скачать doc Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары. 11-сынып. 1-нұсқа 1. Буын түрлерінің санын анықта. А) Үш. В) Бес. С) Бір. Д) Төрт. Е) Екі. 2. Еріндік дауысты дыбыстарды көрсет. А) У, ұ, ы, ө. В) Ө, ү, и, э. С) Ұ, ү, е, у. Д) О, ө, ү, ұ. Е) О, ү, и, ө. 3. Ілгерінді ықпалды көрсет. А) Асқазан. В) Теңізші. С) Есалаң. Д) Итбалық. Е) Қызылорда. 4. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жататынын белгіле. А) ұ. В) о. С) у. Д) ө. Е) а. 5. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой: Сәл...м А) у. В) а. С) о. Д) е. Е) и 6. «Жоғары» сөзінің антонимін көрсет А) Алыс В) Төмен С) Аз Д) Сол Е) Оң 7. Синоним сөздерді көрсет А) Ақылды, мейірімді В) Сабырлы, салмақты С) Жауапты, қабілетті Д) Қасиет, құрмет Е) Мәдениетті, өнерлі 8. Тіл білімінің лексика саласы нені зерттейтінін белгіле А) Сөз мағынасын В) Сөз тіркесін С) Тіл дыбыстарын Д) Сөз құрамын Е) Сөйлем мүшелерін 9. Омоним болатын сөзді көрсет А) Мектепте ыстық тамақ береді. В) Анам түскі тамақ дайындап жатыр. С) Аттар жайылып жүр. Аттарды жарысқа дайындау керек. Д) Қонақ аттан түсті. Түрлі түсті қағаз сатып алдым. Е) Түнгі ауа салқындай бастады. Таңғы ауа өте таза. 10. Тура мағыналы сөзді тап А) Ашық терезе В) Ашық мінез С) Ашық дала Д) Қолы ашық Е) Ашық әңгіме 11. –лық жұрнағын қабылдайтын сөзді көрсет. А) Заң В) Қала С) Адам Д) Аудан Е) Бөлік 12. Жалғанатын септік түрін анықта: Ағза фосфорды жұмыртқа өнімдері... алады. А) Шығыс септік В) Табыс С) Жатыс Д) Көмектес Е) Ілік 13. Жаңа сөздердің жасалуын ... дейді. А) бірігу В) қосарлану С) бөлшектеу Д) морфология Е) сөзжасам 14. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді көрсет. А) Бұрын В) Әдемі С) Мың Д) Ағаш Е) Ауылдық 15. Дара сын есімді көрсет. А) Өте әдемі В) Қызыл ала С) Әдемі Д) Әп-әдемі Е) Ұзын бойлы 16. Түбірлес сөздерді тап. А) Жұмыс, жұмыскер В) Қалам, бақша. С) Зат, доп Д) Құлыншақ, бота. Е) Тал, қамқор. 17. Қосымшасы дұрыс жазылған сөзді көрсет. А) Біз жетіміз. В) Біз жетеуміз. С) Біз жетеумін. Д) Біз жетеу. Е) Біз жетеумын. 18. Келер шақтағы етістікті тап. ... бармадық. А) Мектепке. В) Оған. С) Театрға. Д) Қалаға. Е) Үйге. 19. Бұйрықты сөйлемді көрсет. А) Теңге үнемді сүйеді. В) Теңге – ұлттық валюта. С) Тиыннан теңге құралады. Д) Ақшаны үнемдей біл. Е) Ақша – халық байлығы. 20. Толықтауышты тап. Досым қызық кітап сатып алды. А) Алды. В) Қызық. С) Сатып. Д) Кітап. Е) Досым. 21. Сөйлемнің басында келген қыстырма сөзді тап. А) Күн ыстық. В) Меніңше, сен кітапты көп оқисың. С) Астана – жас қала. Д) Ол, бәлкім, бүгін келмейді. Е) Сен кітапты, әрине, көп оқисың. 22. Жайылма сөйлемді көрест. А) Ол оқып жүр. В) Жастар мерекесі. С) Уақыт бітті. Д) Мен мектепке тез жиналдым. Е) Уақыт жоқ. 23. Бастауыш пен баяндауыш сан есімнен болып тұрған сөйлемді көрсет. А) Бізге керек сан – он. В) Сегіз оқушы кешігіп келді. С) Ол алтыда келеді. Д) Үштен екіні ал. Е) Үш жерде үш – тоғыз. 24. Сөйлемнің түрін көрсет. Түн. Тыныштық. А) Жайылма. В) Жақты С) Жақсыз. Д) Атаулы. Е) Жалаң. 25. Үтір мен леп белгісінің қойылу себебін белгіле. Ойпырмай, күннің суығын-ай! А) Қаратпа сөз В) Еліктеуіш сөз С) Оқшау сөз Д) Одағай сөз Е) Қыстырма сөз 26. Біреуге тілек ретінде айтылатын сөз: А) хат В) бата С) ақыл Д) кеңес Е) пікір 27. Туған жеріңнің атақты адамы: А) Абай В) Жамбыл С) Мағжан Д) М. Қозыбаев Е) А. Байтұрсынов 28. Қазақстанның облыс орталықтарының санын көрсет. А) 12 В) 10 С) 14 Д) 13 Е) 11 29. «Основа жизни» тіркесінің аудармасы: А) Тіршіліктің тірегі В) Тіршіліктің реңі. С) Тіршіліктің орны. Д) Тіршіліктің райы. Е) Тіршіліктің реті. 30. Жер бетіндегі адам саны: А) 3 млрд. В) 7 млрд. С) 5 млрд. Д) 6 млрд. Е) 1 млрд. Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары. 11-сынып. 2-нұсқа 1. Қысаң дауыстылардың саны А) 7. В) 6. С) 8. Д) 10. Е) 4. 2. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсет. А) –ны, - ні, - н. В) – ның, - нің, (- дың, - дің, - тың, - тің). С) – кер, - гер. Д) – ың, - ің, - ң. Е) – нда, - нде. 3. Жіңішке сөзді көрсет. А) Балгер. В) Өсімтал. С) Жұмысшы. Д) Еңбек. Е) Әсемпаз. 4. Тұйық буынды сөзді көрсет. А) Ант. В) Қант. С) Баспана. Д) Анар. Е) Бұрғы. 5. Қысаң дауыстылардың қалай жасалатынын белгіле. А) Еріннің ілгері созылуы В) Тілдің ілгері созылуы.С) Жақтың тар ашылуы. Д) Жақтың кең ашылуы. Е) Тілдің кейін шегінуі 6. Тұрақты сөз тіркесін тап. А) Қызыл ту. В) Қазақ сөзі. С) Қол жалғау. Д) Екі аяқ. Е) Дәрілік заттар. 7. Қарамен жазылған сөздер мағынасына қарай қандай сөздер. Үлкен бастар, Кіші қостар. А) Омоним. В) Синоним. С) Антоним. Д) Көп мағыналы. Е) Ауыспалы мағына. 8. Синоним сөзді көрсет. А) Қыс, жаз, ескі. В) Жаз, түс, алма. С) Кір, көр, қор. Д) Қою, ойна, көрме. Е) Аспан, әуе, көк. 9. Тура мағынада жұмсалынып тұрған сөзді көрсет. А) Қалың қол. В) Қалың кітап. С) Қалың жаңбыр. Д) Қалың ел. Е) Қалың мал. 10. «Әрі» сөзінің антонимін көрсет. А) Аласа В) Төмен С) Қысқа Д) Бері Е) Алыс 11. Қос сөзді көрсет. А) Басшы В) Үйшік С) Қарақат Д) Бүгін Е) Күні-түні 12. Біріккен сөзді көрсет. А) Жазушы В) Орындық С) Биыл Д) Бала-шаға Е) Замандас 13. Туынды сөзді көрсет. А) Айна В) Отыр С) Балалық Д) Баланың Е) Айнаға 14. Туынды сөз тіл білімінің ... саласына жатады. А) фонетика В) лексика С) синтаксис Д) морфология Е) пунктуация 15. Атау септігінде тұрған сөзді тап. А) Кітапта бар. В) Кітап алдым. С) Кітап жатыр. Д) Кітаптың беті. Е) Кітаптан оқы. 16. Күрделі сөзді көрсет. А) Қалаға келу. В) Он бала. С) Жақсы кітап. Д) Қара торы. Е) Ұзын ағаш. 17. Нақ осы шақтағы етістікті көрсет. А) Тыңдап отыр. В) Ұнамайды. С) Келген жоқ. Д) Келіп қалдым. Е) Шыдамайды. 18. Заттың меншіктілігін білдіретін қосымшаны тап. А) Септік жалғау. В) Көптік жалғау. С) Тәуелдік жалғау. Д) Болымсыздық. Е) Жіктік жалғау. 19. Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем түрін тап. А) Жақты. В) Жайылма. С) Жалаң. Д) Жақсыз. Е) Атаулы. 20. Құрмалас сөйлемді көрсет. А) Табиғаттың көрінісі тамаша! В) Қар аралас жаңбыр жауды. С) Күн аса суық болмағанмен, ызғары бар. Д) Үйлердің төбесін, ағаштарды, терезені қырау басты. Е) Күн суық болды. 21. Атаулы сөйлемді көрсет. А) Су жылы екен. В) Сізге сәлем деді. С) Түн. Д) Мәдени – демалыс паркі. Е) Сәлем жолдады. 22. Төл сөзді тап. А) Жылқылар су ішуге тоқтады. В) Ол қашан келетінін айтты. С) Балам,-деді ол,-сенің атың кім? Д) Мұрат әннің өзінікі еместігін айтты. Е) Алмас менің атымды сұрады. 23. Берілген сөйлемнен анықтауышты тап. Күзде суық жел соғып тұрды. А) Жел. В) Тұрды. С) Күзде. Д) Суық. Е) Соғып. 24. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықта. Жиырма оқушы жарысқа кетті. А) Бастауыш. В) Анықтауыш. С) Пысықтауыш. Д) Толықтауыш. Е) Баяндауыш. 25. Одағай сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгісін көрсет. А) Желтоқсанда екінші тоқсан аяқталады. В) Арман, сен үйіңе бара ғой. С) Әттең, қазір жанымда ағам болғанда ғой. Д) Балам, арыңды жасыңнан сақта. Е) Амал қанша, ақырын күту керек. 26. «Қазақ жері» өлеңінің авторы: А) А. Байтұрсынов В) М. Мақатаев С) Мағжан Д) Абай Е) Ф. Оңғарсынова 27. Т. Әубәкіров ғарышқа ұшқан жерді тап. А) Ақтау В) Ақтөбе С) Ереймен Д) Көкшетау Е) Байқоңыр 28. Наурызда ... тойланады. А) жылдың аяғы. В) жылдың кетуі. С) жылдың қосылуы. Д) жылдың басы. Е) жылдың ортасы. 29. «Отец – для ребенка назидатель» мақалының орыс тіліндегі баламасын көрсет. А) Әке – отбасының тірегі. В) Әке – құрметті есім. С) Әке – асқар тау. Д) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Е) Әке – балаға сыншы. 30. Қабанбайдың шын атын көрсет. А) Ержан В) Ералы С) Ербол Д) Ер Тарғын Е) Ерасыл Қазақ мектебіндегі қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары. 11-сынып. І-нұсқа 1. Кейінді ықпалды тап. А) Тастай қатты В) Бейсенбай С) Айжан Д) Сағындық Е) Қырманнан қайтты 2. Айтылуы бойынша жазылған сөзді тап. А) Күлдіргі В) Құлақ сал С) Тақса Д) Ағ