Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Internet ұғымы
а) Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер
ә) Интернет желісінің құрылымы
б) Бағыттауыштар
в) Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау
г) Internet-тің қызмет баптары
д) World Wide Web құрылымы
е) Көру жабдықтары
ж) URL адрестері
з) Internet Explorer аспаптар тақтасы
и) Web парақтарын көрсетуді басқару
к) Іздеу серверлері
л) Usenet
м) URL адресі
н) Гипермәтін, гиперорта
р ) Глоссарий
Қорытынды
INTERNET ұғымы.
Internet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды (глобальный) желі деп аталады. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/IP хаттама (протокол) ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде “сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық Телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп), басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
TCP/IP- Интернет желісіне қосылған компьютер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
IP-(Internet Protocol)-мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама.
TCP (Transmission Control Protocol) - мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
Интернет (кіші әріппен жазылса) - TCP/IP хаттамалары негізінде желі-аралық байланысу технологиясы.
Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер
INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіру себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол – желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
INTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBSтәрізді жұмыс істейді (шындығында, INTERNET компьютерлердің көпшілігі BBS сияқты істемейді,бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады). INTERNET-ке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі,университеттердің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суретерді, клиптерді, бейнелерді және т.б цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.
INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET-тегі жүйенің номерін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалға қол жеткізесіз.Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерінде оқуыңызға болады екен.
INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан.Жағыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, “телефон жүйесі” қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель құнын – кімдер, қалай бөлісіп көрсететінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.
INTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып демалғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.
Олай болса, “scuba”(акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдылықпен жауап алатыныңызға сенгіңіз келеді).
Әлде әр түрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? IBM суперкомпьютермен шахмат ойнауға кандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.
INTERNET-ң бар мүмкіндіктерін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
INTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET-ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);
тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);
почталық байланыстар.
Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін қарастырайық.
Тұрақты қосылып тұратын байланыс – мұнда жеке компьютерлер тікелей TCP /IP желісіне қосылған (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol – жеткізуді басқару протоколы/интержелі протоколы) түрінде болады, бұл INTERNET-тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютерлер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютерлермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялармен корпорацияларда болады. Провайдер- компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET-ке қызмет ететін компьютермен (хост - компьютері) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен INTERNET арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер – компаниясының компьютермен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне INTERNET арқылы мәлімет жібере (алады) береді.
Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, Point-to-Point Protocol немесе PPP деп аталады (Serial Line Internet Protocol - тізбекті желі үшін Internet хаттамасы, Compessed Slip – тығыздалған Slip, Point-to-Point Pro Protocol – “нүкте – нүкте” хаттамасы). Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да TCP/IP секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.
Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына Slip (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон номері қажет болады.Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, Sliр-пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдықтан басқа) ешбір өзгеріс жоқ
Почталық байланыс. Internet-пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден Internet-пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын Internet-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде почта адресі алдына Internet деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін падаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей (network gateways) деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.
Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек поста жүйесімен қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады.
Интернет желісінің құрылымы
Әрбір тұтынушы компьютерді телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды; ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютермен жұмыс істейтін оптикалық түрдегі байланысу ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер - дегеніміз қалың көпшілікке арналған әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз (газет-журналдар), жарнамалар т.с.с мәліметтер сақталады.
Желіге қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес (IP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (IBM, Macintoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Windows 98, Windows NT) , байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам,әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам – Интернет провайдері деген ұйым мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет провайдері болып қызмет атқаратын Интернет трейнинг орталығы, Nursat, S&G; Communications, Parasang Қазақтелеком Астел Арна Спринт т.с.с мекемелер жұмыс істейді.
Internet-те қызмет көрсету провайдері – (Internet Service Provider), Internet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Бағыттауыштар
Ақпаратты сақтау – желіге қосылған тұтынушыларға қызмет етуде арналған сервердің ішкі функциясы. Бұл қызметі үшін сервер провайдер ретінде ақша алады. Ал, сервердің сыртқы функциясына – ақпаратты тасымалдау жатады. Мысалы, Лос-Анжелестегі сервермен Алматыдағы компьютер (клиент) арасында байланыс болуы үшін, жіберілген ақпарат жолдағы он шақты түйінді серверлерден өтуі керек. Алғашында, ол Алматыдан Мәскеуге барады, сонан соң Хельскинге, ары қарай Еуропалық желі түйіндері арқылы транслантик кабелімен АҚШ-қа жеткізіледі. Ал егер ол бағыт бос болмай қалса, онда мәлімет бірден спутникалық арналармен Мәскеуден тура Нью-Йоркке кетіп қалуы да мүмкін. Ақпараттың қай жолмен жүретінін алдын-ала болжауға болмайды, бұл ешкімді қызықтырмайды да. Желідегі әрбір сервер бір жерден ақпарат дестесін алғаннан кейін ол жөнелтілуге тиіс сервердің адресін біледі де, ақпаратты сол бағыттағы “жақындау” орналасқан серверге жібереді. “Жақындау” дегеніміз тегін емес, “жақындау” орналасқан сервер байланыс мүмкіндігінен, белгілі бір арнаның жұмыс өнімділігіне, оның қуатына т.б факторларға тәуелді болады Екі ауыл арасындағы ең төте жолмен машина арқылы жүрудің қиындығы тәрізді,мысалы,жол тегіс емес немесе жауыннан соң төселген алыс жолмен жүру ыңғайлы, т.с.с шаралар сияқты мәлімет арналарында да арасы қашық болса да, ең жылдам орындалатын мүмкіндік таңдалып алынады.
Желі бойындағы түйінді серверлерде мәліметтерді реттеу мақсатында арнайы ақпараттық-программалық жабдықтар жұмыс істейді,оларды бағыттауыштар (маршрутизаторлар) деп атайды. Олар келіп түскен мәліметті қайда жіберу керектігін анықтайды, мысалы, хабар жеткізілуге тиіс керекті сервер уақытша жұмыс істемей қалса, онда мәлімет айналма жолмен басқа компьютерге жіберіледі. Жоғарыда айтылған мысалда, Мәскеу мен Хельсинки арасында байланыс болмаса да, Алматыдан шыққан мәлімет бәрі бір бағыттауыш программалар көмегімен Лос-Анжелеске жылдам жетеді.
Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау.
Жүйелік параметрлерді бекіту.
Интернет желісімен жұмыс істеу үшін компьютер, модем,телефон арнасы, осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық жасақ қажет және белгілі бір провайдермен байланыстыру керек. Интернетпен жұмыс іс-теуге мүмкіндік беретін компьютердің ең кіші (минималды) параметрлері мынадай болады:
Windows 95 операциялық жүйесі (желі жұмысына Windows 98 ыңғайлырақ);
486/66 мГц DX процессоры немесе одан жоғары модельдердің бірі;
компьютердің жедел жады (RAM) көлемі 8 Мб немесе одан жоғары қатты магниттік диск (HDD) көлемі –500 Мб немесе одан жоғары; модемді қосуға арналған COM PORT болуы тиіс;
SVGA мониторы;
модем (модулятор- демодулятор);
тышқан тетігі.
Қазіргі кездегі желімен жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер құра-мы:
Pentium 2/350 МГц немесе АМД К6-2/350 МГц;
RAM көлемі – 64 Мб;
HDD көлемі – 5000 Мб;
LG не Samsung фирмаларының SVGA мониторы;
дыбыстық карта мен акустикалық жүйе;
US Robotics модемі мәлімет алмасу жылдамдығы 33,6 Кбит/сек.
Модем дегеніміз – провайдер торабымен дербес компьютердің байланы-сын қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы бо-лып ол арқылы бір секундтағы тасымалданатын биттер сонымен өлшенетін оның мәліметтерді қабылдау/жөнелту жылдамдығы (бит/с немесе Кбит/с – b/s,kb/s) саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның баға-сы өсіп отырады.Модемдер орналасуларына қарай ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі модемдер арзаңырақ болады,оларды сатып алу кезінде провайдерлермен ақылдасқан абзал. Бірақ Алматыда көптеген провайдерлер 50 Кбит/с-тан жоғары жылдамдықты қамтамасыз ете алмайды,оның үстіне біздегі телефон желілері де әлсіз келеді, сондықтан жылдамдығы 56 Кбит/с модем алудың қажеті шамалы.
Internet-тің қызмет баптары.
Қазақстанның темір жол желісін қарастырайық, бәріміз де сол жолмен жүрдік теміржол желісі – жолаушыларды тасымалдау жүйесі. Бірақ бұл түсінік емес, өйткені жолаушыларды тасымалдау – теміржолдың көптеген функцияларының бірі. Бұдан басқа почта жеткізу ісі бар, өндірістік жүктерді тасымалдау қызметі тағы бар. Бұл қызмет баптары әр түрлі топқа жатқанмен, барлығы темір жол арқылы елдің бір шетінен екінші шетіне жете алады. Ал, бірақ олардың жолда орналасу шарты да, жүру мерзімі де әр түрлі болады ғой. Оларды жеткізу кезінде әр түрлі мамандар қызмет етеді, әр түрлі техника пайдаланылады, оларды тасу құжаттары да әр түрлі екні белгілі.
Сонымен, темір жол желісінде әр түрлі қызмет баптары жұмыс істегені сияқты Internet-те де сондай бірнеше қызмет түрлері бар. Олар World Wide Web деп аталатын дүниежүзілік тармақталған өрмек, яғни желі, оны WWW немесе Wed деп те айта береді, электрондық почта (E-mail), Internet News (Usenet) – Интернеттік жаңалықтар жүйесі,FTP, Copher, Internet Talk Radio, Internet Relay Chart (IRC) Telnet т.б. Бұлардың ішіндегі ең жиі қолданыла-тындары – алғашқы үшеуі.
World Wide Web құрылымы
WWW дүниежүзілік тармақталған желісі – бұл Internet-тің ең кең таралған, күннен-күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. World Wide Web - Internet-тегі барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды сипаттай-тын термин. Бұл мәліметтерді пайдалану жолында оларды оқып көру үшін Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator сияқты программа-лық жабдықтар қолданылады. Олар Internet-тен керекті құжаттарды іздеп табуға, қарауға, жазып алуға мүмкіндік береді. “Гипермәтін” (байланысқан мәтіндер) мүмкіндігі Web мәліметтеінің бірінен біріне көшуді жеңілдетеді. Файлдың “HTML” (hipertext markup language) форматын іске қосатын гипермәтін мүмкіндіктері Web парақтарының бір бетінен екінші бетіне “сілтеу” бойынша көшуді жеңіл жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейнежазбалар, дыбыстар, үшөлшемді (кеңістіктегі) нақт бейнелер т.с.с орналасады. Осындай сілтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wide Web-ң негізгі құрылымын құрайды. Web жүйесіне қосылғаннан кейін әрбір адам WWW желісіндегі кез келген мәліметті басқалармен бірдей пайдалану құқығына ие болады, бұдан соң басқа компьютермен байланысу үшін немесе қосымша артықшылық, шектеулер үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.
World Wide Web (WWW немесе Web) интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Ондағы мәліметтер мен олардың бір-бірімен байланысқан ақпараттық “өрмек” деп айтса да болады.
Web-тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланыстыратын парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютерде орналасқан мәлі-меттер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді. Бұл беттердегі мәліметтер дүниежүзінің кез келген бұрышында орналаса береді. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компью-тердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы – қымбат, жақындағы – арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтердің көлеміне сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байла--ныс-ты.Web мәліметтерін қөарау адресі көрсетілген белгілі бір тораптық (түйінді) компьютерден басталады.
Түйінді компьютердегі мәліметтердің бірінші беті кітаптың сыртқы не-месе мазмұны тәрізді, әрбір бетінің URL (Universal Resource Locator) форматында берілген қайталанбайтын өзіндік адресі болады. Ол беттердегі мәліметті оқу “көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.
Көру жабдықтары
Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator программалық жабдықта-ры осы топқа жатады, оларды browser – броузер (браузер) деп атайды. Microsoft Word программасының мәтінмен жұмыс істеуге, ал, Microsoft Excel-дің электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналғаны сияқты Internet Explorer мен Netscape Navigator Web – құжаттарын көру, олардың бірінен-біріне ауысу, яғни олармен қатынас құру құралдары болып саналады. Мұндай программаларды соңғы кезде көрсеткі (обозреватель) программалар деп те айтып жүр.
Көрсеткі программаның негізгі қызметі – Интернеттегі Web парақтарын оқып, экранда көрсету. Керекті парақты іздеп табу URL адрестерімен анық-талады.
URL – адрестері
Бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресін жазудың арнайы формасы. Ол желінің қай серверінде орналасса да, керекті мәліметті айнытпай қатесіз табуды қамтамасыз ететін сөз тіркесі. URL адрестерінің жазылуына мысал келтірейік.
http://www.soccer.ru/ dinamo/rus/index.html
мұндағы
http – протокол, яғни хаттама;
www.soccer.ru - адрестерінің домендік бөлігі, оның ішінде:
www – компьютердің (сервердің) аты;
soccer.ru - доменнің аты;
dinamo/rus – сервердегі каталог аты;
index.html – Web парақтары файлының аты;
Домен – бір компьютермен басқарылатын немесе бір желілік жұмыс машинаның (желі торабының) басшылық етуімен істейтін информациялық желі қорлары (ресурстары) тобы.
Internet Explorer аспаптар тақтасы (панелі)
Сілтеуіш (Проводник) программасымен таныс адамдар Internet Explorer программасымен бірден қиналмай жұмыс істей береді, өйткені бұл программалардың интерфейстері өте ұқсас. Мысалы, көрсеткінің меню жолы ілтеуіштің меню жолымен бірдей десе де болады.
Көрсеткі аспаптар тақтасы желі мәліметтерімен жұмыс жасауға арналғандықтан, оның айырмашылықтары болуы да заңды құбылыс. Дегенмен, егерде көрсеткі ортасында жергілікті жаңа бума (папка) ашылса, онда оның аспаптар тақтасы Сілтеуіш программасымен бірдей болып шығады.
Көрсеткі аспаптар тақтасы батырмаларының бірінші табы басқа парақтарға ауысу ісін басқарады. Олар келесі не алдыңғы Web-парақтарына көшуді, парақ мәліметтерін жүктеуді тоқтату немесе ондағы мәліметтерді жаңарту жұмыстарын орындайды. Бұл батырмаларға Ауысу (Переход) менюі командалары сәйкес келеді, ал оның Тоқтату (Остановить), Жаңалау (Обновить) командалары Түр (Вид) менюімен алынған. Осы топтың соңғы Негізгі парақ батырмасы (Основная страница) Web-парақтарының ең негізгі бетіне - Internet Explorer программасы жүктелген кезде келісім бойынша бірден шығатын алғашқы бетке ауыстырады.
Internet Explorer терезесінің аспаптар тақтасы батырмаларының екінші тобы көрсеткішінің арнайы тақтасын ашады, олар Сілтеуіштің сол жақ терезесі ролін атқарады. Бұл тақта Интернетте мәлімет іздеуді, таңдалып алынған Web-парақтарын экранға шығаруды (жүктеуді), бұрынғы қарастырылған парақтарға оралуды қамтамасыз етеді.Оған қоса, бұл батырмаларды қолдану концепциясы Internet Explorer 4.0 нұсқасымен келген Web тораптарының жаңа типтерін – Web түйіндерін пайдалануды жүзеге асыра алады. Бұл батырмаларды Түр - Көрсеткі тақталары (Вид – Панели обозревателя) командалары арқылы да ашуға мүмкіндік бар.
Көрсеткі батырмаларының соңғы тобын арнайы қызмет ету функцияларын орындау үшін пайдаланады. Түр – Толық экранды режимге көшу (Вид - Во весь экран Электрондық почта /Переход – Почта командасы) арқылы хабар жөнелту, қаріп түрлерін алмастыру (Вид – Шрифт командасы), Web – парағын қағазға шығаруды (Файл - Печать) және экрандағы мәтінді Web ішкі редакторы көмегімен түзету тәрізді жұмыстарды атқара алады.
Енді WWW мүмкіндігін іс жүзінде қолданудан мысал келтірейік. Ол үшін жұмыс үстеліндегі Internet Explorer көрсеткісі белгішесінде тышқанды екі рет шертеміз.
Мысал ретінде музыка әлемімен танысып көрелік. Ол үшін көпшілікке белгілі MTV музыкалық арнасы серверіне былай кіреміз: тышқан курсорын адрес қатарына орналастырып, оны бір шертеміз де, www.mtv.com деген адресті енгіземіз, соңында Еnter пернесін басу қажет.
Егер провайдерге әлі қосылмай тұрсақ, онда онымен телефон арқылы байланыс орнататын программа терезесі экранға шығады.
Терезенің Байланыс орнату (Установить связь) деген батырмасын шер-теміз, сонда экранға провайдер торабы мен өз компьютерінің арасындағы байланыс нәтижесі шығады. Егер арнаның бос еместігі туралы хабар шықса, ОК батырмасын басып, шамалы уақыттан соң, осы әрекетті қайталау қажет. Байланыс сәтті орнатылған жағдайда компьютердің желімен мәлімет алмасу жылдамдығы көрсетіледі де, экранға MTV парақтарының бастапқы титул беті шығады. “MTV news” сөзін таңдап, оны тышқанмен шертеміз,сонда экранға келесі беттегі мәлімет шығады. Егер ол толық көрінбесе, терезе жақтауындағы жоғары-төмен сырғу батырмаларын баса отырып керекті мәліметтерді түгел қарап шығу керек.
MTV парақтарының бастапқы бетіне қайтып оралу үшін Кейін (Назад) батырмасын шертеміз. Енді “Music” сөзін таңдап, келесі мәлімет парағына көшейік. Мұндайда экранға пайдалы хабарламалар шығады. Осы терезедегі Ашу (Открыть) батырмасын, сонан кейін ОК батырмасын шертіп, керекті мә-ліметті өз компьютеріңнің буферіне көшіріп аламыз. Одан ары қарай музы-камен танысуды жалғастыру үшін Бастау (Старт) батырмасын шерту керек. Ұнаған клипті өз компьютеріңе жазып алу мақсатында Ең тәуір жиырмасы (Лучшая двадцатка) атты парақты ашып, клиптің бейнесінде тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек. Сонда пайда болатын жанама менюден элементті ... деп сақтау (Сохранить элемент как...) сөзін шертіп, экранға файлды сақтау диалог терезесін шығарамыз.Одан қатты дискінің керекті бумасын (көбінесе Интернет бумасы) таңдап алу қажет немесе жаңадан аты енгізілген бума ашса да болады. Соңында Сақтау (Сохранить) батырмасын басу керек. Егер бума аты көрсетілмесе, оларды көру үшін жұмыс үстеліндегі файл белгішесін екі рет шерту жеткілікті. Келесі жолы бұл мәліметтерді іздеп отырмас үшін көбінесе оларды Таңдамалы (Избранное) менюінің Бумаға енгізу (Добавить в папку) командасын таңдап, өзіңізге белгілі Ең тәуір жиыр-ма (Лучшая двадцатка) деген атпен сақтауға да болады. Кейіннен ол қажет болғанда, көрсеткі программасы арқылы сол буманы таңдасақ, экранға оның байырғы парағы шығады. Егер жазып алынған мәлімет көбейіп кеткен жағдайда, оларды сұрыптап басқа бумаларға орналастырып қойған дұрыс.
Web - парақтарын көрсетуді басқару
Көрсеткі мүмкіндіктерін қарапайым түрде басқару Түр (Вид) менюі арқылы орындалады. Бұл меню командаларының алғашқы тобы Internet Explorer терезесінің сыртқы түрін өзгерте алады, олар сапаптар тақтасының, қалып қатарының және қосымша тақталардың бейнеленуін басқарып оты-рады.
Қаріптер (Шрифты) командасы Web–парақтарының қаріп түрлерін, олардың мөлшерін және қолданылатын символдардың кодталуын өзгерте алады.Соңғы мүмкіндік әр түрлі тілдерде жазылған құжаттардың дұрыс бейнеленуін қамтамасыз етеді.
Тоқтату (Остановить) және Жаңарту (Обновить) командалары экранда ашық тұрған Web-парағына қатысты орындалады, бұл екеуінің алғашқысы – парақтың жүктелуін доғарса, соңғысы – оны қайталап жүктеу ісін орындай-ды, өйткені бұл құжатты оқығаннан бері ол өзгертілуі мүмкін, сондықтан оның өзгертілген нұсқасын қайталап жүктеу ісін орындаған абзал.
HTML түрінде (В виде HTML) командасы HTML кодын көру ісін атқарады. Кез келген Web-парағының ішкі мазмұны HTML атты арнаулы тілде жазылған. Броузерлер Web-парағын экранда осы тілдің кодтары арқылы жазылған бастапқы мәтінге сәйкес бейнелейді. Internet Explorer көрсеткісі тек Web-парағын бейнелеуді ғана емес, оның кодтарын да қарауға мүмкіндік береді. Ол біліміңді ары қарай жетілдіру мақсатында программалау мен дизайн жасау кезеңінде кәдеге жарап, өз қолыңызбен жасалған парақтардың неге әр түрлі күйде бейнеленуін түсіну үшін қажет болады.
Толық экранға (Во весь экран) қатары көрсеткі программасын толық экранды режимге көшіріп, оның парағын экранға толық бейнелейтін күйге жеткізеді (меню жолы, аспаптар тақтасы көрсетілмейді). Бұл мүмкіндік қазіргі кездегі әр түрлі бейнелерді жасайтын мамандар үшін керек.
Аспаптар тақтасы мен меню қатарындағы басқару элементтерінің көптігіне қарамастан, көрсеткі программасының параметрлерін өзгерту мүмкіндігі шектеулі. Параметрлерді толық масштабты баптаудан өткізу үшін арнайы Түр - Көрсеткі қасиеттері (Вид – Свойства обозревателя) командасын пайдалану қажет.
Іздеу серверлері
Интернет жүйесіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Олардың кейбіреулері өз мәліметтерін 3-5 минут сайын жаңартып отырады. Осындай ақпарат мұхитында керекті мәліметті қалай тауып алуға болады?! Мұндайда көмек беретін іздеу серверлері бар. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың және парақтардың адрестері сақталады.
Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары (directories) мен машиналары (search engines) бар. Олар сатылы құрылымдар-дан тұрады.Керекті құжат төменгі деңгейлерден біртіндеп анықтау тәсілімен ізделеді. Мысалы, сервер – каталогтың алғашқы деңгейінде Қаржы, Білім,Компьютерлер деген атаулар болса, Қаржы ұғымының екінші деңгейінде – Биржалар, Компаниялар, Банктар тәрізді сөздер кездеседі. Ал, үшінші деңгейде – банктар ұлттық, жеке меншіктегі, акционерлік т.б топтарға бөлінеді. Осылай пирамида тәрізді біртіндеп керекті ұғымды айқындай отырып, қажетті мәліметтерді жылдам тауып алуға болады.
Каталогтар құжаттарды спорт, машиналар,ойындар тәрізді жалпы атаулар арқылы іздеуге ыңғайлы. Дегенмен, каталогтар Интернеттегі мәліметтердің тек бір бөлігін ғана қамтиды. Жетіспейтін мәліметтерді іздеу машиналары деп аталатын серверлер арқылы тауып алуға мүмкіндік бар. Көпшілікке танымал іздеу машиналарына мыналарды – Alta Vista, Yahoo, Lycos, Rambler,Yandex, IntoSeek, HotBot, Exsite – жатқызуға болады.
Мысалы, бізге қашықтан оқыту жөнінде құжаттар керек болсын делік. Ол үшін Rambler іздеу машинасын пайдаланайық та, адрестік өріске оның алдын ала анықталған мынадай адресін енгізейік: www.rambler.ru. Іздеу машинасы терезесінің сұраныс қатарына (строка запроса) мынадай өзекті сөздерді (ключевые слова) – “қашықтан”+ “оқыту” (“дистанционное”+”обра-зование”) енгіземіз де, іздеу батырмасын шертеміз. Сонан кейін іздеу маши-насы өз базасынан көрсетілген өзекті сөздер кездесетін құжаттарды іріктеп таба бастайды. Сұранысты одан әрі айқындай түсу мақсатында тағы да бір немесе бірнеше сөз енгізуге болады. Өзекті сөздер көп болған сайын іздеу де сапалы бола бастайды. Егер қостырнақшаға алынған құрама сөздер енгізсек, онда машина сол сөздер кездесетін құжаттарды тауып береді. Мысалы, “Ресейдегі қашықтан оқыту” сөздерін енгіздік делік. Rambler құрамында осы сөздер бар көптеген құжаттарды тауып береді, олардан Красноярск, Томск, Новосибирск университетінде қашықтан оқыту жүйелері бар екенін көреміз. Тышқан курсорының ашылған алақан бейнесіне айналуы активті аймақтың көрсетілгенін мегзейді де, сол сәтте тышқан шертілсе, онда сол сөзбен гипермәтін түрінде байланысқан жаңа құжат немесе Web-парағы ашылады. Осындай бір сөзбен гипермәтін түрінде байланысқан басқа құжат ашылсын делік, оны тез қарап шығып, керексінсек, көшірмесін жұмыс үстеліне орналастырамыз да,кейін желіден шыққан соң, асықпай ол құжатты зерттеп шығуға мүмкіндік болады. Егер ол құжат басқа символдармен өрнектеліп оқылмай тұрса, оның кодталу режимін өзгертеміз.
Ол үшін Вид-Шрифты командасын таңдап, MIME Encoding өрісіне Windows – 1251 кодын орнатамыз немесе керісінше, КО18 – R кодын енгіземіз. Бұрынғы парақтарға қайтып оралғанда, мәтін қайта оқылмайтын түрге келсе, кодтау режимін тағы да өзгертуге болады. Көрген парағымыздың адресін кейін тағы іздемес үшін, Таңдамалы (Избранное) бумасына жазып қою қажет. Әрине, киберкеңістікті аралап жүргенше, керекті сайттардың адресін алдын-ала тауып алған жақсы екені белгілі. Жазылатын файлдар, үнсіз келісім бойынша, жұмыс үстелінде сақталады. Кейбір қызықты сайттар адрестері қосымша беттерде келтірілген. Ондай адрестер “Интернеттегі сарғыш парақтар” (“Желтые страницы Интернет”) кітабында толық жазылады.
Электрондық почтаның белгілі бір адресін анықтау. Мәлімет алушылардан олардың адресін сұрап алу керек, әйтпесе хабарлама алғанда оның “Кімнен”: (“От:” (from:)) деген адрес өрісін қарау қажет. Электрондық почтаның адрестері Web парақтарында жиі көрсетіледі. Оған қоса, Internet Explorer программасының “People on the Web” деген каталогын пайдалануға болады, сарғыш парақтарды пайдалану туралы жоғарыда айтылды.
Электрондық почтаны қолдану кезінде одан зиян шегуге бола ма? Иә, болады. Соныңызға түскендей тәсілмен мәлімет ұсынудан, мағынасыз үстіне-үсті қайталанып келе беретін хабарламалардан, нақты адрестерден деп келген өтірік мәліметтерден қашық болған дұрыс, желі арқылы осындай жайсыз мәліметтермен вирустар ілесіп келуі мүмкін.
Usenet
Usenet бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, дәлірек айтқанда анархиялық жүйелер тобы. Жаңалықтар басқа желілердің хабарландру тақталарындағы мәліметтерге ұқсайды. Басында Usenet бірнеше компьютерден тұратын UUCP желісі болатын. Usenet Internet ішінде орналасады, дәлірек айтсақ, оның жартысынан көбі Internet-те жазылған.
Жаңалықтар тобы (newsgroups). Usenet-тегі жаңалықтар тобы – дүние жүзіндегі адамдардың пікірлесетін, яғни ақпарат алмасуына арналған элек-трондық пікірталас топтары. Мұндай жаңалық топтарында белгілі бір тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды оқуға болады, олар әр түрлі тақырыптарды талқылауға да арналады.Usenet-тегі жаңалықтар ретінде оқы-ған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретінде жариялауыңызға болады. Бұлар құрама сөздер арқылы белгілі бір тақырыптарға топтастырылады, мысалы, rec.sport.basketball.college тобы, мұндағы rec – sport – аталмыш тақырыптың спортқа арналған бөлігін көрсетіп тұр.
Internet-пен жаңа ғана байланыс құрымды, енді жұмысты қалай бастасақ екен? Уақытты, әрі ақшаны бекер жоғалтпау үшін, алдымен жұмыстың сценариін жасап алған дұрыс: WWW-ден не тапқыңыз келетінін алдын-ала нақты анықтап алыңыз да, Web-ке кіріңіз, іздеу машинасының ішкі парағына ауысыңыз да, мәліметті тауып алыңыз. Бұны өзекті бір ғана сөз енгізу жолымен немесе арасында “+” таңбасы қойылған бірнеше сөздер арқылы да іздеуге болады. Іздеу тақырыбы көпшілік қызығатын мәселелердің бірі болуы мүмкін, мысалы, футбол, белгілі бір шикізат, не өнім, әлде бір мекеменің, басылымның немесе атақты адамның аты да іздеу негізі бола алады. Іздестіруді қайталау керек болып қалуы ықтимал, әйтпесе кездескен қиындықтарды шешу үшін сізге көмек керек болуы да мүмкін. Керекті ақпараттар табылса, олардың ішкі беттеріне кіріңіз. Еш нәрсе табылмаған жағдайда, іздестіруді басқа сөздер арқылы жүргізу қажет. Өзіңізге белгілі URL адресін енгізіп, ондағы мәліметтерді көруге де болады.
URL адресі
URL ұғымы “Uniform Resource Locator” деген сөзден шыққан, яғни “ресурстардың әмбебап атауы” деген ұғымды білдіреді. Бұл желіге қосылған компьютерлердің Web-тегі адресін нақты, әрі дәл белгілеп, олардың орналасуын ыңғайлы және бір мәнді түрде анықтайтын адрестеу тәсілі. URL адрестерін көрші бөлмедегі достарыңызға немесе Австралиядағы таныстарыңызға жіберуіңізге болады,соның нәтижесінде олар да сол ақпараттарды сіз сияқты пайдалана алады. Бұл адрестер почталық адреске не телефон нөміріне өте ұқсас.
Гиперорталарды (HTTP://) сипаттайтын, Gopher (Gopher:// мен FTP(FTP://)) ресурстарын, жаңалықтар топтарын электрондық хабарландыру тақталарын (News://) т.б сипаттайтын URL адрестері бар. URL кез келген ресурстың орналасуының нақты анықтауышы. Қысқаша айтқанда, ол – көру программа (броузерлерге) белгілі бір іс-әрекетті орындататын нұсқау. Мысалы, мынадай адрес: URL:http://www.rophet.ru /ogonyek/ - Огонек журналы сайтының Интернеттегі адресі. Осы адресті броузердің адрестер өрісіне енгізсек, Огонек журналының алғашқы іске қосу (бастапқы) парақтарын оқимыз.
“URL адресі табылмай жатыр” деген хабарлама шықса, не істеу қажет? Ол әлі аяқталмаған, әлде қате терілген URL адресі дегенді білдіреді, әлде осы адрес көрсетіп тұрған парақ басқа орынға ауыстырылған немесе өшіп қалған. URL адресі енгізу кезінде (енгізгеннен кейін) оның дұрыс екеніне көз жеткізу керек. Терілген URL адресінің ішінде бос орын болмауы тиіс.
Гипермәтін, гиперорта
Гипермәтін және гиперорта ішіне басқа мәліметтерге сілтеу енгізілген өзге түсті мәтіннен немесе суреттен тұрады. Web парақтарындағы гипермәтіндік не жай қарапайым сілтеулер асты сызылған сөздер арқылы немесе белгіленген сурет көмегімен іске қосылады. Сол сөзді (суретті) тышқанмен шерткенде, сонымен байланысқан басқа құжат ашылады. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда, Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет немесе жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Web-ті Gopher-мен және Wais-пен салыстыру
Gopher жүйесі Web-тің алғашқы түрі болатын. Олар қарапайым мәтіндік құжаттар мен меню түрінде жасалды, оларда WWW-ң артықшылығы болып саналатын гиперсілтемелер мен ішіне енгізілген графика болмаған. Wais қызмет жүйесі де Web-тің басқа бір түрі болатын, ол үлкен мекемелердің көлемді ақпараттарын іздеу және индексациялау жұмыстарын атқару үшін қолданылған. Бұл жүйелердің екеуі де әлі қолданылып келеді, Microsoft Internet Explorer (Netscape Navigator) программасы арқылы оларды қазірде де пайдалану мүмкіндігі бар.
Web парақтарын қарап отырып, вирус жұқтырып алу мүмкін бе?
Жоқ, Web парақтарын көру кезінде оның ішінде суреттер, бейнежаз-балар, дыбыстар немесе көлемді суреттер бар болса да, компьютерге вирус кіре алмайды. Бірақ жаңа қолданбалы не басқа программаны іске қосқанда, оларды жүктегенде кез келген зақымданған программаны іске қосқан сияқты компьютерге вирус еніп кетуі мүмкін. Сондықтан программа алынған желі торабы сенімді ме, жоқ па, ол жағын әркім өзі шешеді. “Автоматты көру режимінде компьютерге вирус кіріп кетуі мүмкін емес.
Глоссарий
ASCII (American Standard Code For Information Inter-change) - мәліметтер алмасудың американдық стандартты коды. Көптеген есептеу жүйелерінде мәтіндік (текстік) мәліметтерді бейнелеу үшін қолданылатын жеті разрядты екілік код.
Bit – бит. Цифрлық информацияны кодтау бірлігі (0 немесе 1,ИӘ немесе ЖОҚ). “Binary digit” сөздің қысқартылған түрі.
Baud – бод. Сигнал түріндегі элементтер мөлшерінің бір секундта жібе-рілетін көлемімен анықталатын мәліметтер алмасу жылдамдығының өлшем бірлігі. Мәліметтері тізбектей алмасу кезінде – 1 бод=1 бит/секундқа сәйкес келеді. Басқаша жағдайларда тасымалданатын сигнал элементі бір биттен артық та бола береді.
BBS (Bulleten Board System) – Электрондық хабарландыру тақтасы, электронды тақтаның компьютерлік аналогі. Бұл модем арқылы байланысуға болатын компьютерде сақталатын мәліметтер, онда басқаларға арналған хабарламаларды қалдыруға, бұрын жазылған мәліметтерді оқуға болады. Егер компьютерде сізге керекті программалар немесе басқа мәліметтер бар болса, оларды көшіріп алуға болады. Әдетте бұл бейкоммерциялық жүйе болып саналады.
Виртуалды (елестейтін) желі – виртуальная сеть – virtual network. Ортақ пайдаланылатын (жалпы мақсатта) желі компьютердің бірсыпырасын бір-бірімен байланысты, бірақ олар өз графигін жөнелту үшін осы желінің тасымалдау мүмкіндігін пайдаланады. Осындай компьютер желісінің басқа машиналарымен байланысатындай, бір-бірімен виртуалды түрде қатынасады.
Виртуалды (елестейтін) байланыс – виртуальное соединение – virtual connection. Байлансқан компьютердегі бір деңгейдегі екі модулді біріктіру, негізінде, ол мұнан төмен орыны көптеген деңгейлерден тұратын көпсатылы мәлімет алмасудан тұрады. Осындай жолмен мәлімет алмасу кезінде әрбір деңгейде тасымалданатын информация бірнеше рет түрлендіруден өтеді.
Виртуалды арна – виртуальный канал – VC (Virtual channel или virtual circiut). Дестелерді (пакеттерді) байланыстыру желілерінде – мәліметтің бастапқы кезегін сақтай отырып (маршруттары әр түрлі болса да), екі торап арасында дестелердің тасмалдауын қамтамасыз ететін арналар. Виртуалды байланыс шақыру кезінде орнатылады да, байланыс сеанс аяқталған кезде жойылады.
Бөлінген сымжелі – выделенная линия – dedicated line (DL). Ол желідегі екі нүктені тұрақты байлап, толыгынан тұтынушы қарамағына беріледі. Провайдер компьютері арқылы орта мөлшердегі жергілікті желіні (локальная сеть) Internet-ке қосу үшін қолданылады.
Бөлінген немесе тікелей қатынас құру – выделенный или непосредственный прямой доступ – dedicated access. Internet-ке қосылған тұтынушылардың барынша жоғары мүмкіндіктерді пайдаланып қатынас құру мүмкіншілігін орнату. Мұндайда Internet-ке қосылып жұмыс істеу бірден хост арқылы жүргізіледі.
Domain – домен. Бір компьютермен басқаратын немесе бір желілік машинасының (желі торабының) басшылық етуімен істейтін информацияның желі қорлары (ресурстары) табылды.
DOS (Disk Operation System) – дискілік операциялық жүйе. Ол жүйенің программалық жасақтар тобына жатады. Көп жағдайларда DOS ұғымына IBM компьютеріне арналған Microsoft фирмасы ұсынған программалық жасақтар жатады.
Қашықтан жүтеу - удаленная загрузка – download. Қашықтағы компьютерлердің мәліметін жұмыс істеп тұрған тұтынушы (қолданбалы) компьютеріне жіберу (алдыру).
E-mail (Electronic - Mail) – электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі.
FAQ (Frequently Asked Questions) – жиі қойылатын сұрақтар, яғни жиі қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптарының тізімі. FAQ тізімдері көптеген Usenet жаңалықтар топтарында және кейбір телеконференцияларда болады.
FIDO (FIDONET) – ауқымды бейкоммерциялық виртуалды компьютерлік желі. Ол мәліметтерді тасымалдау ортасы ретінде қарапайым телефондық байланыс желілерін қолданады.
Gopher – Internet ресурстары мен сервистерін іздеу, олармен байланысу және пайдалану үшін қолданылатын интерактивті қоршау программасы.
HTTP (Hyper Text Transmission Protocol) – гипермәтінді жіберу хаттамасы. WWW–да клиент пен сервер арасында қатынас болу үшін қолданылатын хаттама.
Шоғырлауыш – концентратор - hub Жұлдыз тәрізді топологияны желідегі орталық құрылғы. Бұларда жұмыс станциялары арасындағы мәлімет алмасу тек орталық құрылғы арқылы іске асырылады.
IP (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама interface – интерфейс. Жалпылап айтқанда – екі жүйенің бір-бірімен қатынасуы үшін қолданылатын аппараттық және программалық жабдықтар жиыны. Программалық деңгейде компьютерлер экранында информацияны көрсету және онымен жұмыс істеп тұрған қолданбалы программаның сервистік функцияларын бейнелеу тәсілдері.
KOI – 8 (KOU-8)- мәлімет алмасудың сегіздік коды, ол көптеген жүйелерде, мысалы, UNIX жүйесінде қабылданған. Ресей территория-сындағы Интернет желісінде тасымалданатын мәліметтерді көбінесе осы тәсілмен кодтау қалыптасқан болатын. KOU – 8 тәсілімен кодталған мәліметтерді басқа жүйелерде (DOS, Windows) оқу үшін почта программалары мен броузер программалар қайта кодтауыш жүйелермен қамтамасыз етіледі.
Бағыттауыштар (маршрутизаторы) – желі тораптары болып келетін серверлерде жұмыс істейтін арнайы аппараттық-программалық жабдықтар жиыны.
MINE (Multipurpose Internet Mail Extentions) – интернет почтасын жалпы мақсаттарға байланысты кеңейту. Бұл беймәтіндік мәліметтерді, мысалы, графиканы, аудиомәліметтерді, факстерді, т.с.с тасымалдай алатын электронды почтаның кеңейтілген стандарты болып табылады.
Желі тарабы – узел сети – node. Бірдей хаттамаларды пайдаланып желілерді байланыстыратын компьютерлер.
Pentium – латынша “бес” деген сөз. Әмбебап дербес компьютерлерге арналған Intel фирмасының жасап шығарған процессоры, олар бұрынғы 486- типті процессор орнына пайдаланылады.
Көрсеткі – browser – обозреватель, броузер (кейде браузер) Гипермәтінді (гипертексті) көру программасы. Ол “to browse” - парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау (зат есім). Казіргі кезде бұл сөз WWW мәліметтері парақтарын аралап көру программасының жалпы аты ретінде қалыптасты. Мысалы: Microsoft Internet Explorer; Netscape Navigator, Mosaic. Кейде мұндай программаларды навигатор деп те атайды.
Internet-те қызмет көрсету провайдері – провайдер Интернет – провайдер сервиса в Internet – ISP (Internet Service Provider). Internet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
TCP/IP тобының хатамалары - TCP/IP (Transmission Control Protocol / Internet Protocol) – АҚШ қорғаныс министрлігі жасаған қолданбалы программалар мен тасымалдау хаттамалары жиыны. TCP/IP хаттамаларының іс жүзінде стандарт есебінде (де - факто) қолданылатыны белгілі.Ол UNIX операциялық жүйесінің құрамына кіреді, дегенмен кез келген операторлық ортада пайдаланыла береді. TCР мен IP тәрізді мұның да құрамында UDP тасымалдау деңгейі және SNMP желілік басқару хаттамалары бар, оған қоса қолданбалы деңгейдегі Telnet, FTP, SMTP сияқты хаттамалар да кездеседі. TСP/IP спецификациялары (Қолдану форматтары) PFC құжаттарда жазылған.
Site – сайт. Бір адамның меншігіндегі өзіндік URL – адресі бар World Wide Web парақтарының жиыны. Тұтынушы белгілі бір сайтты көру үшін броузер – программасында оның адресін көрсетуі тиіс, мысалы, огонек журналы сайтының адресі мынандай: http: // www. ropnet. ru /ogonyek/.
telnet – 1. Internet хаттамалары ішінен алынған виртуалды терминал хаттамасы. Internet – тегі басқа компьютерлік жүйелерге кіріп, жай тұтынушы ретінде жұмыс істеу мүмкіндігін береді.
2. telnet хаттамасын пайдаланып қашықтағы есептеу машиналары жүйелеріне кіру мүмкіндігін беретін қолданбалы программа.
TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы. Ол Internet технологиясы үшін іргелі ұғымдардың бірі болып саналады. (TCP хаттамасы IP хаттамасына негізделген).
TCP (Transmission Control Protocol) – мәліметтерді жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
Usenet – бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, дәлірек айтқанда анархиялық жүйелер тобы. Жаңалықтар басқа желілердің жаңалықтарына ұқсайды. Басында Usenet бірнеше компьютерден тұратын UUCP желісі болатын. Usenet Internet-ң ішінде орналасады, дәлірек айтсақ оның жартысынан көбі Internet-те жазылған.
URL – “Uniform Resource Locator” – “ресурстардың әмбебап атауы”. Бұл желіге қосылған компьютердің Web- тегі адресін нақты, әрі дәл белгілеп, олардың орналасуын ыңғайлы және бір мәнді түрде анықталған адрестеу тәсілі. URL адресінің ішінде бос орын таңбасы болмауы қажет.
Homepage – Web жүйесіндегі байланысқан мәліметтерді алғашқы іске қосу (үй парағы) парағы. World Wide Web жүйесіне саяхатты бастаған парақ, ол сайттың да алғашқы беті болып саналады.
Хост – host. Белгілі бір тораптың (түйіннің) желілік компьютері, ол желілік функциялардан басқа тұтынушының тапсырмаларын да орындайды (программалар, әр түрлі есептеу жұмыстары).
Hypertext – гипермәтін (гипертекст) – ішінде активті,яғни екпінді элементі (anchor) бар мәтін, мысалы, осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын сөз. Гипермәтінді оқу үшін browsers – броузер деп аталатын арнайы көру программасы қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп ENTER пернесін бассақ (сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда, Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет немесе жазылған дыбыс күйінде мүмкін.
Workstation – жұмыс станциясы (торап, түйін). Дербес компьютер, терминал немесе адамның басқаруымен мәліметтерді қабылдай, әрі жөнелте алатын басқа кез келген құрылғы.
WWW (World Wide Web), Web – дүниежүзілік кеңейтілген өрмек - әр жерде орналасқан мәліметтер базасындағы керекті ақпараттарды Internet- тегі гипермәтіндік логика арқылы іздеп табатын тармақталған гипермедиалық информациялық жүйе. Мұнда басқа файлдармен байланысты нұсқап тұратын белгіленген өзекті сөздер болады. Ол алғашқы рет CERN-дегі ядролық зерттеулер орталығында жасалған. WWW Internet- тегі барлық құжаттар және мултимедиялық ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәліметтерді пайдалану жолында оларды оқып көру үшін Microsoft Internet Explorer; Netscape Navigator сияқты программаның жабдықтары қолданылады. Олар Internet-тен керекті құжаттарды іздеп табуға, қарауға, жазып алуға мүмкіндік береді. “Гипермәтін” (байланысқан мәтіндер) мүмкіндігі Web мәліметтерінің бірінен-біріне көшуді жеңілдетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Интернетке кіріспе “Бүкілдүниежүзілік өрмек” Алматы 2000
Е.Г.Абдильдин, Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев.
Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ.
Алматы ЖТН 2003. Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов.
страница 1
скачать
Другие похожие работы: