NetNado
  Найти на сайте:

Учащимся

Учителям



Жоспар Кіріспе Адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге адвокаттық қызметтің бір түрі ретінде қатысуы 2




Жоспар
Кіріспе

1. Адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге адвокаттық қызметтің бір түрі

ретінде қатысуы

2. Қорғаушының процессуалдық жағдайы, құқықтары мен міндеттері
Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Кеңестік саяси жүйе орныққанан кейін адвокатура ай тарлықтай өзгеріске ұшырады. 1864-жылға реформа бойынша құрылған присяжнойлық және жеке адвокатураның қызметі олар жаңа социалистік мемлекетті құру принципіне қайшы болғандықтан, Кеңес үкіметінің алғашқы декреттерімен жойылды.

Адвокатура біртіндеп кеңестік сот төрелігіндеі қосымша қызмет атқара бастады. Қорғау институтын ұйымдастыру мен сотка қатысушылардың қатысуына көзқарас талай рет өзгерді. Бір нысанды жоққа шығара, ал екіншісін еңгізе отыра, кеңестік заңнама тоталитарлық режим талаптары мен нығайту мақсаттарына жауап беретін қорғаушылар қызметінің ұжымдық нысанын орнықтыра бастады.

Солай болса да, азаматтык істер, қылмыстық істер мен өкілдік бойынша қорғаудың жаңа ұйымының көп жыл бойы ізденуі нәтижесінде адвокатура дамуын жалғастырды. Белгілі практикалық және теориялық тәжірибе жинақталды. Адвокаттық қызметтің жаңа нысандары пайда болды, оның күқықтық нормативтық базасы және т.б. нығайды. КСРО ыдырап, жаңа тәуілсіз мемлекеттер күрылғаннан кеңестік кезенде жинақталған жақсы тәжірибе үлттық адвокатуралар қызметіне негіз болып қаланды.

Кеңестік дәуірдегі адвокатураның ұйымдық нысаны сондай-ақ мемлекет тарапынан оған деген көзқарас бойынша революцияға дейінгі адвокатурамен көптеген ортақ түстарының болғаңдығын атап өткен жөн. "Екі адвокатура да жергілікті деңгейде ұйымдастырылды, оларда орталық аппарат пен идеялық түғырнама болған жоқ, соның салдарынан олар патшалықтың немесе Кеңес өкіметі саясатының жетегінде кете беретін. Екі адвокатура да өз әрекеттері үшін Әділет министрлігінің кырағы қадағалауына, судьялардың немкүрайлы қарауына, өздерінің сотқа дейінгі сатыдағы ролінің төмендеуіне мойынсынуға тиіс болды. Қос адвокатура да өз күқықтары мен міндеттерін анықтауда бәрібір мемлекетке тәуелді болды.


Адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге адвокаттық қызметтің бір түрі

ретінде қатысуы
Адвоқат өзінің кәсіби қызметінде әртүрлі заң көмегін көрсетеді. ҚР ҚІЖК әрбір адамға білікті заң көмегін алудың үлкен және тең мүмкіндігін береді. Бұл жағдайда заң көмегі өзінің мазмұны бойынша іс-әрекеттің үлкен шеңберін қамтиды, оның ішінде анықтау, алдын ала тергеу, сот органдарында заңды және жеке тулғаларға өкілдік ету мен қорғауды жүзеге асырады. Адвоқаттың қылмыстық процеске қатысуы - бұл адвоқат қызметінің маңызды түрлерінің бірі, ол негізінен айыпталушыны (сезіктіні) қорғау әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты.

Қорғау - қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге үшыраған адамдарды ақтау максатында қорғау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі.

Қорғану тарабы сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкілдері болып табылады.

Қылмыстық процестің әрбір сатысында айыпталушы қорғаушы көмегін қажетсінеді, онсыз айыпталушы өз кінэсіздігінің дәлелдерін келтіруге, соңдай-ак айыптауды теріске шығаратъш немесе жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларды анықтауға дәрменсіз.

Қорғаушы - заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыптаушылардың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам.

Тергеушы, анықтаушы қылмыс жасады деп күмэн келтірілгендігш хабарлап, соған байланысты ҚІЖК-де белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, не үстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолдалынған адам сезікті болып танылады.

Өзіне қатысты айыпталушы ретіңде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалан адам, сондай-ак оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адам айыпталушы болып танылады.

Заң қорғаушы ретінде жіберілуі мүмкін түлғаларды нақты анықтайды.

Оған жататыңдар:

а) адвоқаттар, яғни адвоқаттар алқасыңда мүшелікте түрған түлғалар;

б) жүбайы (зайыбы);

в) жақын туыстары мен заңды өкілдері;

г) өз бірлестіктері мүшелерінің істері бойынша кәсіподактың және басқа да коғамдық бірлестіктердің өкілдері, олар өз өкіліп бөліп, қорғаушы ретіндегі оішң өкілеттігін айғактайтын тиісті құжаттармен (шешім немесе хаттама, сенімхат) қамсыздандырады.

Қазақстан Республиқасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында (ҚІЖК 70-бап 2-тармақ) қорғаушы ретінде іске, егер бұл Қазақстан Республиқасының тиісті мемлекетпен халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, заңнамада белгіленген тәртіппен іске қорғаушы ретінде шетел адвоқатарының қатысуына жол беріледі. .

Қорғаушылар (адвоқаттар) іске қатысуға түлға айып тағылған немесе ұстажан, айыпталушы деп танылған не айыптағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған сэттен бастап жіберіледі.

Бір адам, екі сезіктінің, айыпталушының біреуінің мүддесі екіншісінің мүддесіне қайшы келетін болса, екеуіне бірдей қорғаушы бола алмайды.

Қылмыстық іс бойынша кәсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.

Білікті заң көмегін алу құқығын жариялай отырып, Қазақстан Республиқасының Конституциясы барлық азаматтарды бостандықтары меи заңды мүдделерін кәсіби қорғау құқығымен, қылмыстық ізге түсуден қорғану құқығын қоса алғанда, қамтамасыз ету принципін орнықтырды (ҚР ҚІЖК 28-бап). Осы ережеге сәйкес анықтауды жүргізетін адам, терегеуші, прокурор, сот әрбір іс бойынша азаматка өз күқығын жүзеге асырудың нақты мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Құқықты тікелей немесе жанама шектеу я болмаса әлеуметтік шығу тегі, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, үлты, тілі, діни үстанымы, көзқарасы, түрғылықты жеріне байланысты желеумен немесе кез келген баска мән-жай бойынша өзге артықшылықты белгілеу заң бойынша жазаланады.

ҚР ҚІЖК-да қылмыстық процесс барысында білікті заң көмегін алуға құқығы бар субьектілір анықталды. Олар - қылмыстық сот ісін жүргізу барысында құқықтары мен мүдделері қорғалатын немесе білдірілетін түлғалар (сезікті, айыпталушы, сотталушы, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтык жауапкер, куә).

Бұл арада кәсіби қорғаудың қылмыстық іс бойынша қорғаудың саналуандыға болып табылатындығын ескерген жөн. Онда қорғау үшін тән барлық белгілер бар (ҚР ҚІЖК 7-бап 19-тармақ), алайда, сонымен қатар оның Қазақстан Республиқасының "Адвоқаттық қызмет туралы" заңымен реттелетін адвоқаттың құқыктық мәртебесіне байланысты ерекшеліктері кездеседі. Оған адвоқат мінез-құлкының кәсіби нормалары, адвоқаттық қызметтің кепілдіктері, адвоқаттық құпия, адвоқаттар алқасы мүшелерінің тәртіптік жауапкершілігі және т.б. жатады.

Сондықтан кәсіби қорғау - адвоқаттың білікті заң көмегін көрсету мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасында кезделген және белгіленген құралдар мен эдістер негізінде ғана жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі, оның құрамдас бөлігі айыпталушының, сезіктінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, қылмыстық қудалауға заңсыз үшыраған адамның айыбын теріске шығару немесе жеңілдету мен ақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіби қорғаушының (адвокаттың) көмегін пайдалануға қажеттілік сондай-ақ, сот жүргізу ісі тәртібінің ерекше күрделілігінен және көптеген

заңи мәселелерді шешу кезіндегі қылмыстық рэсім барысында пайда болуы мүмкін орны толмас құқықтық салдардан туындайды.

Осы негізгі конституциялық принципті сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сақтамауды қылмыстық іс жүргізу нормаларын өрескел бұзу деп санауға болады. Осы жайт мемлекеттік органдар мен лауазымды түлғалардың кез келген шешімінің, егер олар айыпталушының (сезіктінің) қорғану құқығын шектейтін болса, күшін жоюға әкеп соқтырады.

Қоғам мен мемлекет бірде бір азаматтың жеткілікті дәлелдерсіз қылмыстық жауапкершілікке хартылмауына дане сотталмауына мүдделі. Мемлекет, қорғану құқығын қамтамасыз етудің конституциялық кепілдігін атқара отыра, адвоқатқа айтарлықтай құқықтар, оның ішіңце адвоқаттық қызмет кепілдіктерін береді, олардың арасында анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттар адвоқат қылмыстық іске жіберілген сәттен бастап кешіктірмей, оған қорғауындағы адамның қамауда ұсталуының бұкіл мерзімі үшін іске қатысуға жіберілетіңдігі туралы жазбаша айғактама беруге міндетті; анықтау, алдын ала тергеу органдары, іс жүргізу заңында көзделген жағдайларда, адвоқатқа оның тергеуге және адвоқатпен келісілген мерзімдегі басқа да іс жүргізу әрекеттеріне қатысу кажеттігі туралы хабарлауға міндетті және т.б.

Адвоқат өз қызметін адвоқаттар алқасының мүшесі бола отырып жүзеге асырады. Жоғарыда адвоқат заң көмегін көрсететін негізгі тұлға екеңдігі айғыжанмен ол бірден бір түлға болып табылмайды. Алайда нақ кәсіби тәжірибеден құқықтық білім адвоқаттаң айыпталушыға (сезіктіге) аса білікті көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Заң көмегін көрсету жөніндегі адвоқаттық міндеттердің орындалуы мемлекет өкілеттеген адвоқат-қорғаушының кәсіби парызы болып табылады. Адвоқаттың қорғау жөнінде өзіне қабылдаған міндеттемелерінен бас тартуға құқыға жоқ. Адвоқат үшін қорғауды жүзеге асыру кәсіби қызмет болып табылады.

Алайда, заңнамаға сэйкес қылмыстық процеске қатысуға қорғаушының өзге де санаты жіберіледі. Қазақстан Республиқасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2002-ж. 6-желтоқсандағы N26 "Қорғану күқығын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы" қаулысымен қорғану құқығының кәсіпқой адвоқаттың немесе тек арнайы заң білімі және қорғалушыға нақтылы білікті заң көмегін көрсетуге қабілетті болған жағдайларда, қорғаушы ретінде жіберілген өзге де адамдардың - сезіктінің, айыпкердің, сотталушының жүбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің, кәсіподактардың және басқа да коғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылатыны туралы қағиданы алғаш рет бекітіл берді. Анықтау, тергеу органдары хмен соттар осы мәселені анықтап, егер сезікті, айыпкер, сотталушы, сотталған тандап алған қорғаушы қорғалушының мүдделерін білдіруге қабілетті болмаса, онда іске кәсіпқой адвокатты тарту туралы мәселені талқылауға тиіс. Мүндай жағдайда сезіктінің, айыпкердің, сотталушының жүбайы, жақын туыстары, немесе туыстары, немесе заңды өкілдері, кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері іске адвокатпен бірге қатыса алады. Бұл қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамға қатысты толық, жан-жакты және объективті тергеуге, істі қарау мен шешуге жәрдемдеседі. Адвокат - тек қорғаушы ғана емес, сондай-ақ сот ісі саласына тартылған кез келген түлғаның заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ететін тәуелсіз кепіл, сондықтан да адвокаттың қылмыстық процеске қатасуы барлық уакытта Қазақстан Республикасының әрбір азаматының құқығын тіимді қорғауға ықпал ететін болады.

Айыпталушыға заң көмегін көрсете отыра, адвокат қылмыстық сот ісі міңдеттерін шешуге көмектеседі. Бұл қорғаушысыз (адвокатсыз) оның қатысуы міндетті істі тергеу немесе қараудың заңды елеулі бұзушылық болып табылатындығымен түсіңдіріледі.

Қылмыстық істің барлық сатысында айыпталушыға (сезіктіге) қорғану үшін заңмен құқықтардың ауқымды жиыны беріледі және кепілдік беріледі, олардың маңызды шарты жүргізу нормалары мен қылмыстық. сот ісі ережелерін, атап айтқанда, айыптау және қорғану тараптарының бәсекеле мен тең құқықтығы принциптерін қатаң сақтау, істің мән-жайып жан-жақты, толық және объективті зерттеу болып табылады.

Айыпталушыға қорғану құкығының берілуіне байланысты қылмыстық іске қорғаушының міндетті қатысу негіздемесін; адвокаттың қорғаушы ретінде катысуын болдырмайтын жағдайды; қорғаушыны шақыру, ауыстыру және тағайындау тәртібін; қорғаушының іс жүргізудегі жағдайып, міндеттері мен құқықтарын қарау қажеттігі туындаңды.

Заң қорғаушының қылмыстық іс бойынша міңдетті қатысуының келесі негіздерін қарастырады.

Біріншіден, осындай негіздеме сезіктінін (айыпталушының) қорғаушы алғысы келетіндігі туралы өтініші болып табылады. Қорғаушыны міндетті қатыстыру институты оның қатысуын, ең алдымен, сезіктінің (айыпталушының) өз еркі және келісімі бойынша қарастырады.

Бұл жағдайда ешкім де сезіктіге (айыпталушыға) қорғаушы ретінде белгілі бір түлғаны үсына алмайды. Сезіктінің (айыпталушының) өзіне тандаған қорғаушысының көмегін пайдалану құқығына кедергі келтіру іс жүргізу заңнамасын елеулі бұзушылық болып табылады. Қандайда бір себеп бойынша таңцаған корғаушы іске қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда (демалыс, іс сапар, сырқаттану және т.б.) анықтауды жүргізетін түлға, тергеуші, прокурор сезіктіге (айыпталушыға), басқа қорғаушыны шақыруды үсынуға құқылы немесе оны қорғаушымен заң консультациясы арқылы қамтамсыз етеді.

Процесті жүргізуші орган сезіктінің (айыпталушының) қорғаушы алғысы келетіңдігі туралы өтінішін елемеуге құқығы жоқ. Оның қорғаушыны қандай сатыда шакырғандығының шешуші маңызы жоқ. Ең бастысы, заң көмегін айыпталушының өзіне қажет деп санағандығында, ал бұл өз кезегінде тергеуші мен сотін айпталушыны қорғаушымен қамтамасыз етуге міндеітейді.

Екіншіден, егер сезікті немесе айыпталушы кәмелетке толмаса, қорғаушының қатысуы міндетті. Қылмыс жасаған сәтте он сегіз жасқа толмаған, сондай-ақ бірнеше қылмысы үшін айыпталып, оның бірін он сегізге толмаған жасында жасаған түлға кәмелетке толмаған болып саналады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы іс бойынша қорғаушы кәмелетке толмағандардан сезікті немесе айыпталушы ретіңде алғаш рет жауап алынған сәттен бастап, ал айыптағынғанға дейін үсталған немесе тұтқыңдалған жағдайда үсталған немесе түтқындалған сәттен бастап жіберіледі.


Қорғаушының процессуалдық жағдайы, құқықтары мен міндеттері
Қорғаушыда бір ғана іс жүргізу міндеті бар. Ол - қорғау міндеті. Қорғаушы процесте қорғау міндетін жүзеге асыру үшін қажет, одан айыпталушының да, мемлекеттің де күтетіні осы. Қылмыстық істі жүргізуші мемлекеттік орғандар қорғаушының өз міндетін атқаруына нақты мүмкіндігінің болуы үшін барлық шараларды қабылдауға тиіс. Адвокаттың өзіне қабылдаған сезіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны қорғаудан бас тартуга құқы жоқ, бұл оның қызметінің кәсіптік сипатымен түсіндіріледі. Бас тартуға тек ерекше жағдайларда ғана жол беріледі (сырқаттану және өзге де объективтік себептер). Өзінің іс жүргізу міндетін бұзғаны үшін адвокат "Адвокаттық қызмет туралы" Занда және адвокаттар алқасының Жарғысында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Қорғаушы - қылмыстық іс жургізудің дербес субъектісі. Сонымен қатар ол айыпталушымен (сезіктімен) тығыз іс жүргізу қатынастарымен байланысты, сондықтан оның іс жүргізу дербестігінің белгілі бір шеқарасы бар. Қорғаушы заң шегінде қорғауды жүзеге асырудың нысандары мен әдістерінде еркін, оның көзқарасы, егер оның өзі тандаған қорғау бағытты айыпталушының жағдайына қолайлы болса, оның көзқарасы қорғауыңдағы адамдыкінен басқаша болуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда тіпті оның көзқарасын теріске шығаруға міндетті (өзіндік үкім, айыбын айғақтарсыз мойындау). Алайда қорғаушының қорғауындағы адамның жағдайып қандай да бір деңгейде төмендететіңдей мэн-жайдан әрекетсіз қалуға құқығы жоқ. Әйтпесе қорғану құқығы өз маңызын жоғалтады.

Қорғауды табысты іске асыру үшін адвокатка ауқымды іс жүргізу құқықтары берілген. Қатысуға-жіберілген сэттен бастап ол мыналарды жүзеге асыруға қакылы:

1) сезіктімен және айыпталушымен олардың саны мен ұзақтыты шектелместен оңаша және құпия жолығуға;

2) заңгерлік көмек көрсету үшін қажетті заттарды, құжаттарды және мэліметтерді жинауға және ұсынуға;

3) айып тағылған кезде қатысуға, сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алу кезінде, соңдай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтініші бойынша жүргізілетін өзге де тергеу әрекеттеріне, сондай-ақ қорғаушының өз өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;

4) қарсылықтар білдіруге;

5) ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шараларын қолдану туралы каулымен, сезіктінің, айыпталушының немесе қорғаушының өзінің қатысуымен жасалған тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сезіктіге және айыпталушыға үсынылған не үсынылуы тиіс болатын құжаттармен, ал анықтау немесе алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдармен танысуға, одан кез келген мэлеметті кез келтен көлемде көшіріп алуға;

6) өтініш жариялауға (өтініш жасау - тараптың немесе мәлімдеушінің қылмыстық процесті жүргізуші органға арналған өтініші);

7) кез келген сатыдаға сотта істі алдын ала тындауға, соттың талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерінде сөйлеуге, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі жаңарту кезілде соттың отырысына қатысуға;

8) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпе енгізуге;

9) ic жүргізу құжаттарының көшірмелерін алуға;

10) тарап пен қылмыстық істі жүргізуші адамның заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдіруге, бұл қарсылықтарды іс жүргізу құжаттарына еңгізуді талап етуге (қылмыстық процесті жүргізу органдардың заңсыз әрекеттері болып мыналар танылады:

- ҚІЖК-нің 33-бабының 1-бөлігіңде, 34-бабының 1-бөлігінде көрсетілген, осы баптардың 2-бөліктеріңде көрсетілген реттерден басқа, қылмыстар жөніндегі істер бойынша жеке айыптаушының арызынсыз қылмыстық іс қозғау және қылмыстық ізге түсуді жүргізу;

- дәл сол айыптау және дәл сол адамға қатысты қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы бұзылмаған қаулы болған жағдайда қылмыстық іс козғау;

- істі қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыстық істі тоқтату туралы бұзылмаған қаулысы, сондай-ақ дэл сол айыптау және дэл сол адамға қатысты қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілеген күшіне енген үкім немесе сот қаулысы бола түра қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру;

- қылмыс оқиғасының немесе адамның әрекетінде қылмыс құрамының болмағанын, прокурордың және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартқанын, жеке айыптау ісі бойынша жеке айыптаушының айыптаудан бас тартқанын, (ҚІЖК-нің 33-бабының 2-бөлігінде көзделген реттерден басқа), ҚК-тің 69,75, 85-баптарыңда көзделген қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің ескеруін және адамның осы негіз бойынша істі тоқтатуға келісімін, ҚК-тің 67-бабында көрсетілген реттерде жәбірленуші мен айыпталушының, сезіктінің достасқанын, адамның жасаған әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікті жоятын жаңа қылмыстық заңның қабылданғанын, жазадан босататын рақымшылық актінің шыкқанын және адамның осы негіз бойынша істі тоқтатуға келісімін, адамға кешірім жасау актісінің қабылдануын растайтын фактілер анықталғаннан кейін қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру).

Қорытынды
Қорыта келгенде, қылмыс құрамы - бұл көрсетілген объективті және субъективті белгілердің міндетті жиынтығы. Ол осы белгілердің түтастығы арқылы болады. Сонымен қатар әрбір құрамның белгісі басқа белгілермен тыгыз байланыста болады және олардың қылмыс құрамынан тысқары өз алдында болуы мүмкін емес.

Қылмыс құрамының белгілері екі топқа бөлінеді: қажетті және факультативті.

Қылмыстық құқық теориясында барлық нақты қылмыс құрамы, елеулі белгілерінің топтасуына байланысты белгілі бір топтарға бөлінеді. Қылмыс құрамы топтастырудың алдына қойған міндеті. Әрбір нақты қылмыстың түсінігін, құрылысын және оларға тән жалпы заңдылықты тереңірек түсіндіру болып табылады.

Қылмысты дәрежелеу деп қылмыс жасаған адамның әрекетін немесе әрекетсіздігін қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің, кейбір жағдайда жалпы бөлімнің нормалары бойынша толық және кең көлемде нақты қылмыс құрамының белгілерін анықтау болып табылады.

Қылмысты іс-әрекет жасаушының қиянаты бағытталған, қылмыстың салдарынан зиян шеккен немесе шегуі мүмкін нәрсе қылмыс объектісі болып табылады.

Қылмыс объектілерін анықтаудың қылмыстық іс-әрекетті саралаудағы маңызы үлкен. Жасалынған қылмыс объектісін дүрыс анықтау қылмыстық іс-әрекетті дүрыс саралауға мүмкіндік береді. Қылмыс құрамының объективтік жағы дегеніміз - қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттің сыртқы көрінісінің жиынтығы. Қылмыстың объективтік жағы - қылмыстық жауаптылықтың маңызды алғы шарты.

Қылмыстың объективтік жағы - қылмыстық жауаптылықтың маңызды алғы шарты. Қылмыстың объективтік жағы - қылмыстық жауаптылықтың негізін қалаушы болып саналады, онсыз жауаптылықтың болуы мүлдем мүмкін емес.

Қылмыстық іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) - объективті жақтың ең маңызды белгісі болып табылады, себебі ол -объективті жақтың түгелдей алғанда, оның жеке бір белгілерінің де негізгі желісі, өзегі. Іс-әрекет әрекет немесе әрекетсіздік арқылы болады.

Пайдаланған әдебиеттер
1) Тыныбеков С.Т. ҚР Адвокатурасы және адвокаттық қызмет. Оқулық. Алматы: “Данекер” 2003 ж.
2) http://refkaz.moy.su/

страница 1


скачать

Другие похожие работы:




Документы

архив: 1 стр.


Кіріспе

1 стр.