NetNado
  Найти на сайте:

Учащимся

Учителям



1 norton commander (NC) бағдарламамен жұмыс iстеу. Жалпы мағлұматтар


1 NORTON COMMANDER (NC) БАҒДАРЛАМАМЕН ЖҰМЫС IСТЕУ.

1.1.Жалпы мағлұматтар
Norton commander (NC) бағдарламасы Peter Norton фирмасымен жасалған және DOS операциялық жүйесiмен жұмыс iстеу үшiн көп қолданылатын бағдарламалардың бiрi болып табылады. NC көптеген функцияларды орындауға мүмкiндiк бередi, соның iшiнде:

  • дискiлердегi каталогтар мазмұнын көрнектi түрде көрсетуi тиiс;

  • дискiдегi каталогтар бұтағын көрсетедi, ол осы бұтақтағы керек каталогқа көшуге мүмкiндiк бередi, сондай-ақ каталогтар жасайды, атын өзгертедi және жояды;

  • тексттiк файлдарды, түрлi мәтiн редакторлар көмегiмен жасалған құжаттарды, архивтiк файлдарды, графикалық файлдарды, берiлгендер базаларын және кестелiк процессорлардың кестелерiн қарауға мүмкiндiк бередi;

  • мәтiндiк файлды түзету;

  • DOS-тың кез-келген командасын орындайды;

  • батырманы бiр басқаннан файлдың әрбiр түрiне арналған стандартты әрекеттер орындау, тағы басқалар.


1.1.1. Norton Commander бағдарламасынан

шығу және оны iске қосу
Norton Commander бағдарламасын қосу үшiн командалық жолда NC сөзiн терiп, {Enter} пернесiн басу керек.

Norton Commander iске қосылған соң экранның жоғарғы жағында қос жиекпен шектелген екi төрт бүрышты терезе пайда болады. Терезелердiң астында әдетте DOS шақыру қатары болады. Оның астында Norton Commander функционалдық пернелерiнiң қызметiн көрсететiн қатар болады. (4-сурет)

Norton Commander бағдарламасынан шыңу үшiн F10 пернесiн басу керек. Экран ортасында сiздiң Norton Commander бағдарламасынан шыққыңыз келетiнiн қайта сұрайды. Шығу үшiн Enter немесе Y таңбасын басасыз. Шыққыңыз келмесе Esc немесе N таңбасын басасыз.

1.1.2. Көмек алу
Norton Commander бағдарламасынан жұмыс кезiнде көмек алу үшiн F1 пернесiн басасыз. Егер сiз қарап шығу режимiнде немесе файлдарды редакциялау режимiнде болсаңыз, онда экранда пернелердiң қызметi туралы анықтама шығады. Басқа жағдайларда экранға меню пунктiнде көрсетiлген және сонда жұмыс режимi жөнiнде қосымша мәлiметтер шығады.
1.2. NC терезелерiн басқару
{Ctrl} + {0} - экраннан екi терезенi алып тастау\қайтару;

{Ctrl} + {P} - жұмыс iстемей тұрған қосалқы терезенi алып тастау\қайтару. Егер курсор белгiлi бiр терезеде тұрса, ол терезе жұмыс iстеп тұрғаны деген сөз.

{Ctrl} + {U} - терезелердiң орындарын ауыстыру;

{Ctrl} + {F1} - сол жақ терезенi алып тастау\қайтару;

{Ctrl} + {F2} - оң жає терезенi алып тастау\қайтару;

{Ctrl} + {B} - NC төменгi менюдi алып тастау\қайтару;

{Ctrl} + {L} - ақпараттық терезенi енгiздiру;

{Ctrl} + {Q} - бiрнеше файлдардың мазмұнын тез қарап шығу;

{Ctrl} + {E} - алдыңғы команданы командалық қатарға шығару;

{Ctrl} + {Enter} - файл атауын командалық қатарға ауыстыру;

{Alt} + {F10} - каталогтар бұтағын экранға шығару;

{Alt} + {F7} - атауы бойынша файлды тез iздестiру.
1.2.1. Дискiлердi таңдау
Бiр дискiден екiншi дискiге ауысу үшiн келесi пернелердi басу керек:

{Alt} + {F1} - сол жақ терезеде дискiлер тiзiмiн шығару;

{Alt} + {F2} - оң жақ терезеде дискiлер тiзiмiн шығару;

Дискiлер тiзiмiн шығарған соң курсорды керектi дискетаға қойып Enter пернесiн басу керек.
1.2.2. Ақпараттық терезе
{Ctrl} + {L} пернелерiн басқанда көршi терезеде диск туралы толық мәлiмет шығарады.

1.3. Norton Commander (NC) бағдарламасының төменгi менюi.
Экранның төменгi қатарына функционалдық пернелердiң қызметiн көрсету жолы жазылады.
F1 Help NC-пен жұмыс кезiндегi қысқа ақпарат .

F2 Menu пайдаланушы менюi .

F3 View файлды қарап шығу .

F4 Edit файлды редакциялау .

F5 Copy файлды көшiрiп алу .

F6 Ren 1.файлдың атын өзгерту

mov 2.файлды басқа каталогқа (көшiру) .

F7 MkDir каталогты жасау .

F8 Delete файлды немесе каталогты өшiру .

F9 Pull Dn .

F10 Quit Norton Commander бағдарламасынан шығу .
1.3.1. Каталогтармен және бағынышты каталогтармен жұмыс iстеу.
Каталогты жасау. Каталогты жасау үшiн F7 функционалдық пернесiн басу керек, пайда болған жиекте каталог атын жазып, Enter пернесiн басу керек.

Каталогқа кiру. Кiргiмiз келген каталог атауына курсорды қойып Enter пернесiн басу керек:

Каталогтан шығу (подкаталогтан) ј-Home басып (курсор бiрiншi қатарға қойылады), Enter пернесiн басу керек.

Бағынышты каталогты (подкаталог) жасау. Бұл үшiн негiзгi каталогқа кiру керек, содан F7 пернесiн басып бағынышты каталог атауын жазамыз да Enter пернесiн басамыз.

Каталогты жою. Жойылатын каталог атына курсорды қойып F8 пернесiн басып курсорды All сөзiне ауыстыру керек (каталогты барлық бағынышты каталогтармен бiрге жою) және Enter пернесiн басады.
1.4. Каталогтармен бағынышты каталогтарды жасау

және жою бойынша практикалық сабақ.
1) NC панелiнде де A: дискiсiн таңдау (Alt-F1, Alt-F2 пернелерiн басу)

2) Келесi үлгi бойынша каталогтар мен бағынышты каталогтарды жасау:



Каталогтар мен бағынышты каталогтарды жасаған соң экранға каталогтар бұтағын шығарамыз (Alt-F10 пернесiн басу).

3) F8 функционалдық пернелердi пайдаланып каталогтарды жою.

1.5. Файлдармен жұмыс iстеу

1.5.1. Файлдар тобын таңдау
Norton Commander файлдар мен каталогтардың тобын таңдауға мүмкiндiк бередi, оның үстiнен кейбiр әрекеттер iстеуге болады: көшiруге, басқа каталогқа немесе басқа дискке көшуге, жоюға және т.б. Таңдап алынған файлдар мен каталогтар әдетте сары түспен белгiленедi. Бөлектенген соң терезелердiң астында бөлiнген файлдардың ортағ мүлшерi және олардың өлшемi жөнiнде мөлiмет шығады.

Файлды таңдау. Керек файлды таңдау үшiн оның атауына курсор қойып және Insert пернесiн басу керек, осы кезде файл атауы басқа түспен бөлектенедi. Файл атауының бөлектенуiн кетiру үшiн Insert пернесiн қайта басу керек.

Файлдар тобын таңдау. Каталогта немесе бағынышты каталогта бар барлық файлдарды таңдау үшiн сандық блоктағы (оң жақта) + пернесiн басу керек. Содан, экранда ** шаблоны пайда болады, ал осы кездегi каталогтың барлық файлдарынан таңдауға мүмкiндiк бередi. Егер шаблонды *.txt етiп ауыстырып Enter бассақ, онда .txt кеңейтуi бар барлық файлдар шықады.

Файлдардың бөлiнуiн тоқтату үшiн сандық (блоктағы) клавиатурадағы - пернесiн басады және файл атауының шаблонын көрсетедi және Enter пернесiн басады.
1.5.2. Файлдарды қарап шығу (F3 пернесi)
Текстiк және графикалық файлдарды қарап шығуға болады. Оны төмендегiдей iске асырамыз:

1) қарағымыз келген файлға курсор қояды;

2) F3 пернесiн басу керек;

3) қаралатын файл бойынша жылжу үшiн курсорды басқару пернелерi қолданылады;

4) қарап шыққан соң Esc пернесiн басу керек.
1.5.3. Жаңа файл жасау (Shift + F4 пернесi)
1) Жаңа файл туатын каталогқа (бағынышты каталогқа кiру керек);

2) Shift пернесiн ұстап тұрып F4 пернесiн басу керек;

3) Пайда болңан терезеде файл атауын жазып Enter пернесiн басу керек;

4) Экранда мәтiндiк редактордың жұмыстықалаңы пайда болады, онда текстi теруге болады;

5) Текстi терген соң F2 пернесiн басу керек – мәтiндi сақтау;

6) Esc пернесiн басу керек - редактордан шығу.
1.5.4. Файлдар мен каталогтарды

көшiрiп басу (F5 пернесi)
Файлдарды көшiрiп басу үшiн керектi файлдар тобын бөлiп алып, екiншi панелге кiрiп каталогқа (бағынышты каталогқа) кiру керек, онда файлдар көшiрiлiп жазылады, содан кейiн F5 клавишi басылады, F5 басылған соң экран ортасында сұрау пайда болады. Көшiрiп басу кезiнде файл атауы өзгермесе, онда Enter пернесiн басу керек. Егер файлды жаңа атаумен көшiрiп басу керек болса, онда пайда болған сұрау жиегiнде файлдың жаңа атауын жазып Enter пернесiн басу керек. Каталогтарды көшiрiп басу. Егер F5 пернесiн басқанда таңдап алынған файлдар тобында қандай-да бiр каталог болса, онда NC осы каталогты және барлық соның iшiндегi файлдарды көшiрiп басады.
1.5.5. Файлдар мен каталогтардың атауын

өзгерту және бiр-бiрiне жiберу (F6 пернесi)
Файлдар мен каталогтардың атауын өзгерту.

1) Курсорды файлге немесе каталогға қою керек;

2) F6 пернесiн басу керек;

3) Пайда болған сұрауда жаңа атауды жазып Enter пернесiн басамыз.

Файлды басқа каталогқа апару (файлдар тобын немесе бағынышты каталогты).

1) Бiрiншi терезедегi каталогқа (бағынышты каталогқа) кiру керек, осыған файлдар апарылады.

2) Екiншi терезеде басқаға апарылатын файлдар (бағынышты каталогтар) F6 пернесiмен бөлiнедi, содан соң Enter пернесiн басу керек.
1.6. Жеке тапсырмамен өткен материалдарды

бекiту үшiн өзiндiк жұмыс
1) А: дискiсiнде F7 пернесiн қолданып көрсетiлген үлгi бойынша каталогтар мен бағынышты каталогтар жасау.

2) Shift + F4 пернелерiн қолданып бағынышты каталогтарда файлдар жасау.

3) Файлдарды көшiрiп және атауын өзгертiп басу.


страница 1


скачать

Другие похожие работы:





Microsoft Word текстік редакторы

Программа: 1 стр.

Программа терезесі

Программа: 1 стр.