Сынақ тапсырмасы Фонетика
Сынақ тапсырмасы
Фонетика
Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз. 1. с,т,ш,а,о,қ,һ,м. 2. ұ,л,м,ң,и,с,һ. 3. ә,ө,ү,ұ,і,қ,ғ,ң,һ. 4. и,к,л,м,н,ө,ң,ғ. 5. т,с,щ,с,к,ф,ұ,қ.
Қазіргі қазақ әліпбиі неше әріптен тұрады? 1. 32 2. 42 3.47 4. 38 5. 24
Сөйлегенде ауаның дауыс шымылдығына кедергісіз, еркін шығуынан пайда болған дыбыстарды қандай дыбыстар дейміз?
дауыссыз 2. ашық 3. дауысты 4. жуан 5. жіңішке
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
еріндік, езулік 2. жуан, жіңішке 3. ашық, қысаң 4. ұяң, үнді 5. қатаң, ашық
Қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз. 1. һ,ч,х,л. 2. г,ғ,д,ж. 3. к,қ,т,с. 4. с,р,ч,һ. 5. р,қ,ч,л.
Қай сөздің жазылуы қате? 1. алабұға 2. әдет – ғұрып 3. ащы 4. әзіл қалжың 5.кептер
Ашық буынды табыңыз.
1. өрт 2. қант 3. қала 4. ұл 5. сот
8. Ашық әрі езулік дауысты дыбысты табыңыз.
1. а,ә,е 2. а,ә,о. 3. а,ә,ы. 4. а,ә,і. 5. а,ә,л.
9. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
1. гүжілдету 2. гүл сабақ 3. гүмбүр гүмбір 4. гууіл 5. ащщы
10. Қазақ тіліндегі сөздердің біріңғай жуан не жіңішке буынды болып келуі қалай аталады?
1. буын үндестігі 2. дыбыс үндестігі 3. ілгерінді ықпал 4. жуан дауысты дыбыс
5. кейінді ықпал
11. Ілгерінді ықпал қай дыбыстардың арасында?
1. барсын 2. қолды 3. жүрегі 4. сенбеді 5. шалу
12. Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың кейінгісінің
алдыдыңғы дыбысқа ықпал етіп, игеріп үндесуі қандай ықпал деп аталады?
1. ілгерінді ықпал 2. кейінді ықпал 3. тоғыспалы ықпал 4. буын үндестігі 5. дыбыс үндестігі
13. Қай сөз тасымалданбайды?
1. ғалым 2. сурет 3. от 4. сабақ 5. қиын
14.Қай сөздің жазылуы қате?
1. шауіл 2. шәлі 3. шерулі 4. шенқұмар 5. шашым
15. Буын үндестігі заңдылығын сақтамай тұрған сөзді табыңыз.
1. еңбек 2. мұғалім 3. қағаз 4. бала 5. ана
16. «Ю» әрпінің емлесіне байланысты дұрысын табыңыз.
1. тойу 2. тоюу 3. тою 4. тойуу 5. тоиу
17. Ашық дауысты дыбыстарды табыңыз.
1. ә, ы, і, е, и 2. а, ә, о, ө, е 3. а, о, ұ, ы, у 4. а, ұ, ү, і, у 5. о, ө, ұ, ү, у
18. Ашық дауысты дыбыстар қалай жасалады?
1. Тілдің қатысына қарай 2. Еріннің қатысына қарай 3. Езудің қатысына қарай 4. Жақтың
қатысына қарай 5. Үн мен салдырдың қатысына қарай
19. Бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.
1. көкбауыр, дүлдүл 2. жұлдызша, келсап 3. жүн – жұрқа, діндар 4. тоңғақ, қаңтар
5. кәмпит, оңаша
20. Буынға дұрыс бөлініп тұрған сөзді көрсетіңіз.
1. бұлт–ты-лық 2. бұл-тты-лық 3. бұ-лт-тыл-ық 4. бұ-лт-тыл-ық 5.бұ-лт-тылық
21. Ашық буынды сөзді табыңыз.
1. ал 2. қала 3. қас 4. ат 5. етік
22. Тілімізде қанша дауысты дыбыс бар?
1. 19 2. 12 3. 26 4. 27 5. 15
23.Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
1. қазаншы 2. от 3. орақ 4. пайда 5. қызылша
24. Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.
1. ыразы 2. ырза 3. риза 4. ыриза 5. ырыза
25. Тек бітеу буыннан тұратын сөз қайсы?
1. көркемде 2. бөлме 3. белгімен 4. бөрткен 5. Балталы
Фонетика
Кілті
3
2
3
2
3
4
3
1
1
1
2
2
3
1
2
3
2
4
4
1
2
5
2
3
4
страница 1
скачать
Другие похожие работы: