Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау
Республикамызда соңғы жылдары аймақтың экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұл жерде салық жүйесінің алатын орны зор.
Қазақстан Республикасы салық жүйесін басқару Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке, Үкіметке,Қаржы Министрлігіне жүктеледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды.
Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттің болуын көздейді.
Жергілікті бюджеттердің құрылуының қазіргі механизмі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, арнайы бюджеттік және салықтық заңнамалардың нормативтік актілермен, бюджет аясындағы мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерді бөлуді анықтайтын басқа да заңдармен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының аймақтық бірегей бюджеті жергілікті бюджет бола отырып, елдің бюджет жүйесінің дербес буыны болып табылады. Бюджеттік қаржылардың орталақтандырылу деңгейін сипаттайтын әр түрлі деңгейлер бойынша бюджеттің табыс бөлігінің бөліну құрылымын айқындайтын 1-кесте деректеріне назар аударайық.
Кесте-4 Қазақстан Республикасындағы бюджеттердің әр түрлі деңгейлері бойынша табыстардың бөліну құрылымы.
Бюджет түрлері | 2001ж | 2002ж | 2003ж | 2004ж | 2005ж | |||||
Млн.тг | % | Млн.тг | % | Млн.тг | % | Млн.тг | % | Млн.тг | % | |
Республикалық | 250352 | 53,5 | 317748 | 54,1 | 393584 | 53,6 | 505709 | 62,6 | 722000 | 59,7 |
Жергілікті | 217575 | 46,5 | 269290 | 45,9 | 340352 | 46,4 | 302331 | 37,4 | 486376 | 40,3 |
мемлекеттік | 467927 | 100 | 587039 | 100 | 733660 | 100 | 807852 | 100 | 1208376 | 100 |
Диаграмма №1
1
2
3
4
5
1
2
3
4
5
4-ші кестені талдау нәтижесінде республикалық бюджетте қаражаттардың орталықтану деңгейі 2001 жылғы 53,5 пайыздан 2005 жылы 59,7 пайызға дейін жоғарылағанын байқап отырмыз.
Кестеде келтірілген деректерді «жағымсыз»құбылыс ретінде сипаттап, оны орталықтану тенденциясының көрінуі деп бағалауға болады. Бұл табыстарды орталықтандыру саясатының жүргізіліп отырғандығын дәлел болса керек. Жалпы алғанда республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы табыстардың бөлінуі 2001жылы орташа есеппен алғанда 56,7/43,3 шамасында болып келеді.
Кесте-5 Алматы облысы бойынша 2003, 2004, 2005ж. аралығында түскен салықтық түсімдер динамикасы.
Көрсеткіштер атауы | 2003ж | 2004ж | 2004ж 2003ж қарағанда ғы өсім темпі | Ауытқуы (+/-) | 2005ж | 2005ж 2004ж қарағандағы өсім темпі | Ауытқуы (+/-) | ||||||
болжам | Нақты түсім | % | болжам | Нақты түсім | % | болжам | Нақты түсім | % | |||||
Барлық салық Оның ішінде | 11388167 | 11357888 | 99,7 | 18566846 | 19791078 | 106,6 | 174,2 | 1224232 | 25061573 | 26321211 | 105,0 | 133,0 | 1259638 |
Республикалық бюджет | 5083404 | 5060004 | 99,5 | 11348280 | 11869110 | 104,6 | 234,6 | 520830 | 15157872 | 15262197 | 100,7 | 128,6 | 104325 |
Жергілікті бюджет | 6304763 | 6297884 | 99,9 | 7218566 | 7921968 | 109,7 | 125,8 | 703402 | 9903701 | 11059014 | 111,7 | 139,6 | 1155313 |
Орта айлық түсім | 949014 | 946491 | 99,7 | 1547237 | 1649257 | 106,6 | 174,2 | 102019 | 2088464 | 2193434 | 105,0 | 133,0 | 104970 |
Орта күндік түсім | 43137 | 43022 | 100 | 70329 | 74966 | 106,6 | 174,2 | 4637 | 94930 | 99702 | 105,0 | 133,0 | 4771 |
Диаграмма №2
1
2
3
4
5
1
2
3
4
5
5-кестеде жалпы Алматы облысы бойынша 2003-2005 жылдар аралығындағы республикалық бюджетке және жергілікті бюджетке түскен салықтық түсімдер көрсетілген.
2003 жылы болжанған-11388167мың теңге, нақты түсім 11357888мың теңге болды. Ол-99,7%-ды құруда. 1999 жылға қарағанда өсім темпі 150,5% болды, жалпы ауытқуы +3813340 мың теңгені құрады.
Оның ішінде, республикалық бюджеттің нақты түсімі-5060004мың теңге болды, өткен жылмен салыстырғанда түсім темпі анағұрлым өскендігін байқаймыз, бірақ болжам-99,5% орындалып отыр.
2004 жылы болжанған-18566846 мың теңге, нақты түскен түсім 19791078мың теңге. Ол-106,6% құруда. Жоспар толығымен орындалды. Соның ішінде республикалық бюджетке 11869110мың теңге түссе, жергілікті бюджетке 7921968 мың теңге түскен.
2003жылмен салыстырғанда өсім темпі 174,2% болды, жалпы ауытқу + 1224232мың теңгені құрады.
2005 жылы жалпы болжам 25061573мың теңге, нақты түскен түсім 26321211 мың теңге.
Ол-105,0% құруда. Бұл жылы жоспар толығымен орындалды. Соның ішінде республикалық бюджетке 15262197мың теңге түссе, жергілікті бюджетке 11059014 мың теңге түскен. Ол 2004жылға қарағанда өсім темпі 133,0% болды, жалпы айытқу + 1259638 мың теңге.
