скачать doc
Қостанай облысының Рудный қ. №5 гимназия мемлекеттік мекемесі
«Келісілді» «Бекітемін»
Кәсіподақ комитетінің төрайымы Гимназия директоры
«_____» ________________ 2009 г «_____» ___________ 2009 г
_____________________________ _________________________
_____________________________ _________________________
АҚПАРАТТАНУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКА КАБИНЕТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕНБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ.
АҚПАРАТТАНУ КАБИНЕТІНДЕГІ ҚҰРАЛДАРМЕН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ДҰРЫС ОРНАЛАСТЫРУ МІНДЕТТЕРІ
Ақпараттану кабинеті қатты дыбыс шығаратын (ақпараттану залы, гимнастика залы, шеберхана) кабинеттерден алшақ болу қажет.
Ақпараттану қабинетінде кіргенде оқушылардың сумкасы тұратын шкафтың болғаны дұрыс.
Ақпараттану кабинетінің көлемі жобамен алғанда бір орындық жұмыс ауданы 6м2 кем болмау керек
Ақпараттану кабинетінде ДК саны 10, зертхананың ауданы 18 м2, кабинет биіктігі 4 м болу керек.
Оқушының жұмыс орны бір столдан және бір немесе екі орындықтан болу қажет. Столдың бетінің ауданы 1300x700 мм, ДК, оқулықты орналастыру және оқулықпен жұмыс істейтін орын болу керек.Столда ДК барлық құралжабдықтармен орналасады. Ені пернетақтаға дейін дәптер, қолды сүйеу үшін 30 см орын болуы қажет. Столдың манитор қоятын беті көлденен, ал пернетақта жататын беті (бұрыш 12-150) болу керек. Столдың биіктігі еденмен есептегенде жұмыс істейтін оқушының бойымен өлшенуі керек. Столға электр көзі және лакальды желі тартылады. Кабинеттегі барлық электр көзінің схемасы құжаттардың арасында болуы қажет.
Қабинеттегі еденнің беті тегіс, сырғанамайтын, тазартуға жеңіл болуы тиіс.
Оқушылардың бойына қатысты жұмыс столының биіктігі
Оқшылардың бойы (см) | Высота над полом (см), не менее | ||
Стол | Аяқ қоятын жер | Орындық | |
145-160 | 650 | 530 | 380 |
161-175 | 700 | 590 | 420 |
175 және жоғары | 760 | 650 | 460 |
Мұғалімнің жұыс орыны стол және принтер мен мультипроекорға арналған екі тумба. Столдың ауданы - 1300x700 мм. Тумбада көлемі 350x500x100 мм құрал саймандарға арналған 1-2 тартпа болу қажет.
Стол ДК орналастыру үшін және жазба жазға. Онда дәптер сынып журналын қоятын тартпасы болуы мүмкін. Сабақ өтізер немесе аяқтарда оқушылардың жұмыс орындағы электр көзін тек мұғалім ағытып қосу қажет.
Жұмыс орнын орналастыру Ақпараттану кабинетіде сабақ барысында оқушыларда және мұғалімде жұмыс орындарына еш кедергісіз орналасуы керек. ДК мен жұмыс орнын орналастырудың үш нұсқасы бар:
Периметр бойынша;
Қатармен (1-3-қатар);
ортада орналастыру;.
Көбінесе ДК мен жұмыс орнын периметр бойынша орналастырған жөн, себебі оқушылар мен мұғалімнің еңбегі, электр қауіпсіздігі және кабинетің жарықтығы жақсы болады.
Периметр бойынша орналастырғанда жұмыс орнының арасы мынадай болу қажет:
Кабинетің ені бойынша: терезесі бар қабырғамен столдың арасы 0,8м; ал терезесіз қабырғамен столдың арасы 10см,
Кабинеттің ұзындығы бойынша: екі орынды столда ДК бөлінбеу керек. Бір орынды столдар кабинетің ауданына және жұмыс орнының саына байланысты бір-бірінен алшақ орналасу керек.
Егер кабинетегі жұмыс орындар периметр бойынша орналасса, онда кабинетке екі орындықты столдар қоюға болады. Оларды бақылау жазғанда, программа құрғанда, дәптерге есеп шығарғанда қолданамыз. Қатарлардың арасы 0,5м кем болмау керек.
Егер ДК мен бір орынды жұмыс орындарын 1-3 қатармен қойсақ, мынадай арақашықтықты сақтау керек:
Кабинеттің ұзындығы бойынша: қатарлардың арасы 1,0-1,1м; соңғы қатармен қабырғаның арасы 0,8м кем болмау керек; егер кабинеттегі есік соңғы қатарда болса, онда соңғы қатармен қабырғаның арасы 1,2м болу керек.
Кабинеттің ені бойынша: терезесі бар қабырғамен бірінші қарардағы столдың арасы 0,8-1,0м; қатарлардың арасы 0,8-1,0м; ал үшінші қатар терезесібар қабырғаның арасы 0,8-0,9м.
Ақпараттану кабинетінің алдынғы қабырғада сынып тақтасы, көрнекілік құралдар тұратын шифонер және демонстрасиялық телевизор. Демонстрациалық телевизор тақтаның сол жағында еденнен 2м биіктікте бекітіледі.тақтаның астында таблицаға арналған ұяшық болу керек. Жоғарыда тақтадан басқа таблицаларды ілу үшін арналған ілмек болады.
Оқу бағдарламалар, ақпараттану кабинетінде сақталады және әр бөлім бойынша рет-ретімен орналастырылады. Көрнекіліктер, құрал саймандар бөлек сақталады.
Егер зертханалық кабинет болса шкаф соның ішіне қоылып, оқу бағдарламалар, көрнекіліктер соған қойылады.
Демонстрациялық құрал жабдықтар былай сақталу керек:
Бағдарламалық дисктар өзінің қорабында және шаң тимитін жерде ұяшықта, сыныптар боынша.
Ұяшықтар шката және оларға аттары жазылады;
Тақтаның астындағы таблицалар көлемдеріне байланысты орналасады;
Аудиотаспалар шкафтың сөресінде сақталады;
Анықтама, оқу-методикасы, ғылыми әдебиеттер шкафтың сөресінде сақталады және оған мектеп кітапханасынан алынған кітаптарда қойылады;
Ақпараттану кабинетінде барлық құрал-жабдықтарға электрондық картотека құрылады,(сақтау орнын көрсете) және мұғалімге зертханалық жұмыс жасау кезінде жеңіл болу үшін методикалық картотека жасалады;
Терезеге қарама-қарсы қабырғада оқушыларға арналған қауіпсіздік ережесі, ДК негізгі құрылысы және функциясы, анықтамалық таблицалар, алгоритмнің негізгі турлері, т.б. ілінуі қажет. Қосымша материалдар, тақырыптар тақтаға қарсы қабырғаға ілінуі қажет;
АҚПАРАТТАНУ ҚАБИНЕТІНДЕГІ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Ақпараттану кабинетіндегі жұмысты ұйымдастыру, ақпараттану пәнінен сабақ беретін мұғалімдерінің ішінен кабинетке жауаптысы ұйымдастыру қажет. Ол кабинетке кіретін мұғалімдер мен оқушыларға компьютерді қолдану жұмыстарын ұйымдастыруы тиіс.
Кабинет иесі мынаған жауапты:
ДК сақтау;
инветарлық заттарды журнал арнап жазу;
ДК арқашанда дайын болуы, техникалық прафилактикадан уақытылы өткізу, оларды дұрыс қолдану, сынған жағдайда журналға тіркеп отыру;
Алғашқы медицмналық көмек көрсету, өрттің алдын алу;
Оқушылармен әр уақытта технка қауіпсіздігімен таныстырп, ескертіп отыру;
Сабақтың барысын, аяқталуын, ток көздерін қосу және сөндіру уақытарын регистрациалық журналға тіркеу;
Мұғалім ақпараттану кабинетін оқушыларға таныстырғанда техника қауіпсіздігін, әр оқушыға бекітілген онын көрсету. Оқушыларды отырғызғанда олардың бойына ,құлақ естуне, көзінің көруіне қатысты отырғызу. Олар отырған орнының тазалығына, ДК толық жауапты болады.
Оқушылар техника қауіпсіздігі, қабинетте жұмыс жасау жөнінде сынақ тапсыруы қажет, ол «техника кауіпсіздік өткізу журналында» белгіленеді. Онда сынақ өткізу күні, сынақ өткізген, сынақ алған мұғалімнің аты-жөні, сынақ тапсырған оқушының аты-жөні және тақырыбы. Бұлар мұғалімнің қолымен бекітіледі.
Кабинет меңгерушісіне зертханашы ар уақытта көмектесуі тиіс.
Зертханашы әр уақытта кабинет меңгерушісіне бағынады, ол мұғалімнің алдында оқу құралдарын, дұрыс қолдануына және сақтауына толық жауапты.
Зертханашы компьютердің сақталуын, бағдарламаларды және көрсетпе құралдарды, оларды күтуді, кабинет жағдайын толық білуі тиіс. Мұғаліанің айтуымен, сабақтың жоспарымен зертханашы сабаққа құралдарды дайындайды, инвентаризацияларды тіркеуден өткізеді. Зертханашы мұғаліммен бірге оқушылардың техника қауіпсіздігін, өртің алдын алуын, алғашқы медициналық көмек көрсетуі тиіс.
Зертханашы сабақтың барысын, аяқталуын журналға тіркей алады, сабақтың барысында бұзылған техниканы кабинет меңгерушісімен жөндеге көмектесе алады.
Информатика кабинетіне қойылатын талаптар.
Есептуіш техникасының оқу кабинеті пайдаланушының құрылғы қабығын ашуға байланыссыз кез келген қате іс әрекетінде инструктаж өтуді талап етпей және қауіпсізлік техникасы бойынша арнайы дайындық жүргізбей ақ дайын емес пайдаланушылардың, сонымен қоса жасөспірімдердің қауіпсіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету керек. Информатика кабинетінде бейнетерминалдардың үш тобын пайдалану мүмкін:
А-түсті, тек көрсетілімдер үшін ғана,
Б-түсті мониторлар, оқу процесінде тұтынушылардың дербес жұмыс жасауы үшін,
В-есептеуіш техника кабинеті үшін монохромды.
Балаларды қоса алғанда пайдаланушылар қатары тым кең болғанына байланысты информатика кабинетінің барлық құрылғыларының қауіпсіздік деңгейі радиоэлектронды құрылғылардыкінен кем болмау қажет-ГОСТ 12.2006-83.
Есептеуіш техника кабинеті ГОСТ 28139-89 сәйкес келу қажет.(Мектеп құрылғылары. Қауіпсіздік талаптары) Басқа механикалық және электрлік қауіпсіздік бойынша талаптар ГОСТ 50377-92 және ГОСТ 12.2.007-75. Электр тогынан зақым алу ГОСТ 25861-83-тің 2 класынан жаман болмау қажет.
Есептеуіш техника кабинетіндегі барлық құрылғылар адам денесі тиген кезде, тіпті пайдаланушының құрылғы қабығын ашуға байланыссыз кез келген қате іс әрекет жасауыныңөзінді 36 В кернеуден аспайтын элементтерден құрылу қажет.
Информатика кабинетінің электрлену жүйесі мынадай болуға тиісті:
-1 МОм-нан кем болмайтын кернеулі «жер» потенциалынан гальваникалық разрядталу алу қажет;
-қоғану өздігінен өшу құрылғысымен жабдықталуы қажет;
-қысқы тұықталу немесе асыра көп жұмылдыру кезінде өздігінен жұмысты тоқтату қажет, сонымен қатар төтенше жағдайлардағы қолмен өшіру. Электр ошақ кабельдері қажетті механикалық қаттылыққа ие болу қажет. Жалпы өрт қаіпсіздігі бойынша талаптар оқу және күнделікті электр құралдарының нормаларына сәйкес келу керек. Өрт пайда болу жағдайларында улы газдар немесе түтіндер шықпау қажет. Электр көзінен өшіргеннен кейін өрт сөндірдің кез келген түрі пайланылу керек.
Информаимка кабинетіндегі аппаратура элементтерінің адам денсаулығына тигізетін әсері (оқушыларға және осы аппаратурамен жұмыс істейтін жұмысшыларға( белгілі нормадан шығып кетпеуін қадағалау қажет (ГОСТ12.2.003-74, 12.3002-75,12.1006-84,12.1.001-83,12.1.045-85), сонымен қатар «Санитарлық нормалар мен ережелер» ГОСТ 21552-84,ГОСТ27016-86,ГОСТ27201-87 көрсетілген нормалар.
Тыныштық ауада кабинетте мұмкін болатын температура 19-210С, 18-220С температураға да тыйым салынбайды. Сәйкесінше , ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 62-55% және 39-31%. Ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 м/с. 200-315 мм диапазонында ультракүлгін сәулелену 10 ВТ/м2-тан аспау керек. Шу деңгейі 50 децибелден аспау керек.
ДК-де жұмыс жасау кезінде оқушыларды отырғызу талаптары .
ДК-де жұмыс жасаған кезде оқушылардың дұрыс отырғызылуын ескеру қажет. Оқушы отырған орындық шеті стол шетіне 3-5 см кіріп тұру қажет. Омыртқа сүйектері тіреу табу керек. Оқушы қолдары клавиатура жаңында, яғни стол үстінде жартылай орналасу керек, бұл әрекет бел және қол шаршауынан сақтайды. Аяқ пен бел омыртқа арасындағы бұрыш 900С-тан аспау қажет.
Оқушы көзі мен ДК экранына дейінгі оптималды қашықтық 0,6-0,7 м, 0,5 м-де отыруға болады.
Жарықтандыруға қойылатын талап.
Табиғи жарықтың негізгі ағыңы сол жақтан болу керек. Негізгі жарық оң жақтан немесе жұмыс істеушінің алдынан не артынан түсуіне жол берілмейді. Күн сәулелері және жарқылдар оқушылардың көзіне түспеу қажет.
Информатика кабинеті терезелері солтүстік немесе солтүстік-шығысқа бағытталған табиғи не жасанды жарықпен жарықталынуы қажет. Қарлы жерлерде табиғи жарықталыну коэффициенті 1,2%-дан, ал басқа территорияларда 1,5%-дан аспау керек, Жарықтылық қатынастары 3:1. Қабырғалар төбеге дейін немесе плинтустарға дейін мына түстерге боялады: көкшіл, ақшыл жасыл, ашық сары, және т.б. Терезе алдарын ақ түске бояған жөн.
Монитор экрандарына қарама-қарсы орналасқан қабырғаларды қоңыр түстерге бояға болмайды.
Жұмыс жасайтын стол беттері табиғи ағаш, ақшыл жасыл, ақшыл көк түстерімен, алоқушылар отыратын стол беттері матовая бояумен боялады.
Терезелерге түсі қабырғаныкіне ұқсас болатын жалюзи орнатылады. Осы жалюзелер табиғи жарықты өткізбеу қажет. Ал перделер қалын матадан тігілуі крек.
Терезелерге қара түсті перделер ұстауға болмайды.
ДК мониторларынан шам жарығы шағылмау керек. Люминесценттік шамдар бір бой болып жағылуы тиіс, шам түрлері 36Вт және 40Вт болатын ЛБ және ЛХБ. Люминесценттік шамдардың ЛД және ЛДЦ түрлерін пайдалануға иболмайды.
Информатика кабинетінде рұқсат етілетін жарықтандыру түрлері.
Жалпы люминесценттік жарықтандыру (табиғи +жасанды) және жабық терезелер- мониторлар ортада екі қатар болып периметр бойымен орналасқан кезде;
Біріктірілген жарықтандыру (табиғи +жасанды) –экран және жұмыс жасайтын стол беттері жарық таситын сәулелерге перпендикуляр 2-3 қатар болып орналасқан кезде;
Табиғи жарықтандыру-жұмыс орындары бір қатар болып терезесі бар қабырғадан 0,8-1м қашықтықта орналасқан кезде және экран осы қабырғаға перпендикуляр орналасқан кезде.
Жарық деңгейінің тәртібі (нормасы).
Жұмыстың түрі | Жұмыс құралдары | Жалпақтық | ЛК жарығы мына көрсеткіштерден кем болмау керек. |
ЖК –мен жұмыс (оқу сабақтары,тәжірибе) | Бейне Перне тақта Стол Сынып тақтасы | В Г Г В | 200-300 400-500 400-700 400-500 |
Оқу сабақтарда ЖК-ды қолдану барысындағы талаптар.
Бейнешегінің жұмыс уақытында оқушылардың жас ерекшеліктері,жұмыстың басталу уақыты,үзілістің ұзақтығы,жұмыс орнының ұйымдастырылуы,компьютер алдына тәртібімен дұрыс орналасуын (экран ортасындағы жарығының нүктесі 0,4 мм-ден кем болмайтын бейнешегі үшін) ескерілу керек.
1-5 сынып оқушылары үшін-15 мин;
6-7 сынып оқушылары үшін-20 мин;
8-9 сынып оқушылары үшін-25 мин;
10-11 сынып оқушылары үшін қатарынан өткізілетін екі сабақтың біріншісінде-30 мин,екіншісінде-20 мин.
Жұмыс ұэақтығы ( экран ортасындағы жарығының нүктесі 0,4 мм-ге дейін)30 %-ға азаяды.
1-5 сынып оқушылары үшін-10 мин;
6-7 сынып оқушылары үшін-15 мин;
8-9 сынып оқушылары үшін-18 мин;
10-11 сынып оқушылары үшін қатарынан өткізілетін екі сабақтың біріншісінде-20 мин,екіншісінде-15 мин.
ЖК қолданылатын жұмыспен сабақ саны 10-11 сынып оқушылары үшін күніне екеуден ,1-9 сынып оқушылары үшін біреуден аспау керек.
ЖК қолданылатын сабақтар арасындағы үэіліс 10 минуттан кем болмауы тиіс.
Бағытталған курстар өткізуде 10-11 сынып оқушылары үшін күнделікті ЖК мен жұмыстың ұзақтығы -2-3 сағат болу керек.
Жоғары сынып оқушылары үшін қосымша факультатив сабақтарда ЖК –мен жұмыс аптасына 2 академ сабақтан артық болмау керек.
ЖК-дың алдында жұмыс барысында оқушылар 20-25 минут сайын көз жаттығуларын жасау керек. 10-11 сынып оқушылары үшін информатика сабақтардың арасында бойды сергіту үшін дене шынықтыру үзілісін өткізу керек.Көз және дене шынықтыру жаттығуларын айына кемінде 1 рет өзгертіп тұрған жөн.
КАБИНЕТТІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
Оқу кабинеті сабақ басталмасқа дейін 15 минут бұрын ашық болу керек.
Оқушылар кабинетте тек қана ауыс аяқ-киімде болу керек.
Оқушылар кабинетте тек қана мұғалімнің қатысуымен болу керек.
Үүзіліс сайын кеабинетті желдетіп тұру керек.
Мұғалім сабақтардан кейін кабинетті тазалау жұмысын ұйымдастыру керек.
КӨЗГЕ ЖАТТЫҒУ ЖАСАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1 нұсқа
1-4 дейін санау арқылы көді қатты жұмып, сосын 1-6 дейін санау арқылы алысқа қарау.
Көзді қиылыстыра қарап,1-4 санап көзді тоқтатып қарау, сосын 1-6 дейін санау арқылы алысқа қарау.
Басты қозғалтпай, оң жаққа қарап 1-4 санау қажет, сосын 1-6 дейін санау арқылы алысқа қарау. Бұдан кейін солға, жоғары , төмен жаққа қарап қайталау қажет.
Диагонал бойынша қарау: оң-жоғары-сол төмен, сосын 1-6 дейін санау арқылы алысқа қарау, сосын сол-жоғары-оң-төмен, сосын 1-6 дейін санау арқылы алысқа қарау.
2 нұсқа
1-4 дейін санау арқылы көзге күш түсірмей жұмып, 1-6 дейін санау арқылы көзді қатырақ ашып алысқа қарау
Мұрынның ұшына қарап 1-4 санау, сосын 1-6 дейін санау арқылы алысқа қарау.
Басты қозғалтпай тура ұстап көзді айналдыру, жоғары- онға- төмен- солға сосын кері айналдыру, сосын 1-6 дейін санау арқылы алысқа қарау
Басты қозғалыссыз ұстап 1-4 санап жоғары қарау, 1-6 сана арқылы тура қарау.Сосын төмен-тура-онға-тура-солға-тура қайталау.
3 нұсқа
1-ден 15-ке санау арқылы көзді жыпылықтату.
Басты қозғалтпай тура ұстап көзді жұмып тұрып 1-4 санап оңға қарау, 1-4 санап соға қарау, 1-4 санап жоғары қарау, 1-4 санап төмен қарау, 1-6 санап тура қарау
Орташа қозғалыспен оңға қарай 3-4 рет көзді айналдыру, сосын солға қарай, 1-6 дейін санау арқылы алысқа қарау.
СЕРГІТУ СӘТІ
Жұмысқа сергек болу үшін, жүйкенің, бұлшық еттің, өкпенің, жүректің дұрыс соғуы, қймылды арттыруға сергіту сәті керек.
1сергіту сәті
Жаттығулар асықпай 4-6 рет қайталанады:
Орнында тұрып жүру 20-30 сек. асықпай
Бастапқы қалып (б.қ.)- негізгі тұрыс (н.т.) -1- қолды алдыға созып алақанды төмен қарату. 2- қолы екі жаққа созып, алақанды жоғары қарату. 3- башпайға тұрып, қолды жоғары көтеру, еңкей. 4-б.қ.
Б.қ.-аяқты иықтың бойымен қою. 1-3 –қолды аттқа қойып, артқа шалқаю. 3-4-б.қ.
Б.қ.-аяқты иықтың бойымен қою. 1-қолды бастың артына қойып, денені оңға бұру. 1-денені –б.қ. қолды екі жаққа созып, алдыға енкей, сосын басты артқа. 3- тік тұру, 1-қолды бастың артына қойып, денені солға бұру. 4-б.қ. 5-8- келесі жаққа
Б.қ.-аяқты иықтың бойымен қою. Қолмен белді ұста. 1-4- айналдыру арқылы денені оңға, 5-8 - сосын солға
Б.қ. – н.т. қолды екі жаққа созып, 1-мах. оң аяқты артқа. 2- б.қ. 5-8 –сол аяқпен қайталау.
Б.қ.- аяқты иықтың бойымен қою. Қолды белге. 1-басты алдыға түсіру. 4-б.қ. 5-8 – басқа жаққа.
2сергіту сәті
Орнында тұрып жүру 20-30 сек. асықпай
Б.қ. н.т. қолды бастың артына ұстау. 1-2- бәшпаймен тұрып артқа шалқаю, шынтақты артқа қайыру 3-4 табанмен тұру, шынтақты алдыға қаратып, алдыға енкею.
Б.қ. н.т.1-қолды екі жаққа созып, бір қадым онға, 2- алақанды жоғары қарату. 3- сол аяқты жылжыту, қолды жоғары. 4- қолды доғаға ұқсатып ұстап екі жаққа бұрылу..
ЭЛЕКТР ТОҒЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨРСЕТІЛЕТІН
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК.
Электртоғынан зардап шеккенде дене қатты ауырып, естен тандырып, ток тиген жерде ІІІ- IV топтағы қүйік пайда болы мүмкін.
Электортокқа соғылғанда бірден ток көзін ағыту керек, басқаларға зианы тимейтіндей етіп, зардап шеккенді сымдардан босатып алу қажет (сымдардан босатқанда ризика қолғаппен немесе қоды құрғақ шүберекпен орап, құрғақ жерге немесе тақтайға тұру керек).
Электртоктан зардап шеккенде оның алдымен дем алуын және жүрек соғуын тексеру. Егер дем алмаса, жүрек соқпаса , онда жүрекке массаж жасау керек (кеуде сүйегінің ортасын, солға қарай алақанмен минутына 40-60 ырғақ жасау) және аузынан ауыз арқылы дем жіберу( алдымен жарақаттанғанның мұрнын жауып, өзің кеудемен толық дем алып, мата немесе қалта орамалы арқылы ауызына дем жіберу) немесе мұрны арқылы дем жіберу. Дем жіберу минутына 16-18 рет жасалу қажет. Онымен қоса арнайы дәрігерлерді шақыру.
Жарақаттанушы толық дем алғанға дейін немесе арнайы дәрігер келгенше жүрекке массаж жасау, ауызға дем жіберу тоқтатылмайды.
Жүрек әлсіз соққанда өкпесіне таза ауа беру, мұрнына нашатыр спирт искету, бір шай қасық (25 тамшы) коордиамин немесе бетінен шапалақпен ұру.
Егер дене жарақаттанса онда оған тамба тамып, дәрігерге жіберу. Жарақаттанған жердің айналасын зеленкамен немесе марганцовкамен тазарту керек.
Ақпараттану кабинетінде алғашқы көмек дәрі қобдишасының ішінде мынадай дәрі-дәрмектер болу қажет (төмендегі кесте).
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ДӘРІ ҚОБДИШАЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
№ | Медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектердің аттары | белгілеу | Саны |
1 | Жеке байлауға арналған антисептикалық пакеттер | Байлап қою үшін | 3 |
2 | Орауыштар | Байлап қою үшін | 3 |
3 | Пакеттегі мақталар | Байлап қоюға арналған | 3 |
4 | Қанды тоқтатуға арналған жгут | Қан тоқтату үшін | 1 |
5 | Йод тұнбасы | Жараның айналасын сүртуге, терідегі жырылған т.б үшін | 1флакон |
6 | Нашатыр спирті | Есінен танғандарға мақтаға тамызып мұрнына искету үшін | 1флакон |
7 | Борной кислота 2-4% ерітіндісі | Көзді жууға, күйген кезде көзге қоюға арналған | 1флакон |
8 | 1%спирт ерітіндісі бар көк бриллиант | Жараға жағуға, терінің жырып кеткен жеріне | 1флакон |
9 | кордиамин | Орталық жүйке жүйесін қалпына келтіру үшін, жү-рек және демалу бөліктері не арналған (1шай қасыққа 25 тамшы-дан қабылдау) | 1флакон |
10 | Резеңке қолғаптар | | 1 пар |
11 | Марганцовка | Терінің жоғарғы жағының бүлінген жері үшін | 1упаковка |
12 | Жабысқақ пластырь | | 1упаковка |
«Келісілді» «Бекітемін»
Кәсіподақ комитетінің төрайымы Гимназия директоры
«_____» ________________ 2009 г «_____» ___________ 2009 г
_____________________________ _________________________
_____________________________ _________________________
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕДІҢ
АЛДЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ДК жұмыс жасағанда дұрыс отыруды қадағалау керек. Жұмыс істегенде тік отыру, жауырыннымен столдың арқасына сүйеніп, бүкіреймей, басын ( 5-7°та) алдыға енкейтіп ұстағаны жөн.
Қолдың және иықтың бұлық етеріне күш түсірмеу үшін, шынтақ столдың бетіне тиіп түруы қажет. Иықпен шынтақтың және белмен тізенің арасындағы бұрыш 90°болуы тиіс.
Көздің қараса экранның ортасына немесен 2/3 жоғары қатарда боу керек. Көзбен қарау сызығы экран ортасымен перпердикулляр болу керек, тігінен +5°қа ауытқуға немесе көп дегенде +10°қа өзгертуге болады.
Экранның ортасынан көлденен +150қа, немесе +300 ауытқуға рұқсат етіледі. ДК ақпараттарды қарағанда көздің қарау сызығымен экранның ортасымен арасындағы бұрыш 450 болуы керек.
Әсіресе бұл бұрышты ДК екеуі жұмыс істегенде қадағалау керек.эқраннан ақпарат алғанда, видиоманиторға қарағанда қарау бұрышы үлкен болса, көздің шаршауы азаяды.
Көзілдірік киетін оқушы міндетті түрде, ДК жұмыс істегенде көзілдірігін кигені жөн.
.
ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ
ОҚУШЫЛАРҒА ТҮСІНДІРУІ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ МІНДЕТІ
Техника қауіпсіздігінің және еңбек тазалығының талаптарын орындау үшін оқушылардың орындауын қадағалау, мұғалім оқушыларды тәрбиелей отырып, әдісін және әрекеттерін үйретуге міндетті.
ДК-де практикалық жұмыс алдында, кабинетте алғашқы сабақта еңбекті қорғау туралы жалпы оқушылармен инструктаж өткізіледі.
Алғашқы сабақта мұғалім оқушыларды кабинеттің тәртібімен, қауіпсіздік ережемен және еңбек тазалығымен, жұмыста кездесетін қауіпті жағдайлармен және олардың алдын алу шаралармен таныстыру керек.
Алдын алу шаралармен таныстыруды кабинет менгерушісі лекция, әңгімелесу арқылы, ССБТ құрастырған бағдарлама бойынша, Ақпараттану кабинеті үшін қауіпсіздік техникасы, еңбек және әлеуметтік қорғау Министерімен білім басқармасының бекітілген бағдаламасы бойынша өткізеді.
Алғашқы жұмыс орындағы инструктаж нақты және еңбек қауіпсіздігін сақтау, орындау тәртібін мысалдар арқылы көрсетіп отырып қадағалак.
Алғашқы инструктаж аяқталған соң, оқушының инструктажды толық дұрыс қабылдағанына көзі жеткен соң, мұғалім жұмыс орнына оқушыны өз бетімен қалдырады.
Жұмыс уақытында әр оқушының инструктажды дұрыс орындап отырғанын мұғалім мен зертханашы қадағалайды.
Оқушылармен сабақ барысында өткізген инструктаж сынып журналына тіркеледі, ал сабақтан тыс кезінде арнайы журналға тіркеледі.