NetNado
  Найти на сайте:

Учащимся

Учителям



Бекітемін аудандық білім бөлімінің бастығы Ж. Алданазарова


Бекітемін

аудандық білім бөлімінің бастығы

______________ Ж. Алданазарова

«___» ________________2010 жыл
Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында

ХІ аудандық Абай оқуларын өткізу

Ережесі
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өткізілетін Абай оқулары байқауының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- қазақ халқының ұлы перзенті Абай өлеңдерін жаттауды насихаттау;

- жасөспірімдерд ұлы дана мұрасын терең игеріп, танымдық мәнін меңгеруге талпындыру;

- Абай поэзиясына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

3. Байқауды өткізу кезеңдері:

1 кезең – мектепішілік – 13 -17 сәуір 2010 жыл

2 кезең – аудандық – 24 сәуір 2010 жыл

3 кезең – облыстық – 12 мамыр 2010 жыл
4. Байқауға қатысушылар:

Байқауға оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың және басқа оқу орындарының 5-11 сыныптарының оқушылары қатыса алады.

Мектепішілік байқауда бірінші орын алған оқушылар байқаудың аудандық кезеңіне қатыса алады. Әр мектеп ХІ аудандық Абай оқуларына бірінші орын алған 3 үміткер: Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа оқитын бір оқушы, Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындайтын бір оқушыны және өз шығармаларын орындайтын бір оқушыны ұсынады.

Аудандық Абай оқуларында бірінші орын алған оқушылар байқаудың облыстық кезеңіне қатыса алады. Облыстық Абай оқуларында бірінші орын алған оқушылар байқаудың республикалық кезеңіне қатыса алады.
5. Байқау шарттары:

Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі.

І Номинация – «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу байқауы. Қатынасушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін байқау басталғанға дейін ұсынуы қажет (Ұлылардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады).

ІІ Номинация – «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы.

ІІІ Номинация – «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер)
6. Байқау жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша грамоталармен марапатталады.

Номинациялар бойынша алты жүлделі орын: бір бірінші, екі екінші орын, үш үшінші орын белгіленеді.

7. Байқау талаптары:

1. Қатысушылар сөз мәнеріне, киім киісіне, жүріс-тұрысына назар аудару қажет

2. Қатысушылар жатқа айтатын өлеңдер, орындалатын ән мен күйлер, жеке өзінің туындылары тізімін өтініммен тапсырулары тиіс.

3. Байқауға қатысу өтінімі 20 сәуірге дейін Аудандық білім бөліміне тапсырылсын. Өтінім үлгісі төмендегідей:



Қатынасушының аты-жөні

Мектебі

Сыныбы

Номинация

Мұғалімнің аты-жөні

1
















Өткізілетін орны: Тайынша қ. №1 орта мектебі

Өткізілетін уақыты: 2010 жылдың 24 - сәуірі, сағат 10.00-де

Орындаған: Оразов Е.Ж.

22455


Утверждаю

Начальник отдела образования

______________ Ж. Алданазарова

«___» ________________2010 года
Правила

проведения ХІ районных Абайских чтений среди учащихся общеобразовательных учебных заведений
І. Цели и задачи

Реализация Законов Республики Казахстан «Об образовании» и «О языках в Республике Казахстан», воспитания любви к духовному наследию великого мыслителя Абая.

- пропаганда среди школьников района произведений Абая и Шакарима;

- развитие у школьников творческих способностей, эстетического чувства, эмоциональной культуры личности;

- воспитание любви к поэзии, духовному наследию Абая, формирование исторического мышления, устойчивой жизненной позиции, самосознания и мировоззрения, ориентированного на гуманизм, демократию и гражданственность.

ІІ. Проведения ХІ районных Абайских чтений

1 этап – внутришкольный 13-17 апреля 2010 г

2 этап – районный 24 апреля 2010 г

3 этап областной 12 мая 2010 г.

ІІІ. Участники ХІ районных Абайских чтений

2.1. В Х районных Абайских чтениях могут принимать участие учащиеся 5-11 классов государственных и негосударственных общеобразовательных школ, лицеев, гимназий и других учебных заведений независимо от языка обучения.

2.2. Участниками районного этапа становятся учащиеся, занявшие первые места на внутришкольных конкурсах.

2.3. Каждая школа выставляет на ХІ районные Абайские чтения по 3 кандидатуры: одного учащегося по чтению наизусть произведений Абая, Шакарима, одного участника по исполнению песен, кюев Абая, Шакарима и одного ученика по исполнению собственных произведений: стихотворений, песен, кюи.

3.4. Занявшие первые места на районных Абайских чтениях становятся участниками областного этапа.

3.5. Занявшие первые места на областных Абайских чтениях становятся участниками республиканского этапа.
ІҮ. Условия проведения ХІ районных Абайских чтений

ХІ районные Абайские чтения проводятся по трем номинациям:

І номинация – «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - конкурс чтецов по чтению произведений Абая и Шакарима. Участник подает список произведений, выученных наизусть до начала конкурса (предпочтение отдается тому, кто больше знает наизусть произведения гениев).

ІІ номинация – «Көңілім әнді ұғады» - конкурс исполнителей песен и кюев Абая и Шакарима.

ІІІ номинация – «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанды» - конкурс юных дарований (исполнение собственных произведений, песен, кюев).
Ү. Подведение итогов и награждение участников

ХІ районных Абайских чтений

4.1. Победители районных Абайских чтений по решению жюри награждаются грамотами.

4.2. По каждой номинации Абайских чтений устанавливаются шесть призовых мест: одно первое, два вторых и три третьих.

Заявку для участия в районных Абайских чтениях направить в районный отдел образования до 20 апреля 2010 года.



Ф.И. участника

Школа

Класс

Номинация

Ф.И.О. учителя




















Место проведения: СШ №1 г. Тайынша

Начало: 24 апреля 2010 года 10.00 ч.

Исполнил: Оразов Е.Ж.

22455

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданының білім бөлімі
Тайынша қ. № 111 2010 жыл 13 сәуір


Аудандық Абай оқуларын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын жүзеге асыру мақсатында және облыстық білім басқармасымен 2010 жылдың 6 сәуірінде бекітілген, педагог кадрлардың біліктігін арттыру және қайта даярлау институтының «Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында ХІ облыстық Абай оқуларын өткізу туралы» Ережесі негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. Бекітілген Ережеге сәйкес 2010 жылдың 24 сәуірінде ХІ аудандық Абай оқулары өткізілсін.

  2. Қатынасушылардың оқу шеберлігіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін, номинациялар бойынша келесі құрамда қазылар алқасы құрылсын:

І номинация

Қазезова Майра Рамазанқызы – Амандық ОМ

Болатова Гүлнар Торсанқызы – Тайынша қ. №5 ОМ

Омарова Ақбота Амантайқызы – Тайынша қ. №1 ОМ

ІІ номинация

Ысмағұлова Жансұлу Төбетқызы– Келлер ОМ

Боранбаев Жомарт Ақайұлы – Келлер ОМ

Қабдөшев Асқар Сапарұлы – Чкалов №1 ОМ

ІІІ номинация

Дүйсенова Айгүл Қабденқызы – Чермошнян ОМ

Габдуллина Гүлжан Хасенқызы – Қарағаш ОМ

Мукалыков Бексейіт Баймұқанұлы – Вишневка ОМ

  1. Мектеп директорлары мектепішілік Абай оқулары жеңімпаздарының аудандық кезеңге қатысуын бақыласын. (оқу қазақ тілінде жүргізілетін негізгі және орта мектептер конкурсқа қатысуға міндетті)

  2. Тайынша қаласы №1 орта мектебінің директоры Ахмедьярова Светлана Адиетовна ХІ аудандық Абай оқуларының ұйымдастырылған түрде өткізілуіне мүмкіндік жасасын.

  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім бөлімінің бас маманы Оразов Еркін Жаргөлбайұлына жүктелсін.


Бастық Ж. Алданазарова

страница 1


скачать

Другие похожие работы: