса, салу кезінде Shift пернесін басулы күйде ұстап тұру керек.

Геометриялық фигураларды салу кезінде мынадай екі жағдайға баса назар аудару керек. Біріншіден, сызықтың қалыңдығы Сызық аспабымен соңғы рет жұмыс жасағанда таңдалған қалыпта болады. Егер басқа қалыңдықтағы сызықпен салу қажет болса, Сызық аспабын, одан кейін сызық түрін таңдаған соң Эллипске ораламыз. Екіншіден, сызықтыңтүрін өз қалауымызша таңдап алуға болады.

Қисық сызық салу

Кез келген қисық сызық салу үшін саймандар тақтасында Қисық сызық батырмасын шертеміз. Саймандар тақтасының төменгі жағындағы сызықтар жиынтығынан қажетті қалыңдықты таңдап аламыз. Жұмыс алаңының қисық болатын орнына курсорды орналастырып, тышқанның батырмасын басулы күйінде қисық аяқталатын нүктеге дейін жеткіземіз де, батырманы босатамыз. Қажетті бөлікке курсорды орналастырып, сызылған сызықты тышқанмен жылжыта отырып майыстырамыз. Майыстыру әрекеті тек екі рет орындалады. Кез келген артық суретті өшіргіш аспабын таңдап алып, өшіретін аймақта тышқанды жылжыта отырып өшіруге болады.

Ішін бояу аспабы

Кез келген артық суретті өшіргіш аспабын тышқанмен таңдап алып, өшіретін аймақта тышқанмен жылжыта отырып өшіруге болады. Бұл графикалық редактордың ең қарапайым әрі жиі қолданылатынаспабтарының бірі. Таңдалған түспен тұйық фигураның ішін бояйды. Түсті және осы аспапты таңдап алған соң, аспапты тұйық фигураның ішіне орналастырып тышқанды шерту арқылы орындалады. Егер, бояу кезінде фигура қабырғаларында тесік болса немесе аспап фигураның сыртында қалып қалса, сол фигураның сыртындағы кеңістік боялады, ал ондай фигура болмаса жұмыс алаңы тұтас боялады.

Масштаб аспабы

Бұл аспап жұмыс алаңындағы суреттің масштабын 200%,  400%,  600%,  800% -ке үлкейту мүмкіндігін береді.Аспапты таңдап алғаннан кейін, саймандар тақтасының төменгі жағында пайда болған тізімнің қажеттісінде тышқанды шерту жеткілікті. Сондай-ақ осы әрекетті Түр – Масштаб – Таңдау командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде қажетті өрісті белгілеу арқылы да іске асыруға болады. Суреттің масштабын үлкейту арқылы көзге көрінбей тұрған кейбір үзік сызықтарды көруге болады.
3.1. Геометриялық фигуралар
Paint редакторында тіктөртбұрыштар, элипстер және көпбұрышты тұйық сызық сызатын арнайы саспаптар бар. Барлық фигуралардың контуры берілген қалыңдықтағы негізгі түстегі сызықтармен салынады. Фигуралардың іші бос болуы мүмкін, немесе белгілі бір түспен бояуға да болады. Бояу түсң фондық түске сай келуі тиіс. Аспаптар тақтасында түрлеріне сәйкес бейне сызуға мүмкіндік беретін мынадай белгілер орналасқан:

  • іші бос тіктөрбұрыштар;

  • іші боялған тіктөртбұрыштар,

  • қырлары жұмырланған іші бос тіктөртбұрыштар;

  • қырлары жұмырланған іші боялған тіктөртбұрыштар;

  • іші бос эллипс;

  • іші боялған эллипс;

  • іші боя көпбұрыш;

  • іші боялған көпбұрыш.

Ең соңғы екі фигурадан басқасы жалпы үлгі бойынша салынады. Мысалы, іші бос тіктөртбұрышты салу үшін:

  • қажетті негізгі түсті, сызықтың қалыңдығы тағайындау керек;

  • аспаптардан іші бос тіктөртбұрышты таңдау керек;

  • курсорды бастапқы нүктеге апару қажет (әдетте бұл тіктөртбұрыштың сол жақ жоғарғы бұрышы);

  • тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып, өзімізге қажет пішіндегі тіктөртбұрыштың мөлшерінің контурын тағайындай керек;

  • батырманы босату керек.

Көпбұрыштар басқа жолмен салынады. Олардың түстерін, сызықтарының қалыңдығы мен аспапты тағайындаған соң, белгісін таңдап алып төмендегілерді орындау керек:

  • курсормен салынатын көпбұрыштың бір төбесін белгілеп алып, оның алғашқы қабырғасын түзу сызық сызғандай етіп салу;

  • курсорды көпбұрыштың барлық төбелерін орын ауыстырып және оның әрқайсысында тышқанды бір рет шерту керек (әр шертуден соң, соңғы төбе алдыңғы төбемен қосылатын болады);

  • курсор соңғы төбеге жеткенде, тышқанды екі рет шерту керек, сонда соңғы төбе бірінші төбемен қосылады.


3.2. Сызықтар мен доғалар
Paint редакторы аспаптарының көмегімен белгілі бір қалыңдықпен берілген түзу сызықтар мен доғалдарды сызуға болады.

Негізгі түспен түзі сызық үшін мынадай әрекеттер орындалады:

  • сызықтың қалыңдығын тағайындау және Түзу сызық аспабын таңдау;

  • курсорды бастапқы нүктеге апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басу;

  • батырманы басулы күйінде ұстап тұрып, курсорды сызықтың соңғы нүктесіне ауыстыру;

  • батырманы босату.

Осылардың нәтижесінде экран бетінде негізгі түспен сызылған түзу сызық пайда болады.

Егер тік немесе көлденең сызықтарды сызғыңыз келсе, онда сызу кездерінде сол жақ батырмамен бірге Shift пернесін басыңыз.

Доға сызу үшін аздап машықтану керек. Алдымен сызық қалыңдығын тағайындап, Доға сызатын аспапты таңдаңыз. Сонан кейін мына әрекеттерді орындау қажет:

  • жоғарыда айтылғандай түзу сызық жүргізу (түзу сызықтың соңғы нүктелері салынатын доғаның шеттерімен дәл келуі тиіс);

  • түзудің ортасындағы белгілі бір нүктеге курсорды жеткізіп, тышқанның сол жақ батырмасын басып оны басулы күйінде ұстап жібермей, курсорды доғаның контуры ойыңыздағыдай болғанша көлденең бағытта орын ауыстыру керек;

  • батырманы босату керек.

Экран бетінде берілген қалыңдықта негізгі түспен сызылған доға пайда болады. Егер доға ойдағыдай болып шықпаса, онда бірнеше рет қайталап бірінші салынған доғаңызды өзгертуге тырысыңыз.
4. Мәтін енгізу
Әріптер мен цифрларды, сондай-ақ арнайы символдар бейнесін Paint ортасында Қылқалам мен Біліктің көмегімен әркім өзі-ақ қолмен салуы мүмкін. Бірақ бұл біраз еңбектенуді талап ететін іс, сондықтан редакторда суреттік бейнелер көрінісіне мәтіндік фрагменттер қосу тәсілі енгізілген. Ол үшін Мәтін аспабы қолданылады.

Мәтін теру кезінде курсор пішіні қарапайым редакторлардағы сияқты енгізу курсорына ұқсас түрге айналады. Енгізу курсорын сіздер кездестірдіңіздер. Мәтін енгізуді бастау курсорды суреттің белгілі бір нүктесіне апарып, тышқанды шерту арқылы іске асад. Сол сәтте экранға жыпылықтап тұратын енгізу курсоры шығады да, ол мәтін фрагментін енгізуді бастауға болатынын білдіреді. Мәтін негізгі түспен енгізіледі, енгізу барысында әдеттегідей BackSpace, Delete пернелерінің көмегімен символдарды жоюға болады. Жаңа жолға өту үшін Enter пернесін басу керек. Мәтіндік информацияны енгізуді тоқтату кез келген сәтте тышқанды бос кеңістікте шерту арқылы орындалады.

Егер енгізіліп жатқан мәтіннің қарпін, оның өлшемдерін, стилін өзгерткіңіз келсе, енгізу режимін тоқтатпай-ақ (тышқанды шерткенге дейін) менюдің Мәтін командасы арқылы өңдеп - түзетуге болады. Мәтін менюінің ішкі командаларын таңдау арқылы қаріпті көлбеу етуге, қарайтып жазуға, астын сызуға немесе түрлі түсті етуге де болады. Мәтін → Қаріптер ... командасын таңдау арқылы сұқбат терезесінде Windows жүйесінің қаріптерінің кез келгенін таңдай аласыз, сондай-ақ оның мөлшері мен стилін де тағайындай аласыз. Енгізу барысында негізгі түсті өзгертуге де болады (сол сәтте экрандағы таңбалар түсі өзгеруі тиіс).

