NetNado
  Найти на сайте:

Учащимся

Учителям



Негізгі терминдер мен анықтамалар




  1. тестілеу өткізу;

  2. тестілеу нәтижелерін өңдеу;

  3. есеп дайындау.



  1. Негізгі терминдер мен анықтамалар





  1. Осы Нұсқаулықта мынадай терминдер тиісті анықтамаларымен бірге қолданылады:

  1. ОЖСБ – білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, білім сапасын бақылаудың бір түрі;

  2. ҰБТӨП – ҰТО қызметінің жеке бөліктерін, соның ішінде өкілдік қызметін атқаратын ҰТО-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мектептер орналасқан орнына байланысты әрбір ҰБТӨП-ке бекітіледі;

  3. базалық ҰБТӨП – облыс орталықтарында ҰБТӨП жұмысын үйлестірушілер, ҰТО директоры бұйрығымен бекітіледі;

  4. ҰБТӨП техникалық жабдықтары – компьютерлер, принтерлер, сканерлер;

  5. компьютерлік сыныптар қоры – тестілеу жүргізуге арналған, талап етілген сипаттамаларға сәйкес техникамен жабдықталған компьютерлік сыныптар жиынтығы;

  6. автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО) – ОЖСБ-ні ұйымдастыру мен өткізу кезінде іске қосылатын компьютерлерге қондырылатын, деректерді өңдеуге және жинақтауға арналған ҰТО-ның арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуі;

  7. телекоммуникациялық желі – телекоммуникациялық арналар мен спутниктік байланыс арқылы бір компьютерден екінші компьютерге ақпараттарды тасымалдауға мүмкіндік беретін арнайы байланыс;

  8. локалды есептеу желісі – бірлесе жұмыс жасауға және қолданушылардың қарым-қатынасына арналған, белгілі ара-қашықтықтағы және максималды белгіленген компьютерлер арасындағы мәліметтермен алмасу;

  9. Интервоид пакеті – құжаттарды сақтау мен тасымалдауда қолданылатын пломбаланған бір реттік пакеттер;

  10. электрондық тасымалдағыштар – есептеу техникасы құралдарының (CD-ROM, DVD-ROM, жартылайөткізгіштер (флеш-жады және т.с.с.), дискеттер)) көмегімен өңделетін ақпараттарды жазу, сақтау және қайта шығару үшін қолданылатын материалдық тасымалдағыш;

  11. ақпараттық анықтамалық - орта білім беретін мектептердің барлық типтері мен түрлері, ұлттар, азаматтық, облыстар мен аудандар коды жайлы арнайы мәліметтер базасы;

  12. тест – нақты пән бойынша тестілеуден өтушінің білім деңгейін, қабілеті мен дағдыларын тиімді бағалай алатын, белгілі бір нысандағы тапсырмалардың қиындық дәрежесі сараланған жүйесі;

  13. тест тапсырмасы – шарты (сұрақ) мен ықтимал жауаптардың жиынтығынан тұратын, пәннің мазмұнына сәйкес келетін, логикалық қарама-қайшылығы жоқ, дұрыс нысанды және дербестілік, технологиялық, тиімділік талаптарына жауап беретін тесттің ең аз бөлігі;

  14. емтихан материалдары (тестілеу материалдары) – тестілеуге арналған сұрақ кітапшалары мен жауап парақтары немесе компьютерлік бағдарламаға енгізілген тест тапсырмалары мен олардың жауаптары;

  15. сұрақ кітапшасы – оқушыға емтихан кезінде берілетін пәндер бойынша тест тапсырмалары жинақталған арнайы емтихан құжаты;

  16. жауап парағы – оқушы өз жауаптарын белгілейтін, нәтижелерді бағалау мақсатында сканерде оқуға арналған арнайы бланк;

  17. жауап парағының қызметтік қатарлары (секторлары) – келесі қатарларды толтыруға арналған жауап парағының арнайы қатарлары: «Тегі-Фамилия»,«Аты-Имя», «Жынысы-Пол», «Туған жылы-Год рождения», «Ұлты-Национальность», «Мектептің атауы-Название школы», «Нұсқа-Вариант», «Қолтаңба-Подпись»;

  18. пәндер бойынша жауаптарға арналған секторлар – пәндер бойынша тест тапсырмаларының жауаптарын белгілеуге арналған жауап парағының арнайы секторлары;

  19. лек – бір емтихандық кезең;

  20. тіркеу файлы – компьютерлер туралы деректер қоры;

  21. бағдарламаны тіркеу - «Тестіленуші» АЖО мен «Компьютерлік сынып» АЖО байланысын айыра білу;

  22. аудиториялық тізімі - «Тестіленуші» АЖО бағдарламасына кіруге арналған парольдері көрсетілген ағымдағы лектегі және аудиториядағы оқушылардың тізімі;

  23. тестілеу коды – ҰТО-ның бағдарламалық қамтамасыз етуімен жұмыс жасауға рұқсат алуға мүмкіндік беретін лекті ашуға арналған арнайы код;

  24. рұқсатнама – оқушының компьютерлік сыныпқа кіру құқығын беретін арнайы бланк;

  25. сканер - бланкілердегі ақпаратты компьютерге енгізуге арналған құрал;

  26. сканерлеу – сканердің көмегімен жауап парақтарындағы бастапқы деректерді қайта жасау процесі;

  27. жауап парақтарын теңестіру – жауап парағының қызметтік секторларына оқушылар қате толтырған деректерді түзету;

  28. тестілеудің емтихан ведомосі – тестілеу нәтижесі ресми түрде көрсетілетін тізім;

  29. дұрыс жауаптар коды – барлық тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарының көрсеткіші;

  30. статистикалық деректер – тестіленушілер саны, тестілеу нәтижелері туралы деректер қоры;

  31. қорытынды файл – тестілеу нәтижелерінің қорытынды деректері.

  1. Бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету





  1. ҰТО-да әзірленген мынадай бағадарламалар ОЖСБ өткізуді бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылады:

  1. «ҰБТӨП базасы» АЖО – оқу орындары мен оқушылар саны туралы мәліметтерді жинақтау және көрсетуге арналған;

  2. «9 сынып ОЖСБ» АЖО – арнайы бланкте өткізілген тестілеу нәтижелерін өңдеуге және оқушылардың деректер базасын (бұдан әрі – ДБ) құруға арналған;

  1. Компьютерлік тестілеуде бағдарламалық қамтамасыз ету:

  1. «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО – тестілеу өткізілетін компьютерлік сыныптар және олардың жабдықталуы туралы мәліметтерді, тестілеуге қатысушылар туралы ДБ қалыптастыру және лектерге бөлу үшін, мектептегі бір компьютерге қондырылады;

  2. «Оператор» АЖО – тестіленушілер тізіміне сәйкес тестілеуге қатысушылар туралы деректерді енгізуге арналған «Мектеп» АЖО-ға көмекші бағдарлама;

  3. «Оқушылар базасы (өтініш қабылдау)» АЖО – мектеп бойынша тестілеуге қатысушылар туралы ақпараттарды жинақтау үшін, мектеп бекітілген ҰБТӨП-тің бір компьютеріне қондырылады;

  4. «Тестіленуші» АЖО – пәндер бойынша аудиториялық тізімді қабылдау, тестілеуді өткізу, тестілеу нәтижелерін жіберу үшін тестілеуге арналған әрбір компьютерге қондырылады;

  5. «Компьютерлік сынып» АЖО – «Тестіленуші» АЖО қондырылған компьютерлердегі деректерді топтастыру, тестіленушілердің тіркелген деректерін өзгерту, «Тестіленуші» АЖО арналған пәндер бойынша аудиториялық тізім құру үшін; жеке пәндер бойынша тестілеу нәтижелерін қабылдау үшін әрбір компьютерлік сыныпта бір компьютерге қондырылады;

  6. «Мектеп (тестілеу)» АЖО – «Компьютерлік сынып» АЖО-дан деректерді топтастыру, тестілеу нәтижелерін жинау және «Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-ға жіберу үшін мектептің тек бір компьютеріне ғана қондырылады;

  7. «Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО- ақпараттарды жинау, нәтижелерді өңдеу, емтихан ведомосын басып шығару және статистикалық мәліметтерді қалыптастыруға арналған, ҰБТӨП-тің бір компьютеріне қондырылады.

  1. ОЖСБ-ның техникалық қамтамасыз етілуі:

  1. Pentium – IV, HDD-20 Гб, ОЗУ 512 Мб, Windows XP, Office XP, USB 2.0 төмен емес сипаттағы компьютерлер, минутына 15-тен кем емес бет басып шығаратын, рұқсаты – 600 dpi лазерлік принтер, ScanMark 2010 сипаттағы маркерлік сканер.

  1. Компьютерлік тестілеудегі техникалық қамтамасыз ету:

  1. «Тестіленуші» АЖО үшін Pentium – IV, HDD-20 Гб, ОЗУ 512 Мб, Windows XP, Office XP, USB 2.0 төмен сипаттағы компьютерлер;

  2. «Компьютерлік сынып» және «Мектеп» АЖО үшін Pentium – IV, HDD-20 Гб, ОЗУ 512 Мб, Windows XP, Office XP, USB 2.0 төмен сипаттағы компьютерлер, минутына 15-тен кем емес бет басып шығаратын, рұқсаты – 600 dpi лазерлік принтер, USB Flashe drive;

  3. Internet-ке 128 Кбит/сек кем емес жылдамдықпен шығу;

  4. Жұмысқа ыңғайлы болу үшін компьютерлік сыныптарды мүмкіндігінше локальдық есептеу желімен жабдықтау қажет. Локальді есептеу желісі болмаған жағдайда ақпаратты тасымалдау сыртқы тасымалдағышты (флэш) қолданумен жүзеге асырылатын болады.




страница 1страница 2 ... страница 5страница 6


скачать

Другие похожие работы: