NetNado
  Найти на сайте:

Учащимся

Учителям



1. /Бэйрыъ.doc
2. /ЕрежесЮ.doc
3. /Облыстащы мектеп оъушыларыныы арасында жерлесЮмЮз.doc
4. /ПОЛОЖЕНИЕ (ЭССЕ С.МУКАНОВ).doc
5. /Положение(Правила 2).doc
6. /Сшбит Мэъановтыы 110 жылдыщына арналщан шаралар жоспары.doc
7. /ТЕА.doc
8. /Хат.doc
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында жерлесіміз, академик -жазушы С. Мұқановтың туғанына 110 жыл толуына байланысты «Сәбит Мұқанов әлемі- жастар көзқарасымен» тақырыбына облыстық шығармалар конкурсын өткізудің ережесі
Жерлесіміз, академик жазушы С. Мұқановтың туғанына 110 жыл толуына байланысты «Менің педагогикалық қызметімдегі ұлы тұлға шығармашылығы»
«Произведения С. Муканова в моей педагогической деятельности», посвящённых 110-летию С. Муканова
«Мир Сабита Муканова глазами молодёжи»
Сәбит Мұқановтың 110 жылдығына арналған шаралар жоспары «Көркем сөздің кемеңгері»
Солтүстік Қазақстан облысы Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы

скачать doc

БЕКІТЕМІН

Басқарма бастығы

________________

Т. Әбілмәжінов

«22» желтоқсан 2009 жыл
Жерлесіміз, академик жазушы С.Мұқановтың туғанына 110 жыл толуына байланысты

«Менің педагогикалық қызметімдегі ұлы тұлға шығармашылығы» тақырыбындағы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің облыстық шығармалар(эссе) конкурсын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ
Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстанның көпұлтты мәдениетін дамыту, сақтау және қайта өркендету;

- қазақ әдебиетінің классигі, жерлесіміз, көрнекті жазушы С.Мұқановтың өмірі мен

шығармашылығын тереңдетіп оқу;

- адамгершілік пен азаматтыққа бағытталған, әлемге көзқарасы мен өзіндік танымын,өмірге

тұрақты көзқарасын қалыптастыру;

- тұлғаның эмоционалдық мәдениетін, эстетикалық сезімін, бейнелі ойлауын, шығармашылық

қабілетін дамыту;

Конкурсқа қатысушылар

Конкурсқа оқыту тіліне қарамастан мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептер, лицей, гимназиялар мен басқа да оқу орындарының мұғалімдері қатыса алады.

Конкурсты өткізу шарттары:

Конкурс 3 кезеңде өткізіледі:

1- кезең - мектепішілік – 2010 жылғы 19 ақпанға дейін

Ең үздік шығармалар (эссе)аудандық (қалалық) білім бөліміне жіберіледі.

2- кезең - аудандық (қалалық) – 2010 жылғы 12 наурызға дейін

Ең үздік шығармалар (эссе) 2010 жылдың 17-18 наурызында мына мекен жайға жіберілуі тиіс: Петропавл қаласы, СҚ ПКБА ҚДИ, Мир көшесі, 69 “А”

3- кезең - облыстық – 2010 жылдың 30 наурызына дейін
Жұмыстарды ресімдеу талаптары:

Титул парағында:

- жұмыстың аты;

- автор туралы толық мәлімет (есімі,әкесінің аты және тегі, оқу орны,лауазымы, елді мекені, телефоны).

Конкурс жұмыстары баспа және электронды түрде ұсынылады.

Шрифтің өлшемі – 14, интервалы – 1,5, формат – А4, көлемі – 2-3 бет

Конкурс материалдары авторға жіберілмейді және қайтарылмайды.

Бағалау критерийлері

Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескерілуі керек:

  • өз ойын, бейнелі, қисынды пайымдауы;

  • қорыту дербестігі, негіздемелігі және дәлелділігі;

  • тақырыпты аша білу шеберлігі;

  • әдеби материалдарды пайдалану деңгейі;

  • сауаттылығы(орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері)

Эсседе қатысушы С.Мұқановтың шығармашылық мұрасы туралы жеке пікірін, білімін көрсетуі керек.
Қатысушы өз қалауынша жұмысын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұсына алады. Конкурс жұмысы аудандық / қалалық білім бөлімі әдіскерінің пікірімен қоса жіберіледі.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау
Конкурс жеңімпаздары I,II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Үздік жұмыстар жинақталып, СҚ ПКБА ҚДИ редакция баспа орталығында жинақ болып шығады.


.