Мәтіндегі барлық өзгертулер тек енгізу режимінде орындалатынын есте сақтаңыздар. Тышқанды шертіп режимді аяқтасақ, мәтін суреттік объектіге айналып кетеді!

Жазба аспабы

Бұл аспап графикалық редакторда мәтін енгізу үшін қолданылады. Осы батырмада тышқанды шерткенненкейін қосу таңбасына айналған курсорды жылжыта отырып, тік төртбұрыш сызамыз. Тік төртбұрыштың ішінде тышқанды шерткен соң, оған мәтін енгізуге болады. Мұнда Windows жүйесінде тағайындалған барлық қаріптерді қолдану мүмкіндігі бар. Жазба аспабын таңдағаннан кейін экранда автоматты түрде Қаріптер саймандар тақтасы пайда болады. Егер бұл тақта шықпаса Түр командасының Мәтін атрибуттарының тақтасы бөлімін таңдаймыз. Бұл саймандар тақтасында қаріп түрін, көлемін, сызылымын белгілей аламыз.



2-сурет. Қаріптер саймандар тақтасы
5. Аймақтардың ішін бояу (Заливка)
Paint редакторы тұйық сызықтар ішін негізгі түспен бояуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Білік (валик) аспабын таңдап белгілеп алып, курсор кішкене білік түрін айналғанда, оны тұйықталған аймақтың кез келген ішкі нүктесіне алып барып, тышқанды шертсе болғаны. Сонда тұйық аймақ түгедей негізгі түске бояла бастайды.

Тұйық аймақты бояу барысында оның қабырғаларының үзік жері болмауын қадағалап отырыңыз. Тіпті бір нүкте (пиксель) сиятын үзілген жердің болуы бояудың аймақтан тыс таралып кетуіне себепші болады.

Негізгі және фондық түстерді палитрадан таңдау

Сурет салу кезінде екі түспен жұмыс жасаймыз. Бірі негізгі, екіншісі фондық түс. Бұл екі түсті де ккез келген уақытта өзгертуге болады. Егер екі түс бірдей болып қалса сурет салынғанымен экранда ешнәрсе көрінбейді. Негізгі және фондық түстердің қандай екенін палитра тақтасында орналасқан екі квадраттардың түсіне қарапажырата аламыз. Квадрвттврдың үстіндегісі негізгі, астындағысы фондық түс болып саналады.

Бұл аспапты “сорғыш – тамызғыш” деп айтуға да болады. Өйткені осы аспапты таңдағаннан кейін салынулы тұрған суреттегі түстің көшірмесін ”сорып алып” басқа суретті дәл сондай түске бояу мүмкіндігін береді.

Көпбұрыштар салу

Бұл аспап көпбұрыштар сызу үшін қолданылады. Осы батырманы шерткеннен кейін көпбұрыштың үш түрлі үлгісінен біреуін таңдаймыз(боялмаған, шекарасы сызылып боялған немесе шекарасы сызылмай боялғанконтур). Бірінші қабырғасы басталатын нүктеге тышқан көрсеткішін орналастырамыз. Көпбұрыштың бірінші қабырғасы аяқталған орынға көрсеткішті жылжытып апарып, батырманы босатамыз. Осы әрекетті көпбұрыш сызылып болғанша қайталаймыз. Көпбұрыш сызылып болған соң тышқанды екі рет шертеміз.
6. Қолданылатын аспаптар
Paint аспаптарын іс жүзінде игеруге кіріспес бұрын ескертетін бір жайт - редакторда жұмыс істеу барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар (бұл әрекет барлық программаларда кездеседі). Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылады. Оны іске асыру үшін менюдегі Түзету Өзгерту {Ctrl+Z} (Редактирование Отменить) командасын таңдау керек.

Аспаптар тақтасы қарапайым суретшінің аспаптарының жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мұндай аспапты таңдаған соң, «тышқанның» стндартты курсоры Қылқаламға айналады, Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) курсорды экран бетімен жылжытсаңыз курсор артында із қалдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады.

Мұнан төмен орналасқан аспап - Аэрозольді баллон немесе Шашыратқыш. Оны таңдап алғаннан кейін тышқан курсоры қосу символына ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жақ батырманы басып тұрып курсорды экран бетімен, оның артында шашыраған бояуға ұқсас із қалады.

Тақта құрамында екі түрлі өшіргіш (ластик) бар, олрдың қарапайым өшіргіштен басты айырмашылығы - білгілі бір түспен өшіреді. Бірінші ластик барлық кескіндерді фондық түспен өшіруге арналған. Ал екінші өшіргіш негзгі түспен боялып салынған барлық фрагменттерді ғана фондық түске айналдыра отырып өшіреді.

Бірінші өшіргіш арқылы кейіннен керекті фондық түсті таңдап алып, экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы тәсілді пайдалану кезінде тышқанды екі рет шертсек, онда курсор маңы бірден фондық түске боялады.

Екінші түрдегі өшіргіш арқылы өзімізге қажет негізгі және ондық түстерді тағайындаған соң, өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен екі рет шерту суреттегі курсор маңндағы бір түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгертуге мүмкіндік береді (яғни, дәл осы уақытқа дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді).
7. Фрагменттермен жұмыс істеу
Көбінесе салынып біткен сурет бөліктерін, яғни оның фрагментін пайдалана отырып басқа суреттік бейнелерді салуға тура келеді. Paint редакторында сондай фрагменттерді ерекшелеп алып, басқа орынға ауыстыруға мүмкіндік беретін де аспаптар бар, ол фрагменттер уақытша алмастыру буферіне орналастырылып, басқа суретке бірнеше рет қойылуы мүмкін.

Аспаптар тақтасын фрагменттерді ерекшелеуге арналған Тіктөртбұрышты және Фигуралы қайшылар бар.

Тіктөртбұрышты қайшы арқылы фрагментті ерекшелеу экранда тіктөртбұрыш салу әдісін еске түсіреді. Ал, фигуралы қайшы көмегімен ерекшелеу Қылқаламмен жұмыс істеу сияқты орындалады (ерекшеленетін аумақты қисық тұйық сызықпен қоршап шығу).

Ерекшеленген фрагмент экранда пунктирлі сызықпен қоршалып тұрады. Ол фрагментті басқа орынға ауыстыру үшін:

  • курсорды ерекшеленген фрагменттің кез келген ішкі нүктесіне апарып, тышқан батырмасын басыңыз;

  • батырманы басулы күйінде ұстап тұрып, фрагментті басқа орынға ауыстырыңыз;

  • батырманы босатыңыз.

Фрагменттің алдыңғы тұрған жері жойылып, фондық түске боялады.

Жаңа орында фрагменттің тек көшірмесін алу үшін (мұнда фрагмент бұрынғы орында да қалатынын ескерте кетейік) жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер сол күйінде орындалып, тек «тышқан» батырмасы басылған сәтте онымен бірге Ctrl пернесі де басылуы тиіс. Windows жүйесінің басқа программаларында да көшірме алу осылай орындалатыны естеріңізде болар.

Егер фрагментті ауыстыру кезінде тышқан батырмасымен бірге Shift пернесі қатар басылатын болса, онда экран бетінде фрагменттің орын ауыстырып жылжыған ізі көрініп тұрады.

Ерекшеленген фрагмент менюдің Түзету (Правка) командасының ішкі мүмкіндіктеріне сәйкес алмастыру буферіне ауыстырылуы немесе қиылып алынуы мүмкін. Бұдан кейін сол менюдегі Кірістіру (Вставить) командасын орындауға болады, ол буферге орналастырылған фрагментті экранның сол жақ жоғарғы бұрышына шығарып көрсетеді. Онымен кез келген буфердегі фрагмент сияқты бұған дейін қарастырылып өткен барлық ірекеттерді орындауға болады.

Фрагмент жаңа орынға ауыстырылған соң да, оның ерекшеленуі алынбайды, яғни ол буферде қала береді. Бұл өз кезегінде сол ерекшеленген фрагменттің бірнеше көшірмесін (оны көбейте отырып) алуға мүмкіндік береді.

Ерекшеленген фрагмент жаңа орынға орналасқаннан кейін, онымен мынадай түрлендіру жұмыстарын атқаруға болады:

  • Түрлендіру → Көлденеңінен бұрау (Преобразования → Повернуть по Горизонтали) командасы арқылы орындалатын фрагментті көлденең бұрау;

  • Түрлендіру → Тігінен бұрау (команда Преобразования → Повернуть по Вертикали) командасы арқылы орындалатын фрагментті тігінен бұрау;

  • Түрлендіру → Инверсиялау (Преобразования → Инвертировать) командасы арқылы орындалатын фрагментті барлық түстерді қарама-қарсы (инверсиялық) түстерге ауыстыру.

Ерекшеленген фрагмент үшін бұдан өзге оның масштабы өзгертілген көшірмесін (Түрлендіру → Қысу+Созу командасы) немесе көлбеу бағытқа келтіріліп қисайтылған көшірмесін (Түрлендіру → Қисайту командасы) де алуға болады.

Атрибуттар

Paint редакторын алғашқы жүктеу кезінде, үнсіз келісім бойынша, сурет салынатын терезенің параметрлері тағайындалады:

  • оның мөлшері (биіктігі мен ені);

  • қолданылатын түстер (ақ-қара немесе түрлі түсті).

Жаңа сурет салмастан бұрын осы параметрлерді өзгертуге болады. Ол үшін Сурет → Атрибуттар... (Рисунок Атрибуты...) командасын таңдап, экранға шығатын сұқбаттасу терезесіне қажетті атрибуттарды - мүмкін параметрлерді тағайындау керек. Сол терезеде өлшеу бірліктерін де тағайындап алуға болады (әдетте пиксель қолданылады).

Атрибуттарын өзгерткен соң, экран бетіне сурет салынатын жаңа өлшемді бос терезе пайда болады. Егер де сурет салу үшін ақ-қара палитра тағайындалған болса, онда палитрада қара, сұр және ақ түстердің көрінісі шығады.
8. Микроскоп режимі
Суреттері, сыбаларды немесе схемаларды даярлау барысында оларда ешқандай «қоқырсықтың» - артық нүктелердің болмағаны жөн. Суретте басқа түске боялған бір нүктенің болуы одан алған әсеріңізді жоқ етеді.

Сурет салудың әдеттегі режимінде белгілі бір нүктеге курсормен дәл түсу оңай емес. Ол үшін көптеген редакторларды «Микроскоп режимі» деп аталатын сурет салудың арнайы режимі қолданылады. Мұндай режимде әр нүктенің мөлшері (масштабы) бірнеше есе өседі, оның есесіне жалпы сурет бейнесін көру пропорционалды түрде нашарлай түседі. Өйткені экранға суреттің тек белгілі бір бөлігі ғана сиып тұрады, бірақ бұл режимде қажетті нүктеге дәл түсу көп еңбекті талап етпейді.

Paint редакторына Микроскоп режимін орнату үшін менюден Қарап шығу → Жақындаты {Ctrl+G} (Просмотр → Приблизить) командасын таңдау керек. Бұдан кейін курсор сурет ішінде орын ауыстыруға болатын тіктөртбұрышты кішкентай жақтау пішіндес болады. Бұл төртбұрышты контурға суреттің кейіннен үлкейтілетін бөлігі ғана орналасады. Суреттің қажетті бөлігін таңдап алып, тышқанды шерту арқылы экран бетінен сіз оның бірнеше есе үлкейтілген бейнесін көре аласыз (кейбір графиктік редакторлар масштабы өзгертуге мүмкіндік береді). Сол жақ жоғарғы бұрышта бейненің табиғи шамасына сәйкес үлкейтілген суреті көрінеді, онда да суретті салу процесін қадағалауға болады.

Paint редакторының Микроскоп режимінде тек екі аспап қана қолданылады: қылқалам және Білік.

Қылқалам жоғарыда сипатталған түрде жұмыс істейді, яғни суретті екі түспен - негізгі түсті сол жақ батырмамен, ал фондық түсті оң жақ батырманы салуға мүмкіндік береді.

Білік те бұрынғыша жұмыс істейді, тек оның бір өзгешелігі - тұйықталған аумақтың көрініп тұрған бөлігі ғана боялады.

Ал, қалған аспаптарды Микроскоп режимінде пайдалануға болмайды.

Үлкейтілген аумақтың оң және төменгі шеттерінде пайда болатын жылжу сызғыштарының (линейка прокрутки) көмегімен суреттің кез келген бөлігін үлкейтілген түрде қарап шығуға болады.

Әдеттегі жұмыс режимінде қайта оралу үшін, Қарап шығу → Ығыстыру {Ctrl+О} (Просмотр → Отодвинуть) командасын таңдау керек.
9.Салынған суретпен жұмыс істеу
Paint редакторында салынған суреттің кез келген бөлігін немесе тұтас суреттің өзін қиып, көшіріп буферге алуға, осв программаның өзінде немесе Windows жүйесінде жұмыс жасайтын программаға, жұмыс үстеліне енгізу т.б. мүмкіндіктер бар. Суретті түтас ерекщелендіру үшін Түзету – Бәрін ерекшелендіру командасын орындаймыз. Ал сурет кез келген бөлігін тік төртбұрыш және қисық түрінде белгілеп ерекшелеуге болады.

Бүл батырманы шерткеннен кейінқосу таңбасына айналған белгіні тышқанның көмегімен жылжыта отырып, суреттің төртбұрышты аймағын ерекшелейміз.

Осы батырмада тышқанды шертіп, белгіні суреттің қажетті бөлігінде жылжыта отырып, қисық тұйық сызықпен қоршатған аудан түрінде ерекшелейміз.

Курсорды ерекшеленген аймақтың ішіне орналастырып, тышқан батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып, жұмыс алаңындаоның орнын ауыстыруға болады. Орнын ауыстыру кезінде Shift батырмасын басулы күйінде ұстап тұрсақ, сурет өзінен кейін із қалдырып отырады.

Ерекшелендіруді алып тастау үшін одан тыс аймақта тышқанды шерту жеткілікті.

Осы әрекеттерді орындай отырып, ерекшелеп алғаннан кейін оны буферге қиып және кішірейтуге болады. Ол үшін сәйкес Түзету – Қиып алу немесе Түзету – Көшірукомандаларынаң бірін орындаймыз. Қиып алу кезінде сурет орнында қалмай, буферге алыныды. Ал, көшіру кезіндесуреттің көшірмесі буферге алынады да, сурет орнында қалады. Буферге алынған суретті Түзету – Кірістіру командасын орындау арқылы енгіземіз. Сонда сурет жұмыс алаңының сол жақ жоғары шетіне кірістіріледі, егер ол орында бұрыннан сурет тұрған болса, сол суреттің үстіне орналастырылады. Суретті қажетті орынға тасымалдау арқылы орналастырамыз.

Объектінің бірнеше көшірме сін орналастеру үшін Ctrl пернесін ол тасымалданып болғанға дейін босатпай ұстап тұрамыз. Осы әрекетті бірнеше рет қайталауға да болады. Салынған суреттермен Сурет менюіндегі командалар арқылы басқа да жұмыстар жасауға болады. Ерекшелендіріп алынған суретті берілген бұрышқа бөлу, айнадан шығарылған бейне ретінде көрсету, созу, қысу (горизонталь, вертикаль бойынша), иілдіру әрекеттерін орындау мүмкіндіктері бар. Егер осы командалар жұмыс алаңындағы объектілер ерекшеленбеген күйінде орындалса, барлық объектілерге бірдей әсер етеді.

Сурет – Атрибуттар командасын орындай отырып, суреттің экранда алып тұрған жұмыс алаңының мөлшерін өзгіртуге болмайды. Жұмыс алаңының мөлшері дюйм, сантиметр, нүкте арқылы өлшенеді. Егер жұмыс жасап отырған компютердің графикалық мүмкіндігі белгілі болса, салынған суреттің экранның қандай бөлігін алып тұрғанын анықтауға болады. Ашылған терезеде сан мәндерін өзгерте отырып, суретті үлкейтуге немесе кішірейтуге болады.



3-сурет. Атрибуттар сұхбат терезесі

10. Бейнелерді дискіге жазу және оқу
Графиктік бейнелерді дискіден оқу және жазу басқа программалардағыдай Сіздерге таныс тәсілмен жүргізіледі.

Дискіге бұрын жазылған суретті жұмыс аумағына жүктеу (оқу) үшін, Файл → Ашу... (Файл Открыть...) командасын таңдау қажет. Стандартты сұқбаттасу терезесінде файлдың кеңейтілуі көрсетіледі, керекті каталог пен ондағы қажет файл анықталады.

Paint редакторы бірнеше графиктік форматтармен жұмыс істейді, олардың ішіндегі негізгісі болып ВМР форматы саналады.

Салынған суретті дискіге жаңа атпен жазып сақтау үшін, «... деп сақтау» (Сохранить как ...) командасын таңдау керек. Стандартты сұқбат терезесінде сол файлдың форматы, аты беріледі, сондай-ақ файлды жазатын каталог таңдап алынады. ВМР форматындағы файлдардың бірнеше түрлері бар екенін айта кеткен жөн, олар сақталатын түстерінің санымен - монохромды, 16 түсті, 256 түсті, 24 биттік растрлық формат болып ажыратылады.

Егер сурет салынған файл дискіде сақталынған болса, онда оны кез келген сәтте дискіден оқып, оны аздап түзетіп, қайтадан сол атымен бұрынғы орнына жазып қоя аламыз. Ол үшін Файл → Сақтау {Ctrl+S} (Файл Сохранить) командасы пайдаланылады. Суреттерге өзгертулер енгізіп, оларды толықтыру кездерінде үнемі осы команданы пайдалана отырып дискіде сақтау ұсынылады.

11. Суреттерді баспаға шығару
Paint редакторында графиктік бейнелерді принтердің көмегімен қағазға басып шығару Word Pad редакторында мәтіндерді басып шығару әдісіне өте ұқсас. Бұрын айтылғандай, қажетті принтер типін таңдап алып, қағаз беттерінің параметрлерін тағайындап, сапасын Файл → Бет макеті... (Файл → Макет страницы) командасы арқылы баптаған соң, оны қағазға шығаруға болады. Ол үшін Файл → Принтер таңдау... (Файл → Выбрать Принтер) командасын орындау керек.

Жұмыс аумағында тұрған суретті бірден басып шығару Файл → Баспа (Файл → Печать) командасымен жүргізіледі. Сұқбаттасу терезесінде графиктік бейнені басып шығару сапасын беруге болады (Алғашқы нұсқа (Черновик) - сапасы төмен болғанмен, тез басып шығаруға арналған, ал таза нұқса (Чистовик) - өте сапалы, бірақ баяу басып шығарады).

Терезе тобында Бөліктеу ауыстырып қосқышын (переключатель Частично) пайдалану арқылы суретті толық күйде емес, тек оның ерекшеленген фрагментін ғана басып шығару мүмкіндігі де бар. Сол терезедегі Принтердің рұқсатын пайдалану (Использовать Разрешение Принтера) деген тексеру жалаушысының әрекеті принтердің нақты моделіне байланысты. Одан басқа параметрлерді сипаттап жатудың қажеті шамалы. Тек бір айта кететін жәйт, масштабты өзгерткенде сақ болған жөн, өйткені ол әдетте басылуға тиіс бейненің сапасын төмендетіп жібереді.

12. Графикалық редакторда дайындалған суретті Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде қолдану
Жұмыс үстелінің барлық фондық суреттері Windows бумасында сақталған. Осы буманы ашып, жүйеде қолданылатын дайын суреттер тізіміне қажетті сурет салынған файлды көшіріп жазып қоямыз. Бас менюді ашып, Баптау – Басқару тақталары – Экран командасын орындағанда ашылған терезенің фон астарлы бетіндегі суреттер тізімінде осы сурет жазылған файл тұру керек.
Paint графикалық редакторында орындалған жұмыс


4-сурет.
Саймандар тақтасының элементтерін қолданып Paint графикалық редакторында салынған сурет.

-белгісін пайдаланып, дайын суреттерді түрлендіріп өзгерту.


5-сурет.

Қорытынды

Қорыта келе қазіргі заманға сай ақпараттық техналогиялардың дамуының тағы бір үлгілері ретінде Paint графикалық редакторы программасының маңызы зор екенін айта кету орынды. Нарықтық бәсеке дәуірінде жарнаманың орны ерекше.

Paint графикалық редакторы Microsoft Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалар құрамында болғандықтан, оны кез-келген компьютерден табуға болады. Paint графикалық редакторы әртүрлі объектілерді салу мүмкіндігін береді және оның түстермен жұмыс істеуге арналған бірқатар саймандары бар. Бұл редактор фондық негізгі түспен және үстінен бояйтын екі жай түспен жұмыс істейді.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Е. Балапанов, Б.Бөрібаев. Paint программасын пайдалану – Алматы, 2001..

2. Е. Балапанов, Б.Бөрібаев, Windows 95/98 операциялық жүйесі - Алматы,2001- 195 бет.

3. Информатикадан 30 сабақ


страница 1


скачать

Другие похожие работы:

Программа терезесі

Программа: 1 стр.





Документы

архив: 1 стр.