Кесте-6 Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы
| Республикалық бюджет | Жергілікті бюджет | ||||
2005 жылғы 1 қаңтарға қассалық атқарылуы млн. тенге | Қорытыңдысына %-бен | Бір жылға бекітілген бюджетке кассалық атқарылуының % -ы | 2005 жылғы 1 қаңтарға қассалық атқарылуы млн. тенге | Қорытыңдысына %-бен | Бір жылға бекітілген бюджетке кассалық атқарылуының % -ы | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Түсімдер | 722034 | 100,0 | 101,7 | 486289 | 100,0 | 104,4 |
Табыстар оның ішінде | 649000 | 89,9 | 101,7 | 355676 | 73,1 | 104,2 |
Салық түсімдері | 603396 | 93,0 | 104,0 | 343855 | 96,7 | 104,4 |
Салықтық емес түсімдер | 39348 | 6,1 | 76,4 | 5575 | 1,6 | 86,8 |
Капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыстар | 6256 | 1,0 | 94,6 | 6246 | 1,8 | 111,5 |
Алынған ресми трансферттер | 57630 | 8,0 | 100,0 | 122926 | 25,3 | 107,2 |
Кредитті қайтару | 15404 | 2,1 | 106,7 | 7696 | 1,6 | 76,5 |
Шығыстар | 768935 | 100,0 | 97,0 | 479119 | 100,0 | 99,5 |
Шығындар оның ішінде: | 730459 | 95,0 | 97,1 | 471955 | 98,5 | 99,8 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету | 42738 | 5,9 | 96,0 | 21220 | 4,5 | 146,1 |
Қорғаныс | 40415 | 5,5 | 91,3 | 7153 | 1,5 | 100,3 |
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік | 73779 | 10,1 | 99,9 | 17771 | 3,8 | 99,6 |
Білім беру | 23203 | 3,2 | 98,9 | 130966 | 27,7 | 99,2 |
Денсаулық сақтау | 19104 | 2,6 | 100,5 | 74087 | 15,7 | 98,9 |
Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек беру | 202043 | 27,7 | 97,9 | 40145 | 8,5 | 97,3 |
Тұрғын үй-коммуналдық шарушылық Мәдениет, спорт, Туризм және ақпараттық кеңістік | 10321 12879 | 1,4 1,8 | 99,5 99,5 | 33986 20910 | 1,2 4,4 | 94,7 96,8 |
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану | 8486 | 1,2 | 99,2 | 783 | 0,2 | 100,0 |
Ауыз су, орман,балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау | 41337 | 5,7 | 93,0 | 7022 | 1,5 | 98,5 |
Өнеркәсіптік және құрылыс | 1364 | 0,2 | 92,0 | 2501 | 0,5 | 95,5 |
Көлік және байланыс | 58812 | 8,1 | 96,5 | 25620 | 5,4 | 96,1 |
өзгелер | 68010 | 9,3 | 97,1 | 30973 | 6,6 | 98,1 |
Борыш қызметі | 34338 | 4,7 | 90,8 | 1170 | 0,2 | 91,4 |
Ресми трансферттер | 93630 | 12,8 | 99,8 | 57650 | 12,2 | 100,0 |
несиелер | 38476 | 5,0 | 93,8 | 7162 | 1,5 | 82,9 |
Бюджет тапшылығы | -46901 | | | 7179 | | |
2004 жылғы Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын сипаттайтын 6-кесте деректеріне назар аударайық.
2005жылдың 1 қантарына Республикалық бюджетке түскен түсімдер көлемі 772млрд.теңгені құрады, бұл 2004 жылдың тиісті кезеңінің (565,3 млрд.теңге)деңгейінен 27,7% артық. 2004 жылдың тиісті кезеңімен (541,6 млрд теңге) салыстырғанда несиелерді есепке алғандағы шығыстар 42%-ға өсті және 2005 жылдың 1 қантарына 768,9млрд.теңгені құрады. Бюджеттің тапшылығы 46,9млрд.теңге деңгейінде анықталып отыр.
Есепті кезеңде республикалық бюджеттің 89,9%-ын табыстар, соның ішінде салықтар - 93%-ын құрады. Түсімдер көлеміндегі ресми трасферттер үлесі-8%.
Шығындардың негізгі бөлімі-35,2% әлеуметтік саламен жалпы мемлекеттік қызметтер-21,5% үлесінде.
2004 жылғы тиісі кезеңмен салыстырғанда бұл шығындар тиісінше 27,4% және 25,5% артты, өндірістік салаға шығындар 54,8%-ға өсті. Осы кезең ішінде жергілікті бюджетке түскен түсімдер 486,3 млрд.теңгені, несиені есепке алғандағы шығыстар 479,1млрд теңгені құрады, бұл 2004 жылдың осы кезеңіне қарағанда тиісінше -26% және 21,4% артық (түскені-386лрд.теңге, несиені есепке алғандағы шығыстар 394,5 млрд.теңге). Бюджет тапшылығы 7,2 млрд.теңге деңгейінде анықталды.
2005 жылдың 1 қантарына жергілікті бюджетке түскен түсімдердің құрылымындағы табыстар-73,1%.(соның ішінде 96,7%- салық түсімдері).
Жергілікті бюджет шығындарының елеулі бөлігі әлеуметтік салаға (51,9%) жұмсалған, оның ішінде: білім беруге-27,7%, әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік көмекке-8,5%, денсаулық сақтауға-15,7%
2004 жылғы тиісті кезеңнің деректерімен салыстырғанда жергілікті бюджеттің шығындары тұтастай алғанда-22,4%, олардан өндірістік салаға-51,1%, борышты өтеуге-29,5%, әлеуметтік салаға-24,1-ға өсті.
страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5 ... страница 7страница 8
скачать
Другие похожие работы: