NetNado
  Найти на сайте:

Учащимся

Учителям



Кіріспе Қазақ жерлерінің Қакср-дің құрамына бірігуі Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқарудың жетілдірілуі жылғы Қаз кср конституциясы жылдардағы мемлекеттік құрылыс Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе




Кіріспе
1.Қазақ жерлерінің ҚАКСР-дің құрамына бірігуі.....................3

2.Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқарудың

жетілдірілуі..................................................................................4-5

3.1937 жылғы Қаз КСР Конституциясы.....................................6

4.1946-1980 жылдардағы мемлекеттік құрылыс........................7-8
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

1917 жылы 25 қарашада Петроградта большевиктер партиясы баскарған қарулы көтеріліс жеңіске жетті. Уақытша үкімет құлады. Мемлекеттік билік кеңестердің қолына өтті. Кеңес өкіметі жұмысшылар мен шаруалардың диктатурасы болды. Бұл өкіметтің өзегін большевиктер партиясы құрды. Кеңес өкіметі жаңа қоғам — социалистік жүйеі социалис-тік мемлекет пен социалистік құқықты құруға бет алды. Социалистік мемлекет пен құқықты қалыптастырудағы болшевиктердің көсемі В.И.Ленин өзінің көптеген еңбектерінде жан-жақты талдап жасады.

1917 жылы 25-26 қарашадағы бүкіл ресейлік кеңестсрдің II сьезі жаңа өкімет органдарын құрды. Халық Комиссарлары Кеңесінің Халкомкеңес төрағасы болып В.И.Ленин сайланды. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) төрағасы алғашқы кезде Я.Свердлов, 1919 жылдан М. И.Калинии болды. Салаларды басқару үшін Халық комиссариаттары құрылып, оларды Халық комиссарлары басқарды.

1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында Казақстанның барлық облыстарында Кеңес өкіметі жеңіп, билікті қолға алды. Ұзамай 1918 жылдың көктемінің соңына қарай Ресейде азамат соғысы басталды. Билікті қолдан жібергісі келмеген бүрынғы капиталистер, помещиктер, патша әскерлерінің басшылары, шетел интервенттерімен бірігіп Кеңес өкіметін кұлату үшін үлкен соғыс бастады. Азамат соғысы Казақстанды да түгелге жуық қамтыды. Көпшілік облыстарда Кеңес өкіметі құлап, билік ақ гвардияшылардың қолына қайта өтті. Тек орталығы Ташкент болған Түркістан рес-публикасыньщ орталық бөліктері құламай тұрып қалды.

Казақстанда Ақтобе, Жетісу, Орал сияқты ірі майдандар құрылды. Өте кескілесксн жағдайда жүрген азамат соғысы Қазақстанда бірден жаңа кеңес билігінің орталықтанған

органдарын құруға мүмкіндік бермеді. Аз уақыт билікті өз қолына алған Алашорда үкіметі де 1918 жылдың күзінде тарады.

Б.Қаратаев, М.Түнғаншин, С.Мендешев, А.Байтүрсынов, Б.Каралдин т.б. Алашорда тараған соң оның кейбір мүшелері Кеңес өкімегінің жүмысшы тартылып Казревкомның құрамына өтті.

Казревкомның салалар бойьшша бөлімдері болды. Кейін бүл бөлімдер халық комиссариаттарьш құруға негіз болды. Казревком кұрамында мынадай бөлімдер қызмет істеді: халық ағарту, жүмысшы-шаруа инспекциясы, ішкі істер, қаржы, почта, юстиция, әлеуметтік қорғау, жер бөлімі, әскери іс жөніндегі комиссариат, еңбек міндеткерлігі туралы комитет. Казақстанда облыстар мен уездерде құрылған жұмысшылар, шаруалар және солдаттар Кеңестері жаңа биліктің алғашқы өкілдері болды. Азамат соғысы жылдарыңда Кеңестер мен контрреволющіялық күштердің бірін-бірі ауыстырып тұрған кезендері аз болмады.[1.111-бет]

1.Қазақ жерлерінің ҚАКСР-дің құрамына бірігуі

Осының алдында 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылған еді.

Түркістан республикасы қүрамындағы Сырдария және Жетісу облыстарының қазақ жерлері КдзАКСР-нің құрамына өтті. Бүл орталықтың күштеп жүргізген шаралары Орта Азия мен Қазақстандағы әкімшілік-территориялық межелеу деп аталды.

Орынбор қаласы мен губерниясының бір бөлігі Ресейдің қарамағына өтті. Жаңа астана Қызылорда қаласына көшірілді.

Карақалпақ автономиялы облысы құрылып, Қазақстан құрамында болып Мәскеудің біржақты шешімімен 1932 жылы Өзбек КСР-нің құрамына көшті.

Осылай қазақ жерлері біртұтас КазақАКСР-і құрамына топтасты. Бұл аса ірі тарихи-саяси мәні бар оқиға болды. Ежелгі Казақ жерлері бір мемлекеттіліктің аумағына кайтарылып, шегаралары белгіленді. Осы кезенде Казақстанның жер көлемі 2.927.614 кв км, халкы шамамен 6,5 млн. адам болды, олардың 55,5 %-і қазақтар, 25,3%-і орыстар, 9%-і украйындар, 3,7%-і өзбектер, калғандары баска халыктар болды6.

1924 жылы Өзбек, Түркімен республикалары, 1929 Тәжік республикасы одақтас республика мәртебесін алғанымен, Казақстан 1936 жылға дейін автономиялы республика болып кала берді. Орталық осылай шешті. Бірақ Қазақстанның одақтас республика болатындай қажеттіліктің бәрі бар еді. Осы жағдайды пайдаланып, 1924 жылы Киробкомның (қазақ обкомының) басшылары В.Нансйшвили, С.Қожанов, КдзОАК-тың уақытша торагасы Ә.Жанкелдиндер Мәскеудегі орталыктың алдына Казақстанды одақтас республика етіп кайта құруды негіздеп үсыныс қойды. Бірақ бұл ұсыныс қолдау таппады. Осыдан кейін 1926 жылы Мәскеуде Т.Рысқүлов өткізген ұлт өкілдерінің Жеке кеңесі атынан сол кездсгі БОАК-тьщ Ұлттар бөлімше меңгерушісі С.Асфендияров дайындаған Казақстанды атономиялы республикадан одақтас республикаға айналдыру туралы ұсынысы да каралмай калды. Казақстанның одақтас рсспублика болуына әлі де 12 жыл қажет болды.[1.118-бет]
2.Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқарудың жетілдіруі
Ресей Федерациясы халкоматтары мен баска да орталық ведомстволарында КСРО өкілдсрі болды. Бірақ олармен онда ешкім де көп есептесіп жатпады.

1927 жылы 30 мамырда республика астанасы Қызылордадан Алматыға көшті.

Астананың Алматыға көшуіне РКФСР Халкомкеңесі төрағасының орынбасары Т.Рыскүловтың шешуші ықпалы болды.

Калалық кеңестердің саны 1926 жылы 6-дан 19-га өсті.

1925 жылы әкімшілік басқару реформасы жүргізілді. Губерниялық, округтік, болыстық бірліктердің орнына округтср, аудандар, ауылдық, селолық кеңестер құрылды. Бұрын 6 губерния, 2 округ, 32 уезд, 400 болыстык болса, енді олардың орнына 13 окрут, 193 аудан, 3988 ауылдық, селолық кеңестер кұрылды, "ауылды кеңестендіру" бағыты жүргізілді. 1927 жылы ауылдық кеңестерге өз аумағында кейбір азаматтық істерді шешу, жайылым мен шабындықты бөлу, жер, су, дауларын қарау кұқығы берілді. Онан кейін оларға тінту мен тартып алу кұқығы да берілді. 1929 жылы ауылдық кеңестерге астық өткізбегені үшін, жалпы жиналыстың қаулысын орындамағаны үшін 5 есе артық астық салу қүқығы берілді. Бүл құқықтар ұжымдастыруды күшейту және байларға қысымды арттыру үшін жасалды.

Мемлскеттік аппаратты жергіліктендіру және қазақ тілін дамыту жолында шаралар жасалды. Жергіліктендіруге жататын лауазымдар да белгілсенді. Дегенмен бұл жұмыс та үлкен қиындықпен жүрді. Көптеген шовинистік бағыттағы басшылар мұны жүзсге асырғысы келмеді. Олардың бірі Ф.И.Голощекиннің өзі болды. Казақ тілін дамыту туралы шешімдер де0 біртіндеп нашарлай берді.

1931 жылы жаңа аудандастыру жүргізілді. 59 аудан жойылды. 1932 жылы тағы 6 аудан жабылды. 182 ауданнан 116 аудан қалды. 1932 жылы 6 облыс: Ақтөбе, Алматы, Батыс Казақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары құрылды. Осыған орай ҚазОАК 1932 жылы 11 наурызда "Облыстық кеңсстер сьездері және облыстық аткару комитеттері туралы ережені'' бекітті. Облыстардың кұрылуы шаруашылық пен мәдениеттің өсуіне дұрыс ықпал етті.

Социалистік қатынастардың өсуіне орай қүқыққа да өзгерістер енді. Жаңа катынастарды қүқықтық реттеудің рөлі артты. Рсспублика заңдарын жинақтау жұмысы қолға алынды. "Қазақ АКСР-нің 1930 жылдың 1 қаңтары жағдайындағы әрекет етуші зандарының жүйеленген жинағы жарыққа шықты. Мұнда ҚАКСР кұрылғаннан кейінгі заң актілері кірді. Бұдан былай қабылданған зандар қазақ және орыс тілдерінде "Собрания узаконений и распоряжений правительства КАССР*' атты жинақта жарияланып тұратын болды.

Азаматтық күқық зандары жстілдірілді. Ол өндіріс кәсіпорындарынының рөлін арттыруға бағытталды. Банктердің тікелей несие беруінің рөлі күшейтілді. Несие беру мемлекеттік жоспарды орындауға байланьютырылды. Азаматтық-күқықтық келісімдердің рөлі нығайтылды. Жұмыстың сапасын арттыру көзделді.

Азаматтық қүқықтағы өзгерістер жаңа экономикалық саясаттың тыныс тарылта біртіндеп әміршілдік басшылықты зандастырды. 1932 жылы КСРО ОАК-мен Халком кеңесі жеке сауданың заңсыздығы туралы қаулы алды. Саудагерлік пен сатып алу айырбас жасау қылмыстық іс ретінде колданылды.

20-30 жылдардың шегінде еңбек күқығына байланысты өзгерістер болды. Жүмыссыздықты жою жолында көп істер атқарылды. Социалистік еңбек қатынастарын орнықтыру жолында үлкен шаралар жүзеге асырылды. Жастар мен әйелдерді жүмыспен камтамасыз етуге көңіл бөлінді.

Ерекше еңбегімен көзге түскендерге артыкшылықтар мен жеңілдіктер қарастырылды. 1927 жылы РКФСР БОАК-і мен Халкомкеңесі еңбек ерлеріне берілетін жеңілдіктер мсн артьіқшьілықтарды зандастырды.

1929 жылы революция мен кеңес кұрылысына ерекше еңбегі сіңгендерге берілетін дербес зейнетақы туралы ереже бекітілді.

Жеке шаруа шаруашылықтарында жалдамалы еңбекті пайдалануға тиым салынды. Мүндай шара 1930 жылғы 19 ақпандағы КазОАК пен Халкомкеңестің байлар мен кулактарға карсы ауыл шаруашылығын соцалистік жолмсн қайта кұру туралы каулысында карастырылды.

Еңбек тәртібі мен ақы төлеуге ерекше көңіл бөлінді. Осы бағытта 1930 жылы 17 желтоқсанда КСРО Еңбек комессариатының кәсіпорындар мен мекемелердің ішкі еңбек тәртібі; КСРО ОАК-і мен Халкомкеңесінің 1932 жылғы 15 қарашадағы "Себепсіз жұмыстан қалғандығы үшін жұмыстан шығару туралы" қаулысы шықты.[1.130-131бет]


3. 1937 жылғы Қаз КСР Конституциясы.

30-жылдардың ортасында бұрынғы КСРО-да аса күрделі өзгерістер болды. Капитализмнен социализмге өтетін өтпелі

кезең аяқталып, социалистік қоғамдық катынастар негізінен жеңіске жетті деп есептелді. Бұндай үлкен қорытынды индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (коллсктивтсндіру), мәдени революцияның шешуші жеңістерімен байланыстырылды. Адамды адамның канауының саяси-экономикалық негіздері жойылды деп саналды.

Мұндай түбегейлі өзгерістер КСРО Конституциясын өзгертуге негіз болды. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-нъщ жаңа Конституциясы қабылданды. Конституцияда Казақстанға Одактық республика мәртебесі бсрілді. Осылай КДКСР-і Казақ Кеңестік Социалистік Республикасына айналды. Казақстанның одақтас республикаға айналуы сөз жоқ аса маңызды саяси тарихи оқиға болды. Бұл Казақстанның болашақ тәуелсіздігін қамтамасыз еткен үлкен мәнді қүқыктық акті және саты болды.

Осыған байланысты 1937 жылы 26 наурызда бүкіл-қазақстандық кеңестердің төтенше X сьезі Казақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын бекітті.

Конституция 11 тараудан 125-баптан тұрды". I тарауда қоғамдық кұрылыс анықталды. 1-бапта КдзКСР жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп көрсетілді. КдзКСР-дің саяси негізі еңбекшілер депутаттарының кеңестері деп анықталды (2-бап). ҚазКСР-дің экономикалық негізі соцалистік-шаруашылық системасы және социалистік меншіктегі өндіріс құралдары мен саймандары (4-бап) деп танылды. Социалистік меншік не мемлекет меншігі не колхоздың кооперативтік меншік түрінде болды. Сондай-ақ азаматтардың өзіндік меншік анықталдалды.____________,_____

ҚАзКСР Үкіметінің совхоздарды қайта кұру, жою, жер бөлу, тағы басқа ауыл шаруашылығына қатысты құкықтары кеңейді.

Кәсіпорындар мен ведомстволар бойынша өндіріс көлемі мен қаржыны жоспарлау республика үкіметіне берілді. Республикалық бюджетке қаржы бөлу проценті ұлғайтылды. Республика бюджеті 1953-1960 ж.ж. жеті еседен артық ұлғайды5. Жоғары оқу; орта арнаулы және жалпы білім беру мәселелері толықтай республика көлемінде шешілетін болды. 1954-1956 ж.ж. Одақтық басқарудағы 144 ірі кәсіпорындар мен транспорт мекемелері республика басшылылығына өтті.

Одақтас республикалардың заң шығару кұқығы кеңейтілді. 1957 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы "Одактас рсспубликалардың карауына одақтас республикалардың сот құрылысы, азаматтық, қылмыстық және процессуальдық кодекстерін қабылдауды беру туралы" Заңы шықты. Бұл республикалардың егемендігін нығайтудағы үлкен қадам болды. Осының негізінде ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы көптеген жаңа заңдар мсн кодекстсрді кабылдады.[1.132-133бет]


4. 1946-1980 жылдардағы мемлекеттік құрылыс

Республикалар Одақтық мәселелерді шешуте көбірек қатысатын болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесінің жанынан әр одақтас республиканың өкілдері кірген экономикалық комиссия қүрылды.

Республика Жоғарғы Кеңесінің депутаттарының саны 400-. ден—450-ге дейін өсті. Оның тұрақты комиссияларының саны 3-тен 8-ге көтерілді. Жергілікті кеңестердің депутаттарының саны да артты.

1958 жылы КнязКСР Ғылым академиясының философия және қүқық институты құрылды. Құқық саласындағы зерттеулерге жағдай жасалды.

60-жылдардың ортасында халық шаруашылығын басқаруда өзгерістер болды. Бұл оқиғалар Кеңес Одағының партия мен мемлекет басшысы Н.С.Хрущсвтің орнынан түсіп, билікке Л.И.Брсжневтің келуімен байланысты. басқарудың территориялық, әкімшілік әдісі айыпталды. КОКП ОК-нің қыркүйек пленумы (1965 ж.) өнеркәсіпті басқару ісін салалық принцип бойынша ұйымдастыру және өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалык министрліктер кұруды жақтады. Осыған орай 1965жьшы КСРО Жоғарғы Кеңесі сессиясы өнеркәсіпті баскару органдарының жүйесін өзгерту және мемлекеттік басқарудың басқа кейбір органдарын қайта құру туралы заң қабылдады. Осыған орай Казақстанда да өзгерістер болды. 1965 жылы 15 қазанда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі өнеркәсіпті басқару органдарының жүйесін өзгерту туралы, рсспубликалық кейбір мемлекеттік басқару органдарын қайта кұру туралы зандар қабылдап, республика Конституциясына тиісті өзгерістер енгізді.

ҚазКСР Халық шаруашылығы кеңесі, экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылды. Бірқатар салалық одақтық республикалық министрліктер құрылды. Бүл өзгерістср экономиканың дамуына, материалдық ынталандыруға, еңбекшілердің шығармашылығының артуына себеп болды.

1964 жылы 1 желтоқсанда Н.С.Хрущевтің күштеуімсн қүрылған Батыс Казақстан және Тың өлкесі жойылды. Олардың құрамындағы облыстар республикалық органдарға тікелей бағынышты болды.

Жаңа облыстар кұрылды. 1961 жылы Целиноград, 1970 жылы Торғай, 1973 жылы Жезқазған және Маңғышлақ облыстары құрылды. Казақстандағы облыстар саны 1937 жылы 8 болса, 70-жылдары 19-ға жетті. Алматы қаласы облыстар мәртебесіндегі республикалық баскаруда болды.

1963 жылғы сайлауда Жоғарғы Кеңеске 473 депутат, жергілікті кеңестерге 98806 депутат сайланды. Коммунистік партия депутаттардың құрамын өз қалауы боиынша қатаң реттеп отырды. Жоғарғы Кеңес депутаттарының 66,2%-і партия мүшелері, 33,4%-і әйелдер, 48.8%-і жұмысшылар мен шаруалар болды. Жергілікті дспутаттар арасында партия мүшелері 45,4%, жұмысшылар мен шаруалар 55,5% болды5.

Барлық дәрежедсгі депутаттар тек партияның ерік-жігерін жүзсгс асырушылар болды. Дспутаттар арасында уақытша партия топтары құрылды.

1977 жылы республикада 19 облыстық, 218 аудандық, 82 қалалық, 29 қала ішіндегі аудандық, 189 поселкелік, 2184 ауылдық, селолық кеңестер жұмыс істеді. Жергілікті Кеңестердің атқару комитеттерінің кұрамына 20 мың адам кірді.[1.140-141бет]

Қорытынды

Сонымен 1985 жылдан КСРО-да қайта құру процесі басталды. Ол демократия. жариялылық, еркіндік ұрандарымен жүрді. 1986 жылы 16 желтоқсанда Казақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Д.А.Қонаев орнына алынып, оның орнына Қазақстанға белгісіз Г.В.Колбин сайланды. Мәскеудсгі орталықтың қысымымен болған бұл оқиға қазақ халкының ұлттық намысын, оның егемендігін аяққа басу болды. Оған шыдамаған қазақ жастары Алматының көшелеріне наразылық шеруіне шықты. Бірақ қанға боялып басылды. Желтоқсан оқиғасы Казақстанның тәуелсіздігіне жету жолындағы үлкен тарихи қадам болды.

Демократия, жариялылық, пікірлер плюрализмі, саяси плюрализмнің берілуі социалистік тоталитарлық жүйенің шеңберінс сыймады. Коммунистік партия дсмократиялық процестерге жол беріп кеңестердің негізгі билік екендігін мойындауға мәжбүр болды.

БүкілодақтықХІХ партия конференциясы (1988 ж.) саяси жүйені реформалау, бюрократизмге карсы күрес, дсмократияландыру, қүқықтық реформа туралы қаулылар қабылдады. Партия комитеттерінің бірінші хатшылары тиісті кеңестердің төрағалары болып сайланды. Мұндай үрдіс Л.И.Брсжнентің кезінде-ақ орталықта басталтан еді. Ол және онан кейінгі КОКП басшылары КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының төрағасы болып сайланды. М.С.Горбачевтің ұсынысымсн КСРО-да Президенттік қызмет ендіріліп, ол бірінші және соңғы Прсзидент болды. 1989 жылы КСРО Халык депутаттарының сьезі сайланды. Сьезд депутаттарын сайлау дсмократиялық негізде өтіп Компартия өкілдсрі көп жерлерде жсңіліскс ұшырады. КдзКСР Жоғарғы Кеңесіне де сайлау болды. Сайлау жүйесіне өзгеріс ендіріліп Жоғарғы Кеңеске қоғамдық ұйымдардың сьездсрі аркылы көптеген делегаттар сайланды.

КСРО Халық депутаттары өздерін ең жоғарғы өкімет билігі органы деп КСРО Конституциясына өзгерістер ендіріп Коммунистік партияның басшылык рөлі туралы 6-бапты алып тастады. Мүндай өзгеріс Казақстан Конституциясына да ендірілді. Осылай Компартия басшылығы екінші қатарға сырғи бастады.

1989 жылы 22 маусымда Казақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы Г.В.Колбин кетіп бұл орынға Н.Ә.Назарбаев сайланды. Ұзамай 1990 жылы ақпанда Н.Ә.Назарбаев КазКСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Қазақстанда Президенттік қызмет ендіріліп, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 24 сәуірде Н.Ә.Назарбаевты Казақ КСР-ның Прсзиденті етіп сайлады облысының 1150 мың гектар Өзбек КСР-ның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы жайылым жерлері Өзбек КСР-не берілді.

Осылай барлығы 5 млн. гектардан астам жерлер Өзбек КСР-не берілді. 1971 жылы майда Озбек КСР-нің Сырдария облысының Жетісай, Киров жоне Мақтаарал аудандары сол кездегі шекарасымен Шымкент облысына кайта қосылды.

Кеңес дәуірінде Казақстанның территориясында осындай өзгерістер болды. Бүл өзгерістерді тәртіп бойынша алдымен КдзКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдап, онан соң КСРО Жоғарғы Ксңссінің Президиумы бекітіп отырды. Сонда бұл өзгерістер қүқықтық жағынан Қазақстанның өз еркімен бергені болып саналады. Дегенмен мүндай "өз еркімен" жасалған өзгерістердің негізінде Мәскеудегі орталық билік органдарының қысымы жатқаны белгілі. Ал мұндай қысымға Қазақстан басшылығы да оның Жоғарғы кеңесінің төрағасы болып сайланды.[1.143-144бет]

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Ғаппар Маймақов. Қазақстан Республикасының

саяси-құқықтық тарихы. Алматы Ғылым 2000 жыл.





страница 1


скачать

Другие похожие работы: