скачать doc Қазақ мектебіндегі қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары. 9-сынып. І-нұсқа 1. Үнді дауыссыздар қатар тұрған сөзді көрсет. А) Байлық В) Белгі С) Көктем Д) Жалшы Е) Белдік 2. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көсрет. А) Құ-мырс-қа В) Бо-ран С) Тас-ым-ал Д) Қау-ын Е) Бақ-ыт 3. Қосымша дұрыс жалғанған сөзді көрсет. А) Фондыны В) Лагерге С) Педагогтар Д) Программистке Е) Цехтің 4. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды тап. А) Ауылдағы қарындасымның сәлемдемесін бердім. В) Ағасының жүрегі тулап қоя берді. С) Ата-анамның аманаты еді ғой. Д) Қара ала сиырды айдап жіберді. Е) Жиналыс бастықсыз өтпейді. 5. Дәстүрлі принципке сай жазылған сөзді көрсет. А) Суды кешші В) Қатемді кешші С) Жіпті кесші Д) Кеще адам Е) Мәселені шешші 6. Синонимдік қатарды көрсет. А) Мәре-сәре болу, қуану В) От жағу, шам жағу С) Жаяу-жалпы, атқа мінер Д) Көйлектің жағасы, өзеннің жағасы Е) Қиян-кескі, арып-талып 7. Антонимдік қатарды көрсет. А) Көз көрім жер, ит өлген жер В) Дулыға, сәукеле С) Саулық, тереңдік Д) Алыс, шалғай Е) Бару, оқу 8. «Қара» сөзінің тура мағынада қолданылып тұрған түрін көрсет. А) Қиылған қара қасы, қарақаттай мөлдіреген қара көзі өзіне сондай жарасады. В) Жол ортасына жеткенде, артымыздан бір қара көрінді. С) Істің ақ пен қарасын тексеріп, әділ шешімін айтты. Д) Қара қағаз алғалы оның көңілі түсіп, еңсесін бір көтерер күні болмады. Е) Мен тек қара ниетті адамдардан қорқамын. 9. Белгілі бір ғылым саласында ғана қолданылатын сөздер - А) диалект сөздер В) термин сөздер С) кәсіби сөздер Д) тарихи сөздер Е) ғылыми сөздер 10. «Өкіну» мағынасында қолданылатын тұрақты сөз тіркесін тап. А) Есінен шығып кету В) Көз аларту С) Арасынан қыл өтпеу Д) Ағынан жарылу Е) Бармағын тістеу 11. Түбір сөзді көрсет. А) Жүз В) Қырсыз С) Оқырман Д) Сулы Е) Қазба 12. Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсет. А) Шаппа В) Төзім С) Жемісті Д) Жоғары Е) Қысқалау 13. Болжалдық сан есімді көрсет. А) Он-оннан В) Бір жарым С) Тоқсан Д) Қырық шақты Е) Төртінші 14. Жай септеу үлгісіндегі сөздерді көрсет. А) Арнасында В) Қасыңа С) Арымның Д) Балалықтың Е) Кезегімен 15. Есімшенің тәуелденген түрін көрсет. А) Білетінімді В) Жазбассың С) Керексінді Д) Қалағандар Е) Сағынарсың 16. Туынды үстеу тудыратын жұрнақтарды көрсет. А) –пақ, -пек, -ғыш, -гіш В) –мақ, -мек, -бақ, -бек С) –дайын, - дейін, -тайын, -тейін Д) –ғай, -гей, -қай, -кей Е) –м, -ым, -ім 17. Негізгі еліктеуіш сөзді тап. А) Қорбаң В) Қара С) Көрші-қолаң Д) Лүп Е) Қызараң 18. Күрделі нақ осы шақты тап. А) Қенже шаршағандықтан ерте жатып қалды. В) Ойын ойнау үшін емес, білім алу үшін барып жүрді. С) Бақшада бұлбұл құстар күн сайын сайрап тұратын. Д) Әжесі немересін қасына алып отыр. Е) Бәрінің көздері бақырайып қарап қапты. 19. «Ғой», «қой» шылауларының мағынасын көрсет. А) Күшейткіш В) Сұраулық С) Шектік Д) Нақтылау Е) Болжалдық 20. «Ат» сөзінің табыс септік тұлғасында тұрған тіркесін көрсет. А) Салт атты кісілер В) Таң атты С) Атты отқа қойды. Д) Ержан атты бала Е) Мылтықпен қоянды атты. 21. Баяндауыштың жасалу жолы. М.Әуезовтың соңғы романы – «Өскен өркен». А) Дара сөз В) Туынды сөз С) Біріккен сөз Д) Қос сөз Е) Күрделі сөз 22. Мекен пысықтауышты тап. А) Сыпайыны үйде сынама, түзде сына. В) Түстік өмірің болса, кештік мал жина. С) Қорыққан бұрын жұдырықтар. Д) Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі. Е) Бүгін тату, ертең сату. 23. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесін тап. А) Адамның кішісі В) Зерек шәкірт С) Жанға жайлы Д) Далаға шықты Е) Жатқа айтты 24. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын тап. А) Мақсаттың үйі В) Арбада отыр С) Мектепке келу Д) Колхозды байыту Е) Тас диірмен 25. Бірыңғай мүшелі сөйлемді тап. А) Үйдің ортасында үлкен қара қазан. В) Ол жығылып, аяғын сындырып ала жаздады. С) Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Д) Үйге келген – Ақжолов Ермек. Е) Көкшіл түсті үлкен көздері - әрі салқын, әрі сабырлы. 26. Жалаң сөйлемді көрсет. А) Таң сарғая қорғанның артына керуендер жиналды. В) Бұдан еш нәрсе түсініп болмайсың. С) Бұлар жүріп кетті. Д) Біркелкі, жақсы өсіпті. Е) Жайлауға шықты. 27. Жалғаулықты себеп-салдар салаласты көрсет. А) Асқар бұл сұраққа жауап таба алмай, ұзақ үнсіз отырды. В) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді. С) Бұл жердің дәнін мен сепкендіктен, езгеннен гөрі менің жаным қатты ауырады. Д) Талғат есепті шығара алмады және оған қиналмады. Е) Жаманшұбарлықтар қыстаудан шықпайды, өйткені жас төлді қорада ұстау керек. 28. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет. А) Көз көрмей, көңіл сөнбес. В) Дау қырық жыл бітсе де, қыршын біттім дейді. С) Омыртқаны ұстап отырғанша, қабырғаны қағып таста. Д) Асып қарама, басып қара. Е) Ертеңге қалдырмай, бүгін-ақ тындырып тастасаң етті. 29. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшенің соңынан келген жағдайда қойылатын тыныс белгісін көрсет. А) Сызықша В) Дефис С) Үтір Д) Нүкте Е) Қос нүкте 30. Үтірдің қойылу себебін көрсет. Бұл үйден ешкіні, лақты, шыбышты, тушаны – бәрін көруге болады. А) Құрмалас сөйлем В) Айқындауыш С) Бірыңғай толықтауыш Д) Қыстырма сөз Е) Оқшау сөз Қазақ мектебіндегі қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары. 9-сынып. 2-нұсқа 1.Еріндік дауыстыдан басталып езулік дауыстыға аяқталған сөзді көрсет. А) Ұршық В) Отыру С) Ұры Д) Ірімшікті Е) Өлең 2. Сингармонизмге бағынбайтын қосымшаны көрсет. А) –шылық В) –нан С) –кес Д) –қы Е) –ық 3. Ілгерінді ықпалды тап. А) Сөзсіз В) Сенбе С) Балықшы Д) Қашса Е) Халқым 4. Дұрыс жалғанған қосымшаны көрсет. А) БҰҰ-ға В) БҰҰ-на С) БҰҰ-а Д) БҰҰ-қа Е) БҰҰ-ка 5. Буын талғайтын дауысты дыбыс: А) о В) ы С) а Д) і Е) у 6. Омонимдік қолданыстағы сөздерді көрсет. А)Тойға барсаң, тойып бар, торқа тоның киіп бар. В) Екпіндінің өзі де екпінді, сөзі де екпінді. С) Етікші етікке жарымас. Д) Ұрыны қарақшы ұрады. Е) Қой көрмеген қой көрсе, қуалап жүріп өлтіреді. 7. «Ұрланды» сөзінің эвфемизмі А) Жоғалды В) Қолды болды С) Жоқ болды Д) Біреу алды Е) Жымқырып кетті 8. Көп мағыналы сөзді көрсет. А) Гүлдің түсі, көрген түсі В) Адамның тамыры, ағаштың тамыры С) Қара шалбар, маған қара Д) Көйлек жеңі, күресте жең Е) Қой сойды, үстелге қой 9. Көнерген сөздердің мағыналық түрлерін көрсет. А) Архаизм мен неологизмдер В) Кірме сөздер мен жаңа сөздер С) Тарихи сөздер мен кірме сөздер Д) Архаизмдер мен тарихи сөздер Е) Историзм мен неологизм 10. Тұрақты тіркесті көрсет. А) Айы оңынан туды В) Оң жақ бетінен сүйді С) Айдың жарығы түсті Д) Оң қолынан ұстап алды Е) Киімінің түсі оңып кеткен 11. Жасырын тұрған табыс жалғаулы тіркесті тап. А) Малды ауыл В) Кітап оқы С) Атты адам Д) Ертең барам Е) Кеше келді 12. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды көрсет. А) Марат(пенен) сөйлесті. В) Марат(пен) барып кел. С) От(пен) ойнама! Д) Машина(мен) келген еді. Е) Марат (пен) Қанат келді. 13. Мөлшер үстеудің сұрағы – А) Қалай? Қайтіп? В) Қайда? Қайдан? С) Қанша? Қаншама? Д) Қалайша? Кімше? Е) Қашан? Қашаннан? 14. Салт етістіктердің күрделі түрін тап. А) Сұрап шықтық В) Тыңдай отыр С) Көрсетіп жатырмыз Д) Келіп кетті Е) Жазып болды 15. Еліктеу сөзді тіркесті көрсет. А) Сендер үйге келіңдер В) Күз келді С) Қиқаң-қиқаң етті Д) Үй-үйімізге тарадық Е) Жан-жануар көп 16. Зат есімнің рең мәнін тудырушы жұрнақ арқылы жасалған сөзді көрсет. А) Дәріхана, мейрамхана В) Бастауыш, баяндауыш С) Анашым, көкешім Д) Айлакер, саудагер Е) Жұмысшы, сатушы 17. Тәуелдік жалғауының беретін мағынасын көрсет. А) Шақты білдіру В) Қажеттікті білдіру С) Меншіктілікті білдіру Д) Сандық мағынаны Е) Көптік мағынаны 18. Бастауыш қызметінде тұрған тұйық етістікті тап. А) Әрқайсысын өз орнына орналастыру керек. В) Айтуға дәтім шыдамайды. С) Оған ренжудің қажеті жоқ. Д) Жоғары оқу орнына түсу – менің арманым. Е) Анасын күтіп алуды әдетке айналдырған. 19. Қалау райлы етістікті көрсет. А) Әкелерсің В) Әкелгейсің С) Әкелмессің Д) Әкелінген Е) Әкелуге 20. Ауыспалы осы шақта тұрған сөзді тап. А) Лагерьге бармақ. В) Мен ертең келермін. С) Сен қайда бара жатырсың? Д) Әңгіме айт. Е) Ол ерте тұрады. 21. Қосарлы айқындауышты тап. Сол бұйраттың бетінде отырған Әли айтқан Айса ақсақалдың аулына келдім. А) Айса ақсақал В) сол бұйрат С) отырған Әли Д) Әли айтқан Е) бұйраттың бетінде 22. Бірыңғай мүшелерді жинақтап, бір сөзбен көрсететін сөз: А) Жалпылауыш сөз В) Жалаң сөз С) Жалпылама жақты сөз Д) Бірыңғай мүшелер Е) Жақты сөйлемдер 23. Пысықтауыштық қатынастағы қабысуды көрсет. А) Бойшаң жігіт В) Бүгін келеді С) Кештетіп қайтты Д) Айту үшін келдім Е) Қысқа сөйледі 24. Жалаң сөйлемді көрсет. А) Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жаумайды. В) Әрең көнді. С) Абай – ұлы ақын. Д) Еркіндік көктемі. Е) Көз тиді. 25. Қиысуды көрсет. А) Үздік оқушы В) Біз естідік С) Ойнап күлді Д) Қызыл орамал Е) Айдардың әні 26. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді көрсет. А) Адамды екі мінез қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз. В) Қараға ешқашан жуыма: аққа қара тез жұғаді. С) Әйелдің жалғыз жетістігі бар: ол – дақ түспеген ары. Д) Жамандық жалын секілді: өзін де, өзгені де жалмай береді. Е) Сабақтың қызықты өткендігі сондай – қоңырау соғылғанын естімей де қалыппыз. 27. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет. А) Отырған адамдардың көбісі жас болса да, әңгімесін қызықтырып айтқандықтан, отырыс біраз уақытқа созылды. В) Қазақ тілінде қосымшалар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп, үйлесіп не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып жалғанады. С) Аққулар көлге қонған соң, табиғаттың қаншалықты сұлу жаралғандығын тағы да іштей сезіндік. Д) Жастар білім мен тәрбиені құстың қанатындай қатар ұстанса, сол елдің болашағы жарқын болмақ. Е) Кешегі күн өтті, бар игілігің – бүгінгі ісіңде. 28. Дұрыс қойылған тырнақшаның орнын анықта. А) «С.Торайғыров» атындағы университет В) «Мемлекеттік мекеменің бастығы» С) «Қазақ әдебиеті» газеті Д) «Астанадағы Бәйтерек» Е) «Ғ.Мұстафин». Өмір белестері. Алматы, 1984. 29. Берілген сөйлемде қойылмаған тыныс белгісін көрсет. Кітапқа қызыққаным сондай одан бас ала алмадым. А) Үтір, сызықша В) Қос нүкте С) Сызықша Д) Жақша Е) Үтір 30. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны тап. А) Олар бір-бірлеп келе бастады. В) Телефон-автомат бұзылып қалыпты. С) Ол мәселені шешіп кетті. Д) Үйде екі-ақ адам отыр. Е) Еңбек – жан рахаты. Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары. 9-сынып І-нұсқа 1. Тұйық және ашық буындары бар сөзді тап. А) Алтын В) Үлкен С) Ауыл Д) Кешке Е) Үйде 2. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстарды көрсет. А) Ә, І, Е, Ө В) Ә, А, О, Ү. С) О, У, Е, І. Д) Ы, И, Ү, У. Е) И, Е, А, Ө. 3. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді тап. А) Үйге В) Ағаштікі С) Талапты Д) Мектепте Е) Балалар 4. Тура мағыналы сөзді тап. А) Қара суық. В) Қоңыр күз. С) Суық хабар. Д) Биік тау. Е) Жібек мінезді. 5. Шәкірт сөзіне мәндес сөзді тап. А) Аспаз. В) Мұғалім. С) Оқушы. Д) Оқытушы. Е) Ұстаз. 6. «Мереке» сөзінің синонимін тап. А) Қала. В) Көше. С) Ұстаз. Д) Сабақ. Е) Той. 7. Антоним сөздерді көрсет. А) кішкентай, көп В) артық, аз С) жеңіл, жуан Д) аласа, үлкен Е) дүниеге келді, қайтыс болды. 8. Түбір сөздер қатарын тап. А) Кітап, дәптер, қалам. В) Менде, сенде, оның. С) Өзенде, малшы, әнші. Д) Суретші, менің, олар. Е) Келді, сабақтан, олар. 9. Жұрнақ арқылы жасалған зат есімді анықта. А) Отын. В) Үй. С) Көл. Д) Арман. Е) Дос. 10. Тәуелдік жалғауындағы сөзді тап. А) Ауылданбыз. В) Апайлар. С) Жолдас. Д) Уақыт. Е) Дәптеріңіз. 11. Қатыстық сын есімді көрсет. А) Көк. В) Ұлттық. С) Ғажап. Д) Тамаша. Е) Үлкен. 12. Есептік сан есімді көрсет. А) Үшеу. В) Төртінші. С) Оннан бес. Д) Сексен. Е) Ондаған. 13. Бәрі, бүкіл, түгел, барлық, күллі есімдіктерінің мағыналық түрін көрсет. А) Жіктеу. В) Сілтеу. С) Өздік. Д) Жалпылау. Е) Сұрау. 14. Бұйрық райды көрсет. А) Аудар. В) Оқыған. С) Көру. Д) Қорғану. Е) Қолдану. 15. Демеуліктерді көрсет. А) –ақ, -ау В) Мен, бен, пен С) Бірақ, немесе Д) Арқылы, туралы Е) Бірақ, сондықтан 16. Одағай сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгісін тап. А) Желтоқсанда екінші тоқсан аяқталады. В) Арман, сен үйіңе бара ғой. С) Әттең, қазір жанымда ағам болғанда ғой. Д) Балам, арыңды жасыңнан сақта. Е) Амал қанша, ақырын күту керек. 17. Туынды зат есімді көрсет. А) Еңбектен. В) Еңбекші. С) Еңбегің. Д) Еңбекті. Е) Еңбекпен. 18. Күрделі сөзді көрсет. А) Ат. В) Ардагер. С) Көл. Д) Тасбақа. Е) Дәптер. 19. Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді тап. А) Сен киноға барасың ба? В) Ертең суық болады. С) Бүгін жаңбыр жауды. Д) Айман, сен келесің бе? Е) Бізде бүгін алты сабақ болады. 20. Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем түрін тап. А) Жақты. В) Жайылма. С) Жалаң. Д) Жақсыз. Е) Атаулы. 21. Құрмалас сөйлемді белгіле. А) Табиғаттың көрінісі тамаша! В) Қар аралас жаңбыр жауды. С) Күн аса суық болмағанмен, ызғары бар. Д) Үйлердің төбесін, ағаштарды, терезені қырау басты. Е) Күн суық болды. 22. Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсет. А) Әжеме барамыз кешке ертең. В) Теңгенің жасалу қағазы ерекше. С) Өлең білемін туралы Астана. Д) Мен келдім таңертең кеше. Е) Бақылау жұмысы болды күні алдыңғы. 23. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді көрсет. А) Еңбек адамды мықты етеді. В) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы. С) Спорт адамды көрікті етеді, денсаулықты жақсартады. Д) Мен ол күні келмедім, себебі сырқаттанып қалдым. Е) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. 24. Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет. А) Бүгін күн бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр жауады. В) Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді. С) Қаздар, үйректер жылы жаққа ұшып кетті. Д) Оған аудармашы болу қиын, дегенмен қызмет атқарып жүр. Е) Бүкіл жайлау елінен, қырдан қонақтар келе бастады. 25. Атаулы сөйлемді көрсет. А) Иттің үрген даусы шықты. В) Мен әлі отырмын. С) Көктем. Д) Ел ұйқыда жатыр. Е) Таң атып келеді. 26. Қазақстан Республикасы орналасқан құрлықты көрсет. А) Азия В) Америка С) Еуразия Д) Африка Е) Еуропа 27. Наурыз тойланатын айды көрсет. А) Наурызда В) Сәуірде С) Қаңтарда Д) Мамырда Е) Ақпанда 28. Кіші жүздің биі: А) Бөгенбай В) Төле би С) Сырымбет Д) Қазыбек би Е) Әйтеке би 29. Киім тігумен айналысатын адамды көрсет. А) Тігінші В) Мұғалім С) Ұста Д) Хатшы Е) Басшы 30. Күз айын көрсет. А) Шілде В) Қыркүйек С) Желтоқсан Д) Қаңтар Е) Наурыз Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары. 9-сынып 2-нұсқа 1. Тек қатаң дауыссыздарды көрест. А) Ғ, Г, Д, Т. В) Р, Л, М, Н. С) С, З, Б, П. Д) Б, В, Г, Д. Е) Қ, К, П, Т. 2. Жуан буынды сөздерді көрсет. А) оқушы, мұғалім В) кеш, өлең С) қоңырау, сабақ Д) терезе, гүл Е) мектеп, білім 3. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын септік атауын көрсет. А) Көмектес. В) Септік. С) Жатыс. Д) Атау. Е) Ілік. 4. Бітеу буынды сөзді көрсет. А) Дала. В) Өрт. С) Әке. Д) Бұлт. Е) Ата. 5. «Алға» сөзінің антонимін көрсет. А) төменге В) алыс С) артқа Д) жоғары Е) кең 6. Синонимдік қатар құрайтын сын есімді тап. А) Ақылды, мейірімді. В) Сабырлы, салмақты. С) Мәдениетті адам. Д) Жауапты, қабілетті. Е) Қасиет, қадір. 7. Тура мағыналы сөзді тап. А) Қара суық. В) Қоңыр күз. С) Суық хабар. Д) Биік тау. Е) Жібек мінезді. 8. Түбір сөзді тап. А) Көмек. В) Малшы. С) Тілші. Д) Теңізші. Е) Биші. 9. Септелген жалпылау есімдігін белгіле. А) Ешнәрсеге. В) Кімнің. С) Маған. Д) Кейбірдің. Е) Бәрінің. 10. Көсемшені тап. А) Сөйлейтін. В) Сөйлеген. С) Сөйлемес. Д) Сөйлейді. Е) Сөйлер. 11. Көңіл-күй одағайын көрсет. А) Тек. В) Ойпырмай. С) Тәйт. Д) Рақмет. Е) Аухау-аухау. 12. Жинақтық сан есімді көрсет. А) Он екі. В) Алты. С) Төртінші. Д) Жетпіс жеті. Е) Үшеу. 13. Жалғаулықты шылауларды белгіле. А) Да, де, та, те В) Сондай-ақ С) Ма, ме, ба, бе Д) Дейін, шейін Е) Ойпырмау, шіркін 14. Болымсыздық есімдіктерді көрсет. А) Бүкілі, бәрі. В) Ештеңе, ешкім. С) Өзім, өзімдікі. Д) Мен, біз. Е) Қашан, қайда. 15. Болымсыз етістікті тап. А) Істеді. В) Барды. С) Көрді. Д) Санамады. Е) Жатты. 16. Туынды зат есімді көрсет. А) Балық. В) Көр. С) Жазушы. Д) Көлік. Е) Таулы. 17. Шартты райдың жұрнағын көрсет. А) –са, -се. В) –ғы, -гі. С) –сын, -сін. Д) –ып, -іп. Е) –дас, -дес. 18. Баяндауышы зат есімнен болған сөйлемді тап. А) Семей полигоны жабылды. В) Семей полигонында 456 жарылыс өткізіліпті. С) Ол бізді асырап отыр. Д) Барлық тіршілік көзі – Жер-Ана. Е) Бұл ақырғы сынақ күші еді. 19. Тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем түрін көрсет. А) Жайылма. В) Хабарлы. С) Толымды. Д) Жалаң. Е) Толымсыз. 20. Жалаң сөйлемді көрсет. А) Елдіктің белгісі іспетті. В) Еліміз Елтаңбасымен еңселі. С) Зерттеулер бар. Д) Халық бар жерде – тіл де бар. Е) Айту – менің парызым. 21. Бұйрықты сөйлемді көрсет. А) Теңге үнемді сүйеді. В) Теңге – ұлттық валюта. С) Тиыннан теңге құралады. Д) Ақшаны үнемдей біл. Е) Ақша – халық байлығы. 22. Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет. А) Ержан далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты. В) Теледидарда кино да, айтыс та, ән де кезектесіп жүріп жатады. С) Бурабайға адамдар көп келеді. Д) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады. Е) Хамиттің жүзі өзгеріп кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды. 23. Сөйлемнің түрін көрсет. Түн. Тыныштық. А) Жайылма. В) Жақты. С) Жақсыз. Д) Атаулы. Е) Жалаң. 24. Толықтауышты тап. Досым қызық кітап сатып алды. А) Алды. В) Қызық. С) Сатып. Д) Кітап. Е) Досым. 25. Құрмалас сөйлемді белгіле. А) Табиғаттың көрінісі тамаша! В) Қар аралас жаңбыр жауды. С) Күн аса суық болмағанмен, ызғары бар. Д) Үйлердің төбесін, ағаштарды, терезені қырау басты. 26. Республика күнін көрсет. А) 9 мамыр В) 25 қазан С) 30 тамыз Д) 16 желтоқсан Е) 22 наурыз 27. Үй ішіне қатысты сөздерді көрест. А) Сызғыш, дәптер В) Еден, қабырға С) Қабат, оқулық Д) Дәрі, ағза Е) Көше, даңғыл 28. Ғалым Ғұбайдолла Айдаровтың зерттеген саласын көрсет. А) Орыс тілін В) Неміс тілінде жазулар С) Көне тарихты Д) Көне түркі жазулар Е) Көне славян жазулар 29. Құрманғазының күйін белгіле. А) «Жеңіс» В) «Адай» С) «8 наурыз» Д) «Амангелді» Е) «Саржайлау» 30. Жетісуда орналасқан қалаларды анықта. А) Қостанай, Павлодар, Көкшетау, Семей В) Қызылорда, Тараз, Алматы, Қарағанды С) Жезқазған, Ақтау, Ақтөбе Д) Алматы, Талдықорған, Текелі, Талғар Е) Ақтөбе, Атырау, Алматы, Шымкент |