Мазмұны І кіріспе
Мазмұны
І Кіріспе.................................................................................................................3
ІІ Негізгі бөлім
1 AutoCAD-ң негізгі құралдары..........................................................................4
Түзу сызықты кесінділер........................................................................4
Көмекші құрау сызықтары.....................................................................6
Көріністерді басқару құралдары............................................................8
Қолданушы координаттар жүйесі..........................................................8
2 AutoCAD-ғы объектіні редакциялау мүмкіндіктері.......................................9
2.1 Редакциялау құралдары..........................................................................9
2.2 Объектіні таңдау....................................................................................10
2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы..............................10
2.4 Өлшемдерді түзету бұйрықтары..........................................................12
2.5 Объектілерді конструкциялау бұйрықтары........................................13
3 AutoCAD-та мәтінмен жұмыс........................................................................14
3.1 AutoCAD-та бір жолды қарапайым мәтін құру..................................14
3.2 Мәтінді редакциялау мүмкіндіктері....................................................15
3.3 Мәтіндік стильдер.................................................................................15
3.4 Көпжолды мәтін....................................................................................16
4 Күрделі объектілерді құру..............................................................................17
4.1 Полисызық құру....................................................................................17
4.2 Сплайндар..............................................................................................17
4.3 Штрихталған аймақтар.........................................................................18
4.4 Мультисызықтар...................................................................................19
4.5 Эскизді сызықтар құру.........................................................................20
5 Үш өлшемді көріністер салудағы AutoCAD мүмкіндіктері........................23
5.1 Проекциялаудың типтік бағыттары.....................................................23
5.2 Сызбаны бояу.........................................................................................23
5.3 3D-Orbit режимін қолдану....................................................................24
5.4 Үшөлшемді сызбаларын жинақтау......................................................23
5.5 Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы..........................................26
ІІІ Қорытынды ...................................................................................................29
Әдебиеттер............................................................................................................30
Кіріспе
Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.




Графикалық зона


1 – сурет. Auto CAD-ң жұмыс үстелі
AutoCAD-ң бірінші версиясы 1982ж. Жарық көрді және ол DOS жүйесінде жұмыс істеген болатын. Бұл шынында дербес компьютерде жақсы жұмыс істей алатын алғаш автоматты проекциялау программасы еді. Ол кездерде бұл сияқты жүйелерді мықты жұмыс станциялары ғана қолданған. Бірінші версияның басты ерекшелігі, файлдардың көбісі, ASCII форматындағы жай мәтіннен құрылған еді.
Жоғарыда айтылып өткендей, AutoCAD АЖЖ (САПР)-гі қолданымда ең көп болған программа, түрлі техникалық Жобалау облыстарында эффектілі түрде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар графикалық программалық жүйе. Латын емес тілдерді қолданғандар да бұл программаға тез арада үйрене алады. Сол себебті AutoCAD дүниежүзінде конкуренциядан тыс болып, ол дүниенің 150 мемлекетінде қолданылады және 2 миллионнан астам регистрацияланған қолданушыға ие.
AutoCAD 2002 түрлі техника облыстарында, ерекшеленген АЖЖ-де қолданылады:
Архитектуралық АЖЖ-де;
Машина жасау АЖЖ-де;
Географиялық ақпараттық жүйелерде;
Ресурстарды бақылау автоматты жүйелерде;
Электротехника және электроникада;
Мультимедиа жүйелерінде;
AutoCAD жеңіл көрінуі мүмкін, бірақ бұл программаның да қиын жерлері бар. AutoCAD өте үлкен программа болғандықтан, оны 20-30 бетте толығымен ашу мүмкін емес. Бұл программаға жүздеген, мыңдаған бетті кітаптар шығарылып жатыр. Сондықтан AutoCAD-ң ең маңызды жерлерін зерттейік.
1 AutoCAD-ң негізгі құралдары
1.1 Түзу сызықты кесінділер

Жаңа версияда AutoCAD-ң сипаттамасы мүлдем өзгерген жоқ. Жағдайға қарай шақыру мәтінінің варианты таңдалады:
Бас нүктені енгізгеннен кейін мынадай шақыру шығады: Specify next point or [Undo]:. Бірінші және екінші сегменттердің соңғы нүктелері үшін бұл шақыру екі рет қайталанады. Тышқанның таңдауымен кесіндінің келесі бас нүктені белгілейді. Егер тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюдан Undo бұйрығын таңдасақ (немесе “u” әрпін бұйрықтық жолға енгізу арқылы ), онда AutoCAD бұйрықтың орындалуынсыз соңғы сынықтың құрылған сегментін өшіреді.
Минимум екі сегмент құрылғаннан кейін шақыру мәтіні өзгереді: Specify next point or [Close/Undo]: (Келесі нүктені енгізіңіз немесе [Жабу/Бас тарту]:). Егер тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюдан Close бұйрығын таңдасақ, онда AutoCAD соңғы бас нүктені, алғаш бас нүктемен қосады да сызық құрады.
Егер Line бұйрығының алдында басқа сызу бұйрығы орындалған болса, онда Line бұйрығын таңдағаннан кейінгі Specify next point: шақыруына Enter бассаңыз, жаңа кесінді алдында таңдалған графикалық элементтің біткен нүктесінен бастайды.

Бұл бұйрықты таңдағаннан кейін AutoCAD екі шың жөнінде сұрақ шығарады. Шыңдарды белгілеу үшін , егер сіз тіктөртбұрыштың ені 6 см., ұзындығы 3 см. Болу керек екенін білсеңіз, екінші шыңның салыстырмалы координаттарды енгізуге болады:-@6,3. Бір кезде тіктөртбұрыштың белгіленген шамалары, келесі тіктөртбұрыштарға меншіктеледі.
Rectang бұйрығы бірнеше параметрге ие. Қосымша редакциялау операцияларын қолданбай, фаскалы не дөңгелек бұрышты тіктөртбұрыш жасауға болады. Elevation жәнеThikness параметрлерін қолданып, Rectang бұрығы көмегімен тіктөртбұрыш табанды параллелепипед жасауға болады.
Rectang бұйрығы полисызық құрады. Яғни Rectang, келешекте бір объект негізінде қолдануға болатын AutoCAD қарапайымы.

Polygon бұйрығын таңдағаннан кейін қабырға саны берілуі
керек, одан кейін келесі белгіленуі керек үш метод таңдалуы керек:
Edge: ол үшін тышқанның оң батырмасын басылғаннан кейінгі шыққан контекстті менюдегі Edge бұйрығын таңдау, немесе “е” әрпін енгізу керек. Содан кейін көпбұрыш қабырғасының әрбіреуінің жерін анықтайтын екі нүкте белгілеу керек.
Inscribed in circle: тышқанның оң батырмасын басқаннан кейінгі шыққан контекстті менюдан шеңбердің орталығы берілгеннен кейін Inscribed in circle (шеңберге жазылған): бұйрығын таңдау қажет. Осылайша көпбұрыш шеңбер ішінде пайда болады да, шеңбер оның шыңдарымен түіседі.
Circumscribed about circle: бұл параметрдің таңдау жолы да сондай, бірақ көпбұрыш контекстті менюдан Circumscribed about circle: параметрін таңдап немесе бұйрықтық жолға “с” әрпін енгізу арқылы пайда болады. Сөйтіп біз шеңбер сыртында пайда болған көпбұрыш аламыз.
Polygon бұйрығы да, соңында бір объект деп қабылданатын сынықтар сызады.

3Р (3 нүкте): бұл параметрді таңдасақ, шеңбердің ортасын, және екі нүктесін белгілеу арқылы шеңбер құрамыз.
2Р (2 нүкте): бұл жерде шеңбердің екі нүктесін ғана енгіземіз.
Tan tan radius: бұл параметрді қолдану үшін “t” немесе “ttr” аббревиатураларын енгізу керек. Specify point on object for first tangent of circle: пайда болатын шақыруға жанама болатын нүкте көрсету керек. Кейін шығатын Specify point on object for second tangent of circle: шақыруына екінші нүктені көрсету керек. Соңғы этап – радиус белгілеу.
Тағы да Donut (Жүзік) бұйрығы бар. Ол бұйрық ортасы бір, бірақ диаметрлері түрлі шеңберлер сызады.





Endpoint (ақырғы нүкте)













Endpoint (ақырғы нүкте)



Current point modes: PDMODE=34 PDSIZE=0.0000
Specify point:
Мұндағы PDMODE – нүкте салынуының стилінің кодын анықтайды
PDSIZE – нүкте шамасын белгілейді. Бұл айнымалыларды FormatPoint Style менюінде өзгертуге болады. Ал келесі шақыруларға кез-келген методбен нүкте белгілеу керек.
1.2 Көмекші құрау сызықтары
Кей уақыттарда сызбаларда көмекші сызықтарды салуға тура келеді. Олар бөлшектің пішін сызықтарын салу үшін база ретінде болады. Көмекші сызықтар салу үшін Line бұйрығын да қолдануға болады. Бірақ AutoCAD-та ол үшін басқа XLine қарапайымы қолданылады.

Бұл бұйрықты таңдағаннан кейін AutoCAD бұйрықтық жолға шақыру шығарады: Specify a point or [Hor/Ver/Ang/Bisect/Offset]:. Шақыру парметрлерінің мағыналары мынадай:
Hor: горизонталь көмекші сызық жасау үшін пайдаланылады. Бұл параметрді қолдану үшін бұйрықтық жолға “һ” әрпін енгізіп, Specify through point: шақыруына көмекші сызықтың өтуі керек нүктені енгізу керек.
Ver: вертикаль көмекші сызық құрау үшін пайдаланылады. Қолдану үшін “v” әрпін енгізіп Specify through point: шақыруына көмекші сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек.
Ang: бұл параметрді қолдану үшін “а” әрпін енгізу керек. Содан кейін AutoCAD Reference/: шақыруын шығарады. Егер бір сан енгізсек, онда AutoCAD бұл санды бұрыштық параметр ретінде қабвлдап, сызықтың өтуі керек нүктені сұрайды. Егер бас сұраққа “r” әрпін енгізсек, бұрыш санауы басталатын сызықты көрсету керек болады. Кейін, бұрыш шамасын және сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек.
Bisect: бұл параметр оныңшыңдары мен бұрыш жақтарында орналасқан екі нүкте арқылы бұрыш биссектрисасын құруға болады. Бұл параметрді қолдану үшін бұйрықтық жолға “b” әрпін енгізіп, Angle vertex point: шақыруына, құрылып жатқан сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек. Angle start point: шақыруына алдыңғы нүктемен сәуле құрайтын нүкте белгілеу керек, ал Angle and point: шақыруына екінші сәулені анықтайтын нүктені беру керек.
Offset: бұл параметрдің көмегімен әрбір көрсетілген кесіндісіне және сызбаның түзу сызықты элементіне параллель түзу жүргізуге болады. Бұл параметрді қолдану үшін “о” әрпін жазып, екі тәсілмен түзу орнатуға болады:
Базалық түзуден белгілі қашықтықта орналастыру. Ол үшін “o” әрпін енгізгеннен кейін арақашықтық шамасын енгізу керек. Side to offset? сұрағына жаңа түзу базалық түзудің қай жағында орналасу керегін тышқанмен көрсету керек.
“о” әрпін енгізгеннен кейінгі Specify through point: шақыруына жаңа түзудің өтуі керек нүктені көрсету керек.
Ray (Сәуле): XLine-н айырмашылығы, ол бір жағынан шектеулі. Ол да Draw панелінде орналасқан.
Таңдағаннан кейінгі Specify start point: шақыруына сәуленің бастапқы нүктесін енгізу керек. Тура солай Specify through point: шақыруына жауап қайтару керек. Enter батырмасына басып, бұйрықтың орындалуын тоқтатасыз.
1.3 Көріністерді басқару құралдары
Zoom (Көрсет): бұл бұйрық сызба масштабтарын басқаруға арналған. Zoom бұйрығының параметрлері көп. Әрқайсысына тоқтала кетейік:
Window (Терезе): бұл параметрде тіктөртбұрышты терезе белгілеу керек. Бұл терезе, сызба бөлігінің жаңа шегі ретінде жұмыс істейді.
Dynamic (Динамика): бұл параметр бір мезетте масштабтау және “панорамалау” мүмкіндіктерін туғызады:
Панорамалау режимі: “крестикті” терезе құрады. Ол сызбада еркін қимылдай алады. Осылайша кез-келген аймақпен жұмыс істеуге болады.
Масштабтау режимі: терезенің оң жағында “стрелканың” көрінісі пайда болады. Терезенің сол жағында бұрықты таңдағандағы курсордың болған жерінде қалады. Осылайша терезені кішірейтіп-үлкейтуге болады. Масштаб өзгереді.
Scale (Масштаб): таңдалғаннан кейін егер кез-келген сан енгізсек, онда жүйе бұл санды сызба лимитіне байланысты керекті масштаб ретінде санайды. Егер саннан кейін “x” әрпін жазсақ, онда жүйе енгізілген шаманы осы кезге дейін шығарылған көрініске басты масштабы ретінде қарастырады. Ал егер саннан кейін “xp” суффиксін енгізсек, онда жүйе бұл шаманы парақ кеңістігіндегі бірліктерге байланысты берілген масштаб ретінде қабылдайды. 1-ден кіші шама көріністі кішірейтеді, 1-ден үлкен шама үлкейтеді.
Center (Орта): бұл параметр экран үстіне шығарылатын сызба аймағы ортасының жаңа жағдайын енгізу мүмкіншілігін туғызады.
In (Үлкейту): бұл параметр Scale параметрін 2х шамасымен қайталайды.
Out (Кішірейту): бұл параметр Scale параметрін 5х шамасымен қайталайды. All (Бәрі): бұл параметр экранның графикалық зонасы мен сызба лимитінің шекаралары бірдей болатындай масштабтайды.
Extents (Шекаралар): бұл параметр сызбадағы барлық графикалық элементтерін, экранның графикалық зонасына түсетіндей етіп масштабтайды. Previous (Алдыңғысы): бұл параметр алдыңғы масштаб параметрін қалпына келтіреді.
1.4 Қолданушы координаттар жүйесі
AutoCAD-ғы геометрилық объектілер глобальді тікбұрышты абсолют координат жүйесіне байлайды. AutoCAD-та ол “дүниежүзілік координат жүйесі” деп аталады. Графикалық зонаға байланысты өс бағыты жаңа емес: х өсі горизонталь және оңға бағытталған, у өсі тік жоғары бағытталған.
Қолданушылар өз қалауларынша меншікті координат жүйесін құрып, сақтай да алады. Өз координат жүйесін құру үшін Tools менюындағы New UCS-ті таңдаңыз. Сонымен бірге өз қалауларыңызша ҚКЖ пиктограммасын да ауыстыра аламыз. Бұны ViewDisplayUCS бұйрықтарын таңдап, жүзеге асыра аласыз. Сонда UCS Icon сұхбатты терезесі ашылады (2-сурет).

2 – сурет. UCS Icon сұхбатты терезесі
AutoCAD-тағы редакциялау мүмкіндіктері
2.1 Редакциялау құралдары
Редакциялау - AutoCAD-та өте маңызды рөл атқарады. Редакциялаусыз ешбір сызба жұмысы жасала алмайды. Мысалға, сызылған объектіні қайта салудың орнына, көшіру.
Редакциялау бұйрықтарының көбісі Modify менюінде орналасқан. Ең маңызды редакциялау бұйрықтарына тоқталайық:





2.2 Объектіні таңдау
Объектіні таңдау жеңіл көрінгенімен өте жеңіл жұмыс емес. Оның да өзінің параметрлері бар. Бұл параметрлер өте керекті: саны 16. бұл параметрлердің аббревиатуралары бар. Select objects: шақыруына қажетті аббревиатураны енгзсеңіз болғаны. Солардың ең маңыздыларына қысқаша тоқталайық:
Window: бұл параметр диагоналінен екі бұрышы көрсетілген терезеге толығымен кірген объектілерді таңдайды. Терезені ашқанда солдан оңға қарай ашу керек.
Last: соңғы құрылған объектіні таңдайды.
Crossing: терезеге толығымен не бөліктеп кірген объектілердің бәрі таңдалады. Терезені ашу оңнан солға қарай бағытталған.
Box: бұл Window және Crossing параметрлерінің комбинациясы. Егер терезені оңнан солға белгілісеңіз, онда Crossing параметрін қолданудасыз, ал егер солдан оңға ашсаңыз Windows параметрін қолданасыз.
All: бәрін таңдайды.
Fence: уақытша таңдау сынық сызығын құруға мүмкіндік тудырады. Сызықты қиған барлық объектілер таңдалады.
Wрolygon: бұл параметр дұрыс көпбұрыш құрады, және ішіне кірген объектілерді таңдайды.
CРolygon: дұрыс көпбұрыш жасайды. Ішіне толығымен және бөліктеп кірген объектілерді таңдайды.
Group: аты бойынша объектілерді таңдайды.
2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы


Modify панелінен Array батырмасын таңдау
Шыққан Array терезесінен (1.3-сурет) Polar Аrray белгілеуін таңдау
Егер Array батырмасын басардың алдында, объектілер таңдалған болса, онда Array терезесінде объект санының тізімі пайда болады. Таңдалмаған болса, Select objects батырмасын басып, қажетті объектілерді таңдағаннан кейін Enter батырмасын басып, қайта Array тересесіне оралуға болады.
Массивтің орталық нүктесін белгілеу. (х,у координаттары бойынша) немесе Pick Center Point батырмасын басып, нүктені белгілеуге болады.
Ашылған Method терезесінде үш элемент пайда болады:
Total number of Items: басты және көшірілетін объектінің жалпы саны.
Angle to fill: массивпен қамтылатын шеңберлі сектор шамасын белгілеу.
Angle between Items : шеңберлі массивтің екі көршілес объекті арасындағы бұрышты белгілеу.
Қажетті массив элементінің санын енгізіп, бұрыштарын қалауыңызша таңдап алуыңызға болады.

3 – сурет. Array сұхбатты терезесі

● Егер шақыруға арақашықтық енгізсек, онда AutoCAD Select objects to offset or
● Объектіге көрсетілген нүкте арқылы өтетін ұқсас объектілерді құру үшін “t” әрпін, кейін
Align (Түзету): Тек бір операция арқылы бір және бірнеше объектіні жылжытуға немесе бұруға мүмкіндік тудыратын бұйрық. Бұл бұйрық 3-өлшемді объектілермен жұмыс кезінде өте маңызды. Объектіні түзету үшін Modify => 3D operations => Align бұйрықтарын кезептен шақыру керек. Одан кейін AutoCAD объектідегі шеткі нүктені көрсетуге шақырады және ол нүктеге орны сәйкес нүкте көрсетуі тиіс. Егер дене күрделі болса, онда бұл нүктелер саны бірнеше болады.
2.4 Өлшемдерді түзету бұйрықтары

Current settings: Projection = UCS Edge = None
Select cutting edges…
Select objects:
Бірінші қатар кесу процесінің жүйелік айнымалысын қамтиды. Еске түсіре кетерлік нәрсе! Ал 2-ші және 3-ші қатардағы шақыруға кесуші объектілерді таңдап көрсету керек. Кесуші объектілер мен кесілуші объектілердің қиылысуы міндет емес. Сол үшін объектілерді таңдағанда (кесуші/кесілуші) сіздің сызбаға сәйкес методты таңдау қажет:
● Егер кесуші мен кесілуші объект қиылысса, онда келесі Select object to trim or shift-select to extend or [Project/Edge/Undo]: шақыруына кесілуші объектілерді көрсету керек.
● Ал егер қиылыспайтын кесуші және кесілуші объектілермен жұмыс істеу керек болса, онда кесуші объектіні көрсеткеннен кейін шығатын Select object to trim or shift-select to extend or [Project/Edge/Undo]: шақыруына Edge немесе “e” параметрін таңдап алу қажет. Келесі Enter an implied edge extension mode [Extend/no extend]


Lengthen бұйрығын қолдану үшін Modify панелінен Lengthen батырмасын басу керек. Сонда шығатын Select an object or [Delta/Percent/Total/Dynamic]: шақыруына сізге керекті параметрді таңдау керек.
● Delta – ағындағы және жаңа ұзындық немесе бұрыш арасындағы өзгеріс болып есептеледі. Егер Delta параметрін таңдасаңыз, Enter delta length or [Angle]<0.0000>: шақыруына жауап ретінде, егер орталық бұрышты өзгерткіңіз келсе, онда контекстті менюден Angle бұйрығын таңдауыңыз керек. Кейін орталық бұрыш өзгеруі тиіс бұрыш шаманы еңгізіңіз. Ал егер сіз ұзындықты өзгерткіңіз келсе, онда объект ұзындығы өзгеруі тиіс шаманы еңгізіңіз.
● Percent – контекстті менюден Percent-ті таңдап, Enter percentage length <000.0000>: шақыруына объектінің өзгеру шамасын процентпен көрстеуіңіз керек болады.
● Total – Specify total length or [Angle] <1.0000>: шақыруы, Total параметрін таңдасаңыз шығады. Бұл жерде жоғарыда айтылып кеткендей не Angle параметрін таңдау, не объектінің жалпы ұзындығын енгізу керек.
● Dynamic – бұл параметр белгіленген нүктеге соңғы нүктені мүмкінше жақын орналастырады.

Базалық нүкте беруге болады. Specify second point or displacement: шақыруына екінші нүктені белгілеу керек.
Орын ауыстыру шамасын бұйрықтық жолға енгізуге болады. Мысалға объектіні 6 метрге ұзарту үшін “6’<0” енгізіңіз. Содан кейін Specify second point of displacement: шақыруына Enter басыңыз.
2.5 Объектілерді конструкциялау бұйрықтары


(Trim mode)
Current chamfer Dist1=0.5000, Dist2=0.5000
Select first line or [Polyline/Distance/Angle/Trim/Method]: шақыруына жауап қайтару керек.
2-ші қатарда, соңғы рет Chamfer бұйрығын қолданғанда қалған параметрлер көрсетіледі.
● Екі катеті бойынша фаска құру үшін Distance параметрін таңдап, Specify first chamfer distance <0.5000>: шақыруына бірінші катет параметрін белгілеу керек, немесе соңғы параметрге риза болсаңыз
● Катет және бұрыш арқылы катет параметрін қолдану үшін Angle параметрін таңдау керек. Specify chamfer length or the first line <1.0000>: шақыруына объект жағының үстінде нүкте көрсету керек. Белгілегеннен кейін Specify chamfer angle from the first line <0>: шақыруына сол нүктеден фаска бұрышын енгізу керек.

Параметрлерді енгізу үшін Modify панелінен Fillet бұйрығын таңдау керек. Сол кезде Current settings: Mode=TRIM, Radius=05000
Select first object or [Polyline/Radius/Trim]:
шақыру шығады. Бірінші қатарда түйіндесу режимінің параметрлері көрсетіледі. Екіншісінде, шақыру беріледі. Жауап ретінде үш вариант жарамды:
● Radius – бұл параметр, түйіндесу радиусын енгізу үшін арналған. Select second object: шақыруына, объектіні таңдау керек.
● Trim – AutoCAD автоматты түрде түйіндес кесінділерін жояды. Егер ол кесінділерді сақтау керек болса, Trim параметрін көрсетіп, оған No Trim шамасын беру керек.
● Polyline – полисызыққа түгелімен түйіндесу жүргізу үшін Polyline параметрін таңдаңыз.
3 AutoCAD-та мәтінмен жұмыс
3.1 AutoCAD-та бір жолды қарапайым мәтін құру
AutoCAD-та, бұрыннан белгіленген шрифт пен шрифт биіктігі қабылдап, жол мәтінді құру оңай. Ол үшін Draw=>Text=>Single Line Text бұйрықтарын қолданыңыз. Сөйтіп DText бұйрығын активтендіресіз. Шығатын шақырулар мағынасы мынадай:
Current text style: “STANDARD” Text height: 0.2000 – ағындағы параметрлер көрсетіледі.
Specify start point of text or [Justify/Style]: – мәтіннің бастапқы нүктесін белгілеңіз
Specify height <0.2000>: – мәтін биіктігін енгізіңіз немесе ағындағы биіктік талабыңызға сай болса Enter басыңыз.
Specify rotation angle of text <0>: – мәтіннің бұрылу бұрышын енгізіңіз немесе берілген бұрышты қалдыра салыңыз (Enter басып)
Enter text: – мәтінді енгізіңіз. Енгізгеннен кейін Enter басыңыз.
Enter text: – егер бітірген болсаңыз қайта Enter басыңыз.
DText бұйрығының негатив жері – 1) сөз аралық қашықтықты енгізе алмайсыз. Бірақ ара қашықтықты басқа бұйрықтар көмегімен белгілеуге болады (It (Text парметрі үшін), Idt (Dtext парметрі үшін)). Сонымен қатар ”123” бұйрығы нөмірленген тәсіл құрады 2) DText бұйрығы кейбір форматтау мүмкіндіктерін қамтымайды. Сондықтан арнаулы символдар мен форматтау атрибуттарын құру үшін арнаулы кодтар қолданылады:
% % 0 – мәтін үстін сызу режимін не іске қосады, не өшіреді
% % u – мәтін астын сызу режимін не іске қосады, не өшіреді
% % d – градус дәрежесін (º) құру
% % p – плюс-минус (±) символдарын құру
% % c – шеңбер диаметрі (ø) символын құру
Мыс:
35.3 not 35.8 → % % u 35.3% u not 35.8
ø 1.5 → % % с 1.5
3.2 Мәтінді редакциялау мүмкіндіктері
Мәтінді редакциялау, екі тәсілмен асырылуы мүмкін:
Modify панелінен Text бұйрығын таңдап, Select an annotation object or [Undo]: шақыруына керек мәтінді көрсету керек. Жауап ретінде жүйе Edit Text терезесін ашады. Бұл терезеде таңдалған мәтін болады. Сол мәтінді өзгерту керек.
Объектіні таңдап, тышқан оң батырмасын басып, Properties батырмасына басу керек. Сол кезде Properties терезесі ашылады. Бұл терезеде мәтінді редакциялаудың көп түрі бар.
3.3 Мәтіндік стильдер
Әрқашанда бір шрифтті қолдану қызықтырмайтыны сөзсіз. Сол үшін AutoCAD-та мәтіндік стильдерді, талабыңызға сәйкес құруға болады.
Жаңа мәтіндік стиль құру үшін Format=>Text Style менюын қолданыңыз. Сөйтіп STYLE бұйрығын жүктейсіз. Сонда Text Style сұхбат терезесі ашылады (1.5 сурет). Бұл терезе 3 аймақтан тұрады:
Style Name – стиль аттарымен жұмыс істеу үшін арналған аймақ. Жаңа ат, ат өзгерту немесе өшіру функциялары қамтылған.
Font – бұл аймақта сізге керек шрифт және оның параметрлері (биіктігі, курсив) енгізілуі керек.
Effects – аймағында мәтінге байланысты түрлі әрекеттер жасалуы мүмкін. Мысалы мәтінді үстін астыға қаратып жазу, артын алдына қаратып жазу, мәтіннің “қысылуын” енгізу, вертикальді мәтін құру немесе иілу бұрышын енгізуге болады. Түзу тұрған мәтін әрпінің бұрышы 0-ге тең. Оған сәйкес минусты сандар мәтінді солға иеді, плюсты сандар оңға иеді.
Параметрлер енгізіліп біткеннен кейін Array батырмасы басылуы тиіс.
3.4 Көпжолды мәтін
Егер сызбаға аса ұзын жазу енгізу керек болса, онда бір жолды мәтінді қолдану ыңғайсыз болады. Multiline Text pедакторы бұл проблеманы шешеді.

Жауап ретінде AutoCAD ағындағы мәтін стилін және биіктігін шығарады. Specify first corner: және Specify 2nd corner or [Height/Justify/Line Spacing/Rotation/Style/Width]: шақыруларына мәтін жазылуы тиіс бірінші және екінші бұрышты белгілеу қажет. Multiline Text Editor терезесіндегі салымдар ерекшеліктері мынадай:
Character: мәтін символдарының форматтау атрибуттарын өзгерту үшін қосылады.
Properties: шрифт кескінін түзету атрибуттарын, азат жол енін және бұрылыс бұрышын белгілеу үшін қолданылады.
Line spacing: бұл салымды мәтіннің жол-аралық интервал баптауын қолдайды.
Find/Replace: мәтінді табу немесе белгіленген мәтінді ауыстыру үшін қолданылады.
Сызбада мәтінді іздеу. Сызбада мәтінді іздеу қызметі өте керекті. Ол бұйрық Edit менюінде орналасқан. Edit менюінен Find бұйрығын таңдағанда Find and replace терезесі ашылады (4-сурет).

4 – сурет. Find and Replace сұхбат терезесі
Орфографияны тексеру. Орфографияны тексеру Spell бұйрығымен орындалады, ол болса Tools менюінде орналасқан. Spelling батырмасын таңдағаннан кейін Check spelling сұхбатты терезесі ашылады (5-сурет).



5 – сурет. Check spelling сұхбатты терезесі
4 Күрделі объектілерді құру
4.1 Полисызық құру

Arc – қосымша параметрлер жиыны көмегімен доға жүргізу мүмкіндігін туғызады.
Close – соңғы сегменттің соңғы нүктесімен полисызықтың бастапқы нүктесі арасында сызық жүргізеді.
Halfwidth – полисызықтың бастапқы және соңғы нүктесінде сызықтың жартылай енін белгілеуге мүмкіндік береді.
Length – алдыңғы доғаға жанама немесе алдыңғы сызыққа бағыттас келесе сызықтың сегмент ұзындығын белгілейді.
Undo – соңғы сегментті өшіреді.
Width – полисызықтың бастапқы және соңғы нүктесінде сызықтың енін белгілейді.
Полисызықтарды редакциялау болса, Pedit бұйрығы және Properties сұхбатты терезе көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
4.2 Сплайндар
Сплайн дегеніміз – белгілі мөлшердегі нүктелер арқылы өтетін қисық.

Close: берілген жанама бағыты бойынша үзіліссіз қисықтың соңғы нүктесін біріншісімен қосады.
Fit tolerance: белгіленген нүктелерге қашықтықта сплайн өтуін енгізу керек.
Start tangent: ең соңында AutoCAD қисықтың бастапқы және соңғы нүктесінде жанама бағытын көрсетуге шақырады.
4.3 Штртихталған аймақтар


6 – сурет. Quick салымы активтендірілген Boundary Hatch терезесі.
Шртих түрін Type немесе Pattern (немесе”…”) батырмаларына басып таңдай аласыздар. Штрих түрінің иілу бұрышын Angle аймағында енгізе аласыз. Штрих масштабын белгілеу үшін сәйкес шаманы Scale аймағында енгізуіңізге болады.
Ең қиыны штрих параметрлерін енгізу емес, штрихталуы тиіс аймақты белгілеу. Егер сызбаңыз өте күрделі болса, онда AutoCAD көптеген есептеулер орындайды.
Boundary Hatch терезесінде штрихтаудың екі амалы берілген: штрихқа арналған сызба бөлімінде нүкте көрсету және объектілерді таңдау. Егер сіз объектілерді таңдағыңыз келсе, онда Select objects батырмасына басыңыз да, керек объектілерді белгілеңіз. Ал егер нүкте енгізгіңіз келсе, онда Pick points батырмасына басып, Select internal point шақыруына ішкі нүкте көрсетіңіз.
Штрих түрін өзгерту үшін ModifyObject менюінен Hatch бұйрығын таңдаңыз. Сонда Hatch Edit терезесі ашылады. Ол Boundary Hatch терезесіне ұқсас. Тек кейбір аймақтар жабық болады.
4.4 Мультисызықтар

Сақталған мультисызығыңызды қолдану үшін Draw панелінен Multiline батырмасына басыңыз. Экранда Specify start point or [Justification/Scale/Style]: шақыруы шығады. Біз параметрлерді қолданбай дерек бастапқы нүктені белгілейміз. Сонда Specify next point: шақыруы шығады, оған бірінші сегменттің соңғы нүктесін енгіземіз. Екінші сегмент нүктелерін де біріншісінен кейін енгізуге болады.
4.5 Эскизді сызықтар құру
Sketch бұйрығының көмегімен эскизді сызықтарды еркінше салуға болады. Бұйрықты жүктеу үшін бұйрықтық жолға “sketch”-ті енгізіңіз. Онда: Record increment<0.1000>:
Sketch. Pen exit Quit Record Erase Connect шақыруы шығады. Бұл жерде қадам шамасы енгізілуі тиіс. Эскиз салу үшін “р” әрпін енгізіп, эскиз траекториясының бастапқы нүктесін белгілеп (
шақыруы шығады), керекті траекториямен тышқанды қозғалтумен сыза аласыз. Бітіргеннен кейін тышқанның сол батырмасына басыңыз. Бірақ эскиз түсі жасыл болады, өйткені ол әлі тұрақтанған жоқ. Тұрақтандыру үшін “r” әрпі енгізіліп,
5 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCAD мүмкіндіктері
Үш өлшемді модельдермен жұмыс кезіндегі басты мақсат – Жобалаудың түрлі бағытта, объектінің көрінісін құру.
5.1 Жобалаудың типтік бағыттары
AutoCAD он типтік бағыт ұсынады. Олар View менюінде орналасқан:










5.2 Сызбаны бояу
Егер модельдің көркем көрінісін тез алуымыз керек болса, онда бояуды қолданамыз. Бұл жерде жарық көзі біреу ғана болады да, модель ол жарық көзі тарапынан айдынлатады.
Бояуды қолдану үшін View менюінен Shade бұйрығын таңдаңыз немесе бұйрықтық жолда “shademode” енгізіңіз. Параметрлер мағыналары астыда берілген:
2D Wireflame: қарапайым каркасты объектқұрылады
3D Wireflame: модель көрінісі каркасты бірақ ҚКЖ үш өлшемді пиктограммалы
Hidden: таңдалған кесінділерді көрінбейтіндей жасайды, яғни нақты көріністе көрінбейтін сызықтарды жасырады
Flat shaded: шек пішінімен шектелген облыстың жартытонды толтырусыз болатын “тегістің құрылуы”
Gouraud shaded: түрліше ориентацияланған шек арасында жартытонды тегістелген “көшудің” құрылуы. Сөйтіп объектінің қисық сызықты кеңістікті формасы көрсетіліп, шыншылды объект көрінісі пайда болады.
Flat shaded, Edges on: қабырғасы каркасты болатын Flat shaded параметрі
Gouraud shaded, Edges on: бұл параметрде де қабырғалар каркасты болады және Gouraud shaded параметрі орындалады.
5.3 3D-Orbit режимін қолдану
3D Orbit құралы кеңістіктегі модель айналасында қозғалып, модельді еркін көруге мүмкіндік береді. Бұл құралды қолданғанда, объектіні қозғалтқанмен масштаб өзгермейді. Шығу үшін

Шеңберлі “стрелка” режимінде курсордың көмегімен бұрылыс. Тышқанның сол батырмасын басып тұрған күйде курсорды жылжыту кординаталы шарды қозғалысқа әкеледі.
“Сфера және сызықтар” режиміндегі бұрылыста, тышқанның сол батырмасын басулы күйде курсорды ішкі бір бұрышын екішіге жылжытқанда обьект елестетілген өс айналасында бұрылады.
Модель көрінісінің вертикаль өс айналасында бұрылуы. Бұл режимде кординаталық шардың сол және оң жағында орналасқан кішкене шарлардың ішіне курсорды әкеліп, тышқанның сол батырмасын басулы күйде жылжытсақ, обьект вертикаль өс бойынша жылжиды, курсор басқа бағытта жылжитын болса, ол жауапсыз қалады. Яғни курсор тек солға немесе оңға бұрылады.
Модель көрінісінің горизонталь өс айналасында бұрылуы. Осы режим де алдынғы режим сияқты жұмыс істейді. Бірақ объект горизонталь өс бойында жылжиды.

3D Orbit-пен жұмыс істегеннен кейін модельдің бастапқы көрінісіне оралу үшін тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюден Reset View параметрін таңдау керек.
5.4 Үшөлшемді модельдердің сызбаларын жинақтау
AutoCAD-та үшөлшемді сызбаны жинақтауды үш бұйрық орындайды:
SOLVIEW: көріністі экрандарды және ортогональды проекцияларды перпендикуляр жазықтықтарға салуды автоматты түрде орындайды. Оны қолдану үшін Solids панелін шақырып Setup View батырмасына басыңыз. SOLVIEW бұйрығының параметрлер саны 6:
UCS параметрі ағындағы ҚКЖ-н таңдауға мүмкіндік туғызады. ҚКЖ-ні таңдағаннан кейін масштабты белгілейміз. Содан кейін көрініс орталығы туралы сұрақ шығады. Талабыңыз орындалмағанша нүктені белгілей беріңіз. Соңында Enter басыңыз.
Ortho параметрі ортогональді проекциялар құрайды. Specify side of viewport to project: шақыруына көрініс экранының жағын басыңыз.
Auxiliary параметрі қиғаш көріністер құрады. Specify first point of inclined plane: және кейінгі Specify second point of inclined plane: шақыруларына екі нүкте белгілеңіз. Бұл екі нүкте қиғаш көріністің бұрышын анықтайды.
Section параметрі көлденең кесік құру үшін жұмыс істейді. Specify first point of cutting plane: шақыруына кесуші жазықтықтың нүктесін көріністі экранда көрсетіңіз де, Specify point of cutting plane: шақыруына кесуші жазықтықтың екінші нүктесін белгілеңіз. Сөйтіп сіз кесуші жазықтықты құрайсыз.
Exit параметрі SOLVIEW бұйрығының орындалуын аяқтайды.
SOLDRAW: біріншіден бұл бұйрық орындалуы үшін SOLVIEW бұйрығы орындалу тиіс. SOLDRAW, SOLVIEW негізінде жасалған көріністерді пішіндері тұтас және пунктир сызықтардан тұратын кесіктер жасайды. Ал кесік іші штрихталады. Бұл параметрді іске қосу үшін Solids құралдар панелінде Setup Drawing батырмасына басыңыз. Шыққан шақыруларға объектілерді белгілеу керек.
Штрихты өзгерту үшін HatchEdit бұйрығын қолдануға болады.
SOLPROF: бұл бұйрық SOLDRAW бұйрығы сияқты. Бірақ оны іске қосу үшін SOLVIEW бұйрығының орындалуы міндет емес және оның мүмкіндіктері көбірек.
SOLPROF бұйрығын қолдану үшін Solids панелінен Setup Profile батырмасына басыңыз. Сонда Display hidden profile lines on separate layer?[Yes/No]: сұрағы шығады. Егер сіз кескіннің жасырын сызықтарын бөлек қабатта елестеткіңіз келсе “y” әрпін енгізіңіз, ал бас тарту үшін “n” енгізіңіз. Кейін жасырын сызықтарды қайта көрсетуге болады.
Project profile lines onto a plane? [Yes/No]: шақыруына “y” енгізсеңіз, екіөлшемді объектілер құрылады, сәйкес “n” енгізілсе, үшөлшемді объектілер құрылады.
Delete tangential edges? [Yes/No]: шақыруына жанама шектерді құруға немесе өшіруге мүмкіншілік береді, сәйкес “y” немесе “n” енгізіңіз.
5.5 Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы
Параллелепипед. Жасалу жолы:
Surface панеліндегі Box батырмасына басыңыз.
Specify corner point of box: шақыруына параллелепипед сол табанының координаталарын енгізіңіз.
Specify length of box: шақыруына х өсі бойымен параллелепипед ұзындығын анықтаңыз.
Specify width of box or [Сube]: шақыруына у өсі бойымен параллелепипед енін енгізіңіз, ал егер Cube параметрін енгізсеңіз, онда куб пайда болады.
Specify height of box: шақыруына z өсі бойынша параллелепипед биіктігін енгізу керек.
Specify rotation angle of box about z axis or [Reference]: шақыруына z өсі айналасында бұрылу бұрышын енгізсеңіз, сізде көлденең параллелепипед пайда болады. Егер тік параллелепипед құрғыңыз келсе, онда 0 енгізіңіз.
“Клин”. Жасалу жолы параллелепипедтың жасалу жолымен ұқсас, тек қана куб параметрі қолданылмайды, өйткені “клин” параллелепипедтің жартысы.
Пирамида. Пирамида түрі көп болғандықтан (төртбұрыш табанды, үшбұрыш табанды, қиғаш пирамида...), бұл бұйрықтың параметрі көбірек.
Жасалу жолы:
Surfaces панелінде Pyramid батырмасына басыңыз.
Specify first corner point for base of pyramid: шақыруына пирамида табанының кез-келген бұрышын белгілеңіз.
Specify second corner point for base of pyramid: шақыруына табанның екінші бұрышын белгілеу керек.
Specify third corner point for base of pyramid: шақыруына үшінші нүктені белгілеңіз.
Specify fourth corner point for base of pyramid or [Tetrahedron]: шақыруына төртбұрыш табанды пирамида құрғыңыз келсе, төртінші бұрышты немесе үшбұрыш табанды пирамида құрғыңыз келсе Tetrahedron-ді таңдаңыз.
Егер Tetrahedron параметрі таңдалған болса, Specify apex point of tetrahedron or [Top]: шақыруы шығады. Жауап ретінде үш қабырғаның түйісетін нүктені белгілеңіз. Немесе кесік пирамида құрғыңыз келсе Top параметрін енгізіңіз де пирамиданың үстіңгі бұрыштарын белгілеңіз. Ал егер төртбұрыш табанды пирамиданы таңдаған болсаңыз, Specify apex point of tetrahedron or [Ridge/Top]: шақыруы шығады. Бұл жерде қабырғалардың түйісетін бір нүкте “хребет” немесе Top параметрлі үстіңгі төртбұрыш енгізуге болады.
Конус. Жасалу жолы:
Surfaces панелінде Cone батырмасына басыңыз.
Specify center point of cone: шақыруына конус табанының орталық нүктесін белгілеу керек.
Specify radius for base of cone or [Diameter]: шақыруына конус табанының радиусын немесе Diameter параметрін таңдап диаметрін белгілеңіз.
Егер сіз кесік конус құрғыңыз келсе, Specify radius for top of cone or [Diameter]: шақыруына конустың үстіңгі шектің радиусын немесе диаметрін белгілеңіз. Немесе 0 енгізіп, толық конус құрыңыз.
Конус биіктігін Specify height of cone: шақыруынан кейін енгізіңіз.
Enter number of segments for surface of cone<16>: шақыруына болса, конустың сыртқы сегмент санын енгізіңіз. Ең минималды шама – 16.
Сфера. Жасалу жолы:
Surfaces құралдар панеліндегі Sphere батырмасына басыңыз
Specify center point of sphere: шақыруында сфераның орталық нүктесі сұралады.
Specify radius of sphere or [Diameter]: шақыруы шыққанда, сфера радиусы не диаметрін (параметрді) енгізіңіз.
Enter number of longitudinal segments for surface of sphere<16>: және кейін шығатын Enter number of latitudinal segments for surface of sphere<16>: шақыруларына сәйкес сфераның вертикальді және горизонтальді сегмент санын енгізіңіз. Ең кіші сегмент саны – 16.
“Свод”. Свод – сфераның үстіңгі жартысы. Жасалу жолы:
1. Surfaces құралдар панеліндегі Dome батырмасына басыңыз
2. Specify center point of dome: шақыруында сводтың орталық нүктесі сұралады.
3. Specify radius of dome or [Diameter]: шақыруы шыққанда, свод радиусы не диаметрін (параметрді) енгізіңіз.
4. Enter number of longitudinal segments for surface of dome<16>: және кейін шығатын Enter number of latitudinal segments for surface of dome<8>: шақыруларына сәйкес сводтың вертикальді және горизонтальді сегмент санын енгізіңіз.
“Чаша”. Сфераның астыңғы бөлігі. Оның жасалу жолы сводтың жасалу жолымен бірдей.
“Тор”. Жасалу жолы:
Surfaces панелінде Torus батырмасына басыңыз.
Specify center point of torus: шақыруына тордың орталық нүктесін белгілеңіз.
Specify radius of torus or [Diameter]: шақыруына тор радиусын немесе диаметрін енгізіңіз.
Specify radius of tube or [Diameter]: шақыруына жауап ретінде, тор трубкасының радиусын немесе диаметрін енгізіңіз.
Enter number of segments around tube circumference<16>: және Enter number of segments around torus circumference<16>: шақыруларына сәйкес тордың құраушысы бойындағы сегмент санын және тор трубкасының айналасындағы сегмент санын енгізіңіз. Ең аз сегмент саны – 16. []:ң ды саны - 8.жолымен бірдей.
Қорытынды
Әрбір нәрсенің соңы бар демекші, мен де өз жұмысымды бітірдім. Әрине бұл программа толығымен қамтылмаған: үшөлшемді модельдердің көріністерін түрлендіру, шамаларды енгізу, AutoCAD-та программалау (AutoLISP) және слайдтар құру сияқты көптеген қызықты да керекті тақырыптар зерттелмеген. Дегенмен де AutoCAD программасының негіздері қарастырылды.
Бұл программа біздің өмірімізде өте қажетті деп, өз ойымды айтқым кеп тұр. Барлық архитектуралық фирмаларда осы прогармма қолданыста. Бұл программа өз сферасындағы ең үздік программа. AutoCAD программасынан бұрын архитекторлар және бұл сферада жұмыс істейтін барлық мамандар өз жұмыстарын өздері сызып отырды, бұл жұмыстар көп мөлшерде уақытты қажет етті, сонымен бірге сызба жабдықтарын әрдайым сатып алу керек болды. Бірақ AutoCAD-ң шығысымен сызбадағы салыстырмалы қателіктер минимумға кеміді, көптеген жаңа да керекті операциялардың көмегімен, сызба сызу жеңіл де қарапайым іске айналды. Оны кез-келген адам үйрене алады. Керек болғаны тек қана жаңа компьютер және көп-көп практика.
Сонымен AutoCAD-ң негіздерін бітірдік. Бұл жұмыс, көбінесе AutoCAD программасын үйренуді енді ғана бастағандарға арналған.
Әдебиеттер
1. AutoCAD 2002 “Библия пользователя”, Эллен Финкельштейн, СП 2004ж
2. AutoCAD 2002 “Энциклопедия”, Джеймс Лич, СП 2002ж
3. AutoCAD 2000 “Практический курс”, А. Федоренков, К. Басов,
М 2000ж
4. AutoCAD 2000 “Для начинающих”, А. Ярвуд, М 2000ж
страница 1
скачать
Другие похожие работы: