скачать doc Олимпиадалық тапсырмалар Қазақ тілі 3- сынып 1.Қай сөздерге у әрпін қосқанда ю болады ? А)ұмтыл Б)жи С)талпын 2.Ң әрпі жазылатын сөзді тап? А)жауы....гер Б)үзе..гі С)тұма... 3.Жақын сөзіне қарсы мәндес сөзді тап. А)алыс Б)қараңғы С)жарық 4.Көп нүктенің орнына қай сөз жазылады? Жалқаудың жаны..., Еңбектің наны.... А)қатты Б)тәтті С)суық 5.Дара етістікті сөйлемді тап. А)Айбар оқып отыр. Б)Айбар оқыды. С)Айбар оқып жүр. 6.Сын есімге қандай сұрақтар қойылады? А)қандай?қай? Б)қашан?қалай? С)қайсы?қайда? 7.Өсімдік сөзі неше буынға бөлінеді? А)2 Б)3 С)4 8.Қатесіз жазылған сөзді тап. А)эсковатор Б)ексковатор С)экскрватр 9.Жалқы есімдер жазылған қатарды белгіле. А)Құлагер.Алатау. Б)Астана.Қала. С)Тау.Гүлжан. 10.Сөйлемдегі бастауыш қайсы? Біздің ауылға біраз үй көшіп келді. А)біздің Б)үй С)ауылға 11.Заттың іс-әрекетін,қимылын білдіретін сөз табы қалай аталады? А)сан есім Б)сын есім С)етістік 12.Білімді,егіншілер сөздерінің түбірін белгіле. А)білім,егін Б)білімді,ек С)біл, ек 13.Жаз,бол,ара сөздері қандай сөздерге жатады? А)мәндес Б)көп мағыналы С)қарсы мағыналы 14.Зат есім сұрақтарын жаз? А)кім?не?нелер?нелер? Б)қайда?қашан? С)не қылды? Не істеді? 15.Қосымшалы сөзді тап. А)балықшылар Б)саңырауқұлақ С)өнер 16.Орамал сөзінде неше әріп,неше дыбыс бар? А)5 әріп,6 дыбыс Б)5әріп,5дыбыс С)6әріп,5дыбыс 17.Тұрлаулы мүше нешеге бөлінеді? А)2 Б)3 С)4 18.Жалаң сөйлем қайсы? А)Ақтөбе үлкен қала. Б)Маржан келді С)үге қонақ келді. 19.Қаратпа сөзді тап. А)Нағашым ет турады. Б)Қызым құстың жемін берді. С)Сара, сен сабақ оқыдың ба? 20.Түбір сөзді тап. А)жұмыс Б)қызметкер С)достық 21.Туынды зат есімді тап. А)балық Б)орындық С)ұста 22.Тәуелдеулі сөзді тап. А)мұғалімге Б)мұғалімнің С)мұғалімдер 23.Негізгі етістікті тап. А)жазды Б)шегеле С)ақылдас 24.Мына сын есімдердің қайсысын алма сөзімен тіркестіріп айтуға болады. А)ұзын Б)қызыл С)қең 25.Реттік сан есімі бар сөйлемді тап. А)Айша үшінші сыныпта оқиды. Б)Арман екі сурет салды. С)Біз үш қабатты үйде тұрамыз. 26.Сұраулы сөйлем қайсы. А)Қызым,сағат неше. Б)Қызым гүл терді. С)Қыздар, жүріңдер гүл терейік. 27.Берілген сызбаға тиісті сөйлемді тап. _____ _____ . А)Жаңбыр қатты жауды. Б)Жаңбыр жауды. С)Жаңбыр жауып,күн күркіреді 28.Мақалды тап. А)Ер жігіт елі үшін туып,елі үшін өледі Б)Елім менің жерге бай. С)Жайын суда өсті 29.Түбір сөздерді тап. А)Бала,жүз,тап Б)Балапан,жүзгіш,тапқыш. С)Балажан, балапан 30.-шы,-ші жұрнағы қай сөздерге тиісті А)жұмыс, кітап Б)жұмыс,егін С)жалқау, сылтау. |