скачать doc
№01 Қазақ тілінен 1-ж.ж. бойынша білімдерін тексеру
Біріккен сөзді тап:
а) еңбекші б) саңырауқұлақ с) қаламдар
Күрделі сөзді тап:
а) құрт – құмырсқа б) гүл с)қойшы
Тұрақты сөз тіркесін тап:
а) Төбе шашым тік тұрды
б) Көшенің шамы өшіп қалды
с) Дәрігер баланы емдеді
Қарсы мәндес сөзді тап:
а) адам, кісі, азамат
б) тау,ағаш, табиғат
с) тату – араз
Қаланың үстінде бір тікұшақ айналып ұшып жүр. Осы сөйлемдегі күрделі етістікті тап:
а) қаланың үстінде б) айналып ұшып с) ұшып жүр
..., сен жақсы адамсың. Көп нүктенің орнына төмендегі қыстырма сөздің қайсысы сәйкес келеді?
а) қайдам б) қысқасы с) менің ойымша
«Бетінен оты шығу», - деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын тап:
а) ұялу б) от жағу с) беті кую
Атау септігіндегі зат есім сөзді тап:
а) қойшы б) жолмен с) өзеннен
Қате жазылған сөзді тап:
а) ою ойды б) шөпті үйу с) үлгілі оқушы
Тәуелдік жалғаулы сөзді тап:
а) тақты б) баласымен с) көшенің
Құрмалас сөйлемді тап:
а) Күн күркіреп, жаңбыр жауа бастады
б) Күн суыта бастады
с) Айналаны түгел қар басты
Қос сөзді тап:
а) көкпеңбек б) қысы – жазы с) Сары өзек
13. Қате жазылған сөзді тап:
а) күздігүні б) жаздыкүні с) сыйғызу
14. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап:
а) та-уық-тар б) тауық-тар с) тау-ық-тар
15. Қай сөзге жұрнақ жалғанған?
а) тәртіпке б) тәртіпті с) тәртіппен
16. «Қызыл» қандай сөз:
а) түбір сөз б) туынды сөз с) қосымшалы сөз
17. «Күзетшілер» сөзі қандай сөз?
а) түбір сөз б) негізгі сөз с) туынды сөз
18. Біріккен сөзді белгіле.
а) бірқазан б) әке –шеше с) оқушы
19. «Жат» сөзі қандай етістік?
а) туынды б) негізгі с) болымды
20. Жайылма сөйлемді тап.
а) Мен дүкенге бардым б) Дүкен ашылды с) Қыс
Жалқы есімді тап:
а) партизандар б) Жаяу Мұса с) солтүстік
Туынды сын есімді тап:
а) терең б) өнерлі с) нашар
Барыс септігінде тұрған сөзді тап:
а) күрегі б) күректі с) күрекке
Заттың біреуге тәуелді екенін білдіретін жалғауларды қандай жалғаулар дейміз?
а) септік б) жіктік с) тәуелдік
Күрделі сан есімді белгіле:
а) жүз б) миллион с) он екі
ІІ жақта жіктелген зат есімді тап
а) дәрігермін б) сауыншысың с) мұғалім
Негізгі сын есімді көрсет.
а) қалың б) көрікті с) өнерпаз
28. Реттік сан есім жасайтынжұрнақтарды белгіле
а) -лар, -лер б) –еу, -ау с) –ыншы, -інші, -ншы, -нші
Құрмалас сөйлемді белгіле.
а) Төртінші сынып саяхатқа дайындалды
б) Жұрттан бұрын күн тұрады, жер гүлдермен құлпырады
с) Әсем үйге келді
Қазақ тілінде неше септік бар:
а) 7 б) 8 с) 9