Негізгі терминдер мен анықтамалар
ОЖСБ-ны өткізу тәртібі
ОЖСБ жалпы орта білім беру ұйымдарында белгіленген үлгідегі бланкіде немесе компьютерлік тестілеу әдісімен өткізіледі.
ОЖСБ өткізу тәртібі:
ҰТО белгіленген мерзімде «ҰБТӨП» базасы арқылы тестілеу материалдарын дайындайды және оларды БСБД-ға жеткізуді қамтамасыз етеді;
БСБД тестілеу материалдарын ОЖСБ-ны өткізу орнындарына жеткізуді қамтамасыз етеді;
мектеп әкімшілігі ОЖСБ-ны өткізуге аудиториялардың (сыныптардың) дайындығын қамтамасыз етеді;
ОЖСБ Уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі;
ОЖСБ-ны өткізу процесін Министрлік және БСБД өкілі бақылайды;
Министрлік өкілі ОЖСБ аяқталғаннан кейін барлық тестілеу материалдарын арнайы пакетте (Интервоид) ОЖСБ нәтижелерін өңдеу үшін ҰБТӨП-ке жеткізеді;
оқушылардың жауап парақтарын сканерлеуді Министрлік пен БСБД өкілінің бақылауымен ҰБТӨП-тің инженері жүргізеді;
жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейін Министрлік өкілі телекоммуникациялық желі бойынша ҰТО-дан дұрыс жауаптардың кодын алады;
нәтижелерді өңдеуден кейін осы Нұсқаулықтағы 1-ші қосымшаға сәйкес әрбір мектеп бойынша 4 данада (мектеп әкімшілігі, АББ (ҚББ), Министрлік өкілі және ҰБТӨП үшін) тестілеудің емтихан ведомосы беріледі;
ОЖСБ-ның қорытындысы телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі.
ОЖСБ-ны компьютерлік тестілеу әдісімен өткізу тәртібі:
ҰТО «Мектеп (өтініш қабылдау)», «Оператор» АЖО, «Оқушылар базасы (өтініш қабылдау)» АЖО-ны дайындайды және электрондық тасымалдағыш немесе телекоммуникациялық желі бойынша ҰБТӨП-ке жібереді;
қондыру және белгіленген мерзімде толтыру үшін ҰБТӨП «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО және «Оператор» АЖО-ны мектептерге жібереді;
ҰБТӨП-те «Оқушылар базасы (өтініш қабылдау)» АЖО-ны қондыру жүзеге асырылады және мектептен деректерді қабылдау бойынша жұмыстар жүргізіледі;
мектеп осы Нұсқаулықтың 2-ші қосымшасына сәйкес оқушылар тізімін қалыптастырады, және АББ (ҚББ)-да бекітеді;
бекітілген оқушылар туралы деректер «Оператор» АЖО- ға енгізіледі;
«Оператор» АЖО-ның көмегімен тестіленушілер туралы барлық деректер «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-ға жіберіледі;
«Оқушылар» ДБ-ға барлық оқушылар туралы деректерді енгізгеннен кейін лектерге бөлу және белгіленген мерзім шегінде тестілеуді өткізу кестесін жасау жүрізіледі;
«Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО көмегімен құрылған «Оқушылар» ДБ телекоммуникациялық желі немесе тасымалдағыштар арқылы ҰБТӨП-ке жіберіледі;
ҰБТӨП деректерді жинақтағаннан кейін телекоммуникациялық желі арқылы деректерді ҰТО-ға жібереді;
ҰТО «Тестіленуші» АЖО, «Компьютерлік сынып» АЖО, «Мектеп (тестілеу)», «Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-ны қалыптастырады және электрондық тасымалдағыштар немесе телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жібереді;
ҰБТӨП «Тестіленуші», «Компьютерлік сынып» және «Мектеп (тестілеу)» АЖО-ны қондыру үшін мектептерге жібереді;
«Компьютерлік сынып» АЖО көмегімен тіркеу файлы құрылады, оның көмегімен барлық компьютерлер «Компьютерлік сынып» АЖО-ға тіркеледі;
бағдарлама тіркелгеннен кейін аудиториялық тізім қалыптастырылады және осы Нұсқаулықтың 3 қосымшасына сәйкес тестілеуге рұқсатнама беріледі;
тестілеу Уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі;
ОЖСБ-ны өткізу процесін Министрлік өкілі және БСБД өкілі бақылайды;
ағымдағы пән бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін бағдарлама жұмысы автоматты түрде аяқталады және «Тестіленуші» АЖО-дағы тестілеу нәтижелері «Компьютерлік сынып» АЖО-ға топтастырылады;
«Компьютерлік сынып» АЖО-да нәтижелерді топтастырғаннан кейін келесі пәнді тестілеу үшін файл қалыптастырады (аудиториялық тізім) және «Тестіленуші» АЖО-ға жіберіледі;
«Компьютерлік сынып» АЖО-дан «Мектеп (тестілеу)» АЖО-ға тестілеу нәтижелерін жинақтау әрбір лек аяқталғаннан кейін жүргізіліп отырады;
тестілеу нәтижелері «Мектеп (тестілеу)» АЖО-дан «Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-ға жіберіледі;
«Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-ның көмегімен барлық деректер ҰТО-ға жіберіледі;
тестілеу нәтижелерін өңдеу және тестілеудің емтихан ведомосін беру үшін ҰТО ҰБТӨП-ке дұрыс жауаптар кодын жібереді;
«Оқушылар базасы» АЖО-ның көмегімен оқушылардың нәтижелері өңделеді және осы Нұсқаулықтың 1-ші қосымшасына сәйкес тестілеудің емтихан ведомосі беріледі.
ҰТО функциясы
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңі:
тестілеуді ұйымдастыру мен өткізуге арналған нұсқаулық құжаттарды дайындау және жетілдіру;
оқушылар саны туралы мәліметтерді жинақтау үшін «ҰБТӨП» ДБ-ны қалыптастыруды ұйымдастыру;
«Мектеп (өтініш қабылдау)», «Оператор», «Оқушылар базасы (өтініш қабылдау)» АЖО және «Тестіленуші» АЖО, «Компьютерлік сынып» АЖО, «Мектеп (тестілеу)» АЖО, «Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО бағдарламасын жасау және оны қондыру мен алып жүруді ұйымдастыру;
ОЖСБ-ны ұйымдастыру мен өткізу, бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық алып жүру бойынша ҰБТӨП жетекшілері мен инженерлерін оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
ҰБТӨП-ті ақпараттық анықтамалықтармен және нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету;
БҒСБК-мен бірге ОЖСБ-ны ұйымдастыру мен өткізу туралы Министрлік өкілдеріне оқытуды ұйымдастыру мен өткізу;
емтихан материалдарын дайындау және БСБД-ға жіберу;
БҒСБК-мен бірге БСБД-ға Министрлік өкілдерін жіберу.
Тестілеуді өткізу кезеңі:
ОЖСБ-ны өткізуді бақылау;
«Оқушылар» ДБ-ны қалыптастыру процесін бақылау;
телекоммуникациялық желі арқылы «Оқушылар» ДБ-ны жинақтау.
Тестілеу нәтижелерін өңдеу кезеңі:
дұрыс жауаптар кодын қалыптастыру және телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жіберу;
тестілеуді өткізу нәтижелері бойынша телекоммуникациялық желі арқылы статистикалық деректерді жинақтау.
Есеп дайындау кезеңі:
ОЖСБ қорытындысы бойынша Министрлік өкілдерінің есептерін жинау және талдау;
тестілеуді өткізу туралы қорытынды есеп дайындау.
ҰБТӨП функциясы
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңі:
техникалық жабдықтың жұмыс қабілетін және телекоммуникациялық желінің жұмысын қамтамасыз ету;
тестілеуді өткізу кезінде іске қосылатын компьютерлік сыныптар қорын дайындауды бақылау;
ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы ақпараттық анықтамалықтарды, нормативтік құқықтық актілерді, тестілеуді өткізу үшін қондырылатын бағдарламаларды алу;
мектептерді ақпараттық анықтамалықтармен, нормативтік құқықтық актілермен және бағдарламалармен қамтамасыз ету;
мектептер бойынша жауаптыларды «Мектеп (өтініш қабылдау)», «Оператор» АЖО және «Тестіленуші» АЖО, «Компьютерлік сынып» АЖО, «Мектеп (тестілеу)» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс жасауға оқыту;
мектептерден деректерді қабылдау;
ҰБТӨП-ке «Оқушылар базасы (өтініш қабылдау)» АЖО және «Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-ны қондыру;
мектептегі «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО мен «Мектеп (тестілеу)» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуді қондыруды ұйымдастыру;
«Оқушылар базасы (өтініш қабылдау)» АЖО арқылы алынған ақпаратты жинақтау;
ҰТО-ға қажетті ақпаратты жіберу.
Тестілеуді өткізу кезеңі:
тестілеу нәтижелерін (базалық ҰБТӨП-те) өңдеуді жүзеге асыру;
«Оқушылар» ДБ-ға ақпарат енгізуді бақылау;
ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы дұрыс жауаптар коды бар файлды қабылдау.
Компьютерлік тестілеуді өткізу кезеңі:
лекті ашу үшін білім беру ұйымына парольді беруді ұйымдастыру;
мектеп бойынша жауаптыға электрондық пошта арқылы тестілеу нәтижелерін қабылдауды ұйымдастыру;
ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы дұрыс жауаптар коды бар файлды қабылдау;
бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысын алып жүру;
тестілеу нәтижелерін өңдеуді жүзеге асыру.
Тестілеу нәтижелерін өңдеу кезеңі:
тестілеу нәтижелерін өңдеу;
емтихан ведомостерін басып шығару;
ОДБ-ның сақталуын қамтамасыз ету және телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберу;
тестілеу нәтижелері бойынша статистикалық деректерді телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберу.
Компьютерлік тестілеу нәтижелерін өңдеу кезеңі:
тестілеу нәтижелерін өңдеу, емтихан ведомостерін басып шығару және беру;
тестілеу нәтижелері бойынша статистикалық деректерді телекоммуникациялық желілер арқылы ҰТО-ға жіберу.
Есепті дайындау кезеңі:
тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есепті телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға беру.
БСБД функциясы
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңі:
педагогтар және ата-аналар қауымына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
ОЖСБ-ға жататын мектептер деректерінің базасын, оқушылар тізімін жасауға бақылау жүргізу;
Министрлік өкілдерінің өңірлік ДБ-ны қалыптастыру және БҒСБК-ге бекітуге ұсыну;
Министрлік өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізу;
ҰТО-дан емтихан материалдарын алу;
ОЖСБ өткізу орнына емтихан материалдарын жеткізуді ұйымдастыру.
Тестілеуді өткізу кезеңі:
ОЖСБ-ның өткізілуін бақылау;
тестілеу нәтижелерін өңдеу рәсімін бақылау.
Министрлік өкілінің функциясы
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңі:
емтихан матеиалдарын осы Нұсқаулықтағы 4-ші қосымшаға сәйкес акт бойынша БСБД-дан алу;
тестілеудің емтихан материалдарын мектепке жеткізу;
ҰБТӨП техникалық жабдықтарының және телекоммуникациялық желілердің жұмысқа қабілеттілігін тексеру;
аудиторияның дайындығын тексеру;
компьютерлік сыныптар қорының техникалық қамтамасыз етілуінің дұрыстығын тексеру;
тестілеуді өткізу бойынша кезекшілерге нұсқама беру;
аудитория бойынша кезекшілерді бөлу;
осы Нұсқаулықтағы 5-ші қосымшаға сәйкес акт бойынша әрбір аудиториядан кезекшілерге емтихан материалдарын беру және қабылдау.
Тестілеуді өткізу кезеңі:
тестілеу үрдісін бақылау және басқару;
осы Нұсқаулықтағы 5-ші қосымшаға сәйкес акт бойынша кезекшілерден емтихан материалдарын (қолданылған және қолданылмаған жауап парақтарын) алу;
қабылданған емтихан материалдарын «Интервоид» пакетіне салу;
тестілеу нәтижелері файлын өңдеу үшін ҰБТӨП-ке жіберуді бақылау.
Тестілеу нәтижелерін өңдеу кезеңі:
тестілеу материалдарын өңдеу үшін базалық ҰБТӨП-ке жеткізу;
тестілеу нәтижелерін өңдеу процесін бақылау;
деректерді телекоммуникациялық желі арқылы қабылдау мен жіберуді бақылау.
Есеп дайындау кезеңі:
ОЖСБ-ны өткізу бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп дайындау және оны қағаз және электрондық тасымалдағышта ҰТО-ға жіберу.
АББ-нің (ҚББ) функциясы
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңі:
жергілікті жерде ОЖСБ-ны ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын қамтамасыз ету;
осы Нұсқаулықтың 2-ші қосымшасына сәйкес мектептер бойынша оқушылар тізімін бекіту;
тестілеуді өткізуге аудиториялар мен компьютерлік сыныптар қорын дайындауға бақылауды қамтамасыз ету.
Тестілеуді өткізу кезеңі:
ОЖСБ-дан өту үшін тестіленушілердің келуін ұйымдастыру.
Тестілеу нәтижелерін өңдеу кезеңі:
өңдеу үшін базалық ҰБТӨП-ке емтихан материалдарын жеткізуді ұйымдастыру;
тестілеу нәтижелері туралы хабарлауды ұйымдастыру.
Мектеп әкімшілігі функциясы
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңі:
ОЖС-ны өткізу үшін оқушылар мен ата-аналар үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
осы нұсқаулықтың 2 қосымшасына сәйкес оқушылардың тізімін АББ-ға (ҚББ-ға) бекітуге ұсыну;
тестілеу материалдарын толтыру бойынша оқушыларға оқыту жұмыстарын жүргізу;
оқушыларды компьютерлік бағдарламамен жұмыс жүргізуге ұйымдастыру;
ҰБТӨП-тен ақпараттық анықтамалықты алу;
оқушылардың бекітілген тізімі мәліметтерін «Оператор» АЖО-ға енгізуді ұйымдастыру;
компьютерлік сынып қорын анықтау және мәліметтерді «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-ға енгізу;
мектеп бойынша жауаптыны анықтау және мектеп бойынша жауаптының, аудитория мен дәліздер кезекшілігіне кандидаттар тізімін осы нұсқаулықтың 6 қосымшасына сәйкес бекіту;
оқушылардың тестілеуге кіруге рұқсатнамасын таратуды ұйымдастыру;
тестілеу өткізу үшін аудиторияны және компьютерлік сыныптың техникасын дайындау.
Тестілеу өткізу кезеңі:
оқушылардың, кезекшілердің және мектеп бойынша жауаптылардың тестілеуге қатысуын қамтамасыз ету.
Кезекшінің функциясы
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңі:
министрлік өкілінің тестілеуді өткізу туралы нұсқамасынан өту;
аудиториялардың тестілеуге дайындығын тексеру;
компьютерлік сыныптағы компьютерлердің жұмысқа жарамдылығын тексеру;
Министрлік өкілінен тестілеу материалдарын алу;
оқушыларды аудиторияға кіргізуді жүзеге асыру;
оқушыларды орындарына отырғызу.
Тестілеу өткізу кезеңі:
тестілеу материалдарын үлестіру, оларды толтыруды және тестілеуде тәртіп сақтау ережесін түсіндіру. Оқушыға рұқсат етілмейді:
бір орыннан екінші орынға ауысуға;
кезекшінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға;
тестілеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға;
калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі таблицасынан басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға;
қасындағы оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, сондай-ақ шпаргалка және басқа да анықтамалық материалдар қолдануға,
үзіліс уақытын есептемегенде, кезекшінің және Министрлік өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға;
жауап парағын толтыру мен сұрақ-кітапшасының титул парағын толтыруын қадағалау;
тестілеу технологиясының сақталуын және аудиториядағы тәртіпті сақтау;
компьютерлік тестілеуде әр пәннен кейін оқушылардың үзіліске шығуын қаматамасыз ету;
тестілеу аяқталғаннан кейін оқушылардан тестілеу материалдарын қабылдап, осы нұсқаулықтың 5 қосымшасына сәйкес Министрлік өкіліне тапсыру;
мектеп бойынша жауаптыға компьютерлік тестілеу барысында файл жинастыруға көмек беру.
12. Мектеп бойынша жауаптының функциясы
Компьютерлік тестілеу кезінде әрбір компьютерлік сыныпта технологияны және аудиториядағы тәртіпті сақтауды мектеп бойынша жауапты мен кезекші қадағалайды.
Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңі:
ҰБТӨП-те бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс жасауға оқып үйрену және ақпараттық анықтамалық пен нормативтік құқықтық актілерді алу;
ҰБТӨП-тен «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО және «Оператор» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуін алу және орнату;
ДБ-ға бекітілген оқушылар тізіміндегі ақпаратты және компьютерлік сыныптар туралы мәліметтерді енгізу;
оқушыларды лектерге бөлу;
деректерді ҰБТӨП-ке жіберу;
тестілеуді өткізу кестесін құрастыру және бекіту;
аудиториялық тізімді басып шығару;
тестілеуге рұқсатнаманы басып шығару;
тестілеуді өткізуге компьютерлік сынып техникаларының жұмыс қабілеттілігін тексеру;
«Компьютерлік сынып» АЖО, «Тестіленуші» АЖО және «Мектеп (тестілеу)» АЖО-ны қондыру және икемдеу. «Мектеп (тестілеу)» АЖО мектептің бір ғана компьютеріне қондырылады, «Компьютерлік сынып» АЖО компьютерлік сыныптың бір ғана компьютеріне, «Тестіленуші» АЖО компьютерлік сынып қорының шегінде әрбір компьютерге қондырылады.
ҰБТӨП-тен лекті ашуға арналған парольді (тестілеу кодын) алу.
Тестілеу өткізу кезеңі:
кезекшілердің тестілеуді өткізу кезінде оқушыларға тәртіп сақтау ережесін түсіндірулерін бақылау және компьютерлік сыныпта тәртіп сақтау ережесінің сақталуын қадағалау;
оқушыларға «Тестіленуші» АЖО-мен жұмыс жасау тәртібін түсіндіру;
әрбір пәнді тестілеуден кейін әр компьютерден ақпаратты «Тестіленуші» АЖО-дан «Компьютерлік сынып» АЖО-ға жіберуді жүзеге асырады;
«Аудитория» АЖО көмегімен әрбір пән үшін аудиториялық тізімді қалыптастыру және «Тестіленуші» АЖО үшін әрбір компьютерге қондыру;
әрбір үзілістен кейін оқушылардың дұрыс отыруын бақылау.
Тестілеу нәтижелерін өңдеу кезеңі:
ҰБТӨП-пен бірге бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысын алып жүру;
ақпаратты тестілеу өткізілген компьютерлерден «Компьютерлік сынып» АЖО-ға, «Компьютерлік сынып» АЖО-дан «Мектеп (тестілеу)» АЖО-ға жіберуді жүргізу;
тестілеу аяқталғанна кейін деректерді ҰБТӨП-ке жіберу.
страница 1страница 2страница 3 ... страница 5страница 6
скачать
Другие похожие работы: