1. /prikazi-kaz.doc 2. /План по ЕНТ.doc 3. /по питанию/002--_~1.DOC 4. /по питанию/О запрете отдельн. видов продуктов питания (Постановление Главного гос. сан. врача).doc 5. /по питанию/мед реком по питанию.doc 6. /по питанию/приказ по питанию.doc | БҰйрық №251 а 2009 жыл 18 қыркүйек Ыстық тамақты ұйымдастыруға мектеп директорларының жеке жауапкершілігі туралы 2007 ж. 30. 04. №12 Қаулысы Мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында жекелеген тамақ өнімдерін сатуға тыйым салу туралы |
скачать doc
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының білім бөлімі» ММ
БҰЙРЫҚ
№251 а 2009 жыл 18 қыркүйек
Ыстық тамақты ұйымдастыруға мектеп директорларының жеке жауапкершілігі туралы
ҚРДСМ-нің 2003 жылғы 25 шілдедегі «Санитарлық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» №570 бұйрығы, «Жалпы білім беру мен интернаттық ұйымдарда оқыту жағдайының құрылымы және мазмұнына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» №2 01.015.03. 5 бөлім, 38,39 в. тармақтары негізінде ауданның жалпы білім беретін мектептерінде ыстық тамақ ұйымдастырылады.
Астан улану мен жұқпалы ауру бойынша эпидемиологиялық асқынудың алдын алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Мектеп директорлары
- жұртшылықты тамақтандыру қызметін;
- санитарлық жағдайын;
- мектеп асханасының, буфет ас блогының эстетикалық ресімделуіне;
- арнай бөлінеген автокөлікпен сәйкесті ыдыста тамақ тағамдарын жеткізу ережесін сақтауға;
- тамақ тағамдарының сапасы мен қауіпсіздігін куәлендіретін құжаттар болғанда (сәйкестік сертификаты, сапасы туралы куәлік);
- СанПин-нің №2 01.015.03. 5 бөлімі, 38, 2 тармақтарында көрсетілген тағамдарды мектепке дейінгі және мектептік тағамдар тізімінен шығарсын;
- қойма бөлмелерінен тамақ тағамдарына есеп жүргізудің дұрыстығына және тағам беру талаптарын құрастырудың жаңашылдығына;
- тамақты суық сумен жуу және дайындау технологиясы ережесін сақтау;
- шикізатты салу тығыздығына, дайын тамақ сапасын бақылауға бракераж журналын жүргізу;
- тамақ тағамдарын салуда картотеканың болуына және оны ас блогы жұмысшыларының орындау жүйелілігіне;
- дайын тамақты салу мен оның шығу дұрыстығына;
- тез бұзылатын тағамдарды сақтау жағдайларына және оны жүзеге асыру мерзіміне;
- бекітілген мәзір бойынша тамақты салуға жазылған дайын тамақ көлемінің сәйкестігіне;
- ас блогы құжаттарының және жұмысшылардың медициналық кітапшаларының болуына;
2. Ыстық тамақты ұйымдастыру жауапкершілігі мектеп директорларына жүктелсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Қ. Абдрахмановаға жүктелсін.
АББ-нің бастығы Ж. Алданазарова
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының білім бөлімі» ММ
БҰЙРЫҚ
№259 а 2009 жыл 4 қазан
ҰБТ - ға дайындық туралы
Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық аясында жұмыс үйлесімі мен оқыту сапасын бағалау үшін БҰЙЫРАМЫН:
ҰБТ – 2010 ұйымдастыру және өткізу бойынша қоса берілген іс-шаралар жоспары бекітілсін.
ҰБТ өткізу пунктінің жұмысы ширақ ұйымдастырылсын (ҰБТ ӨП).
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім бөлімі бастығының орынбасары С. Ахмедьяроваға жүктелсін.
АББ-нің бастығы Ж. Алданазарова
2009 жылғы 4 қазандағы №259а бұйрығына
№ 1 қосымша
«БЕКІТЕМІН»
Білім бөлімінің бастығы
_______________ Ж. Алданазарова
«__» __________ 2009 жыл
Тайынша ауданының мектептерінде ҰБТ ұйымдастыру және өткізу бойынша іс – шаралар
ЖОСПАРЫ
№ | Іс - шаралар | Орындау мерзімі | Орындауға жауаптылар | Аяқталу формасы |
1 | ҰБТ - ға дайындалу және өткізу бойынша жұмыстардың үйлесімі | тұрақты | АББ Абдрахманова Н.Қ. | ББ жанындағы отырыстарда орындалған жұмыстар туралы ақпарат |
2 | ҰБТ-2009 қорытындысы бойынша аудан мектептері жұмыстарының үздік тәжірибелерін қорыту (Алабота ОМ, №3 ОМ, Подольское ОМ) | 25.11.09 | Мектеп директорлары, білім бөлімі | |
3 | БТМСҰО материалдары бойынша әр мектепте сынау тестілерін өткізу (кесте бойынша) | әр айдың 25 не | Білім бөлімі, директорларды оқу ісі жөніндегі орынб. | Аудан бойынша мониторинг |
4 | Аудан мектептеріндегі ҰБТ ға дайындық бойынша сұрақтарды зерделеу | Қараша 2009 ж. – сәуір 2010 ж. | ББ-нің әдіст. кабинеті, оқу бөлімі | ББ-нің аппараттық мәжілісіне тексеріс қорытындысы бойынша ақпарат |
5 | ҰБТ дайындығына әдістемелік көмек көрсету бойынша жолсапарлық семинарлар | Қараша 2009 ж. – сәуір 2010 ж. | ББ-нің әдіст. кабинеті, оқу бөлімі | Пән мұғалімдері үшін интерактивтік тәртіпте семинарлар ұйымдастыру және өткізу |
6 | ҰБТ дайындығы бойынша тәжірибе алмасу шаралары | желтоқсан 2009 ж. – наурыз 2010 ж. | ББ-нің әдіст. кабинеті, оқу бөлімі | |
7 | Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу: - ақпараттық жаршылар; - аудандық БАҚ; | Наурыз, сәуір, мамыр 2010 ж. | ББ-нің әдіст. кабинеті, оқу бөлімі | БАҚ –да ҰБТ бойынша сұрақ-жауап материалдарын жариялауды ұйымдастыруББ сайтында ақпараттық материалдарды орналастыру |
8 | Директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін әдістемелік күндер ұйымдастыру (тех. хатшылар) | Әр ай сайын | әдістемелік кабинет | |
9 | ҰБТ дайындығы бойынша: - ҰБТ өткізу тәртібімен танысу; - ҰБТ өткізу тәртібіндегі өзгертулермен және толықтырулармен танысу; - апелляцияны жүргізу ережесімен танысу Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы педагогтармен мәжілістер, ата-аналар жиналыстарын, 11-сынып оқушыларымен психологиялық тренингтер өткізу | Ақпан, наурыз, сәуір 2010 ж. | АББ | Білім бөлімі кеңесінде баяндама |
10 | «Алтын белгі» мен үздік аттестатқа үміткер-оқушылардың құжаттарын дайындау | Қаңтар-мамыр | Мектеп директорлары, Абдрахманова Н.Қ. | |
11 | Аудиториялық қорды құру кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау (тест тапсырушылардың жасына сәйкес парталардың, ауыз судың, температуралық тәртіп пен қалыпты жарықтың болуы) | Мамыр 2010 ж. | Білім бөлімі ҰБТ ӨП-нің директоры | ҰБТ өткізу пункті директорының ақпараты |
12 | ҰБТ өткізуді уақытында қаржыландыруды қамтамасыз ету (тамақтандыру, қону, тасымалдау, ) | 2010 ж. 18 мамырына дейін | Білім бөлімі | Білім бөлімі Кеңесіндегі ақпарат |
13 | ҰБТ өткізу пунктіне дейін түлектерді жеткізуді уақытында қамтамасыз ету, жол полициясы қызметкерлерімен шығарып салуды қамтамасыз ету | Мектеп директорлары | | |
14 | ҰБТ өткізу пунктінің орналасқан орны мен түлектердің тұрып жатқан орны туралы барлық мүдделі ведомостваларға хат жіберу (денсаулық сақтау басқармасы, ІІД, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті) | 2010 ж. 20 мамырына дейін | Ахмедьярова С.А. | Барлық мүдделі орындарға хат |
15 | Тестіленушілер мен олардың ата-аналары үшін ҰБТ ӨП-нің алаңында қалыпты жағдай жасау (орындықтар орнату, салқындатқыш сусындарын сатуды ұйымдастыру) | 2010 ж. мамыр | Шмидт Г.И., Мырзағалиев М.Қ., Абдрахманова Н.Қ. | |
16 | ҰБТ өткізу үшін апелляциялық комиссия құрамын анықтау | 2010 ж. 1 мамырына дейін | Ахмедьярова С.А. | |
17 | Апелляциялық комиссияның жұмысына жағдайлар жасау (апелляциялық комиссияның төрағасына, ҰБТ ға қатысушылардан өтініш алу, апелляциялық комиссия мүшелерінің жұмысы үшін жеке кабинеттер бөлу) | 2010 ж. мамыр | Ахмедьярова С.А., Шмидт Г.И. | |
18 | ҰБТ-ны күнделікті талдау, нәтижелерін қадағалау, 2010 жылдың ҰБТ –ын қорытынды жүргізу | 2009 ж. 1-10 мамыр | АББ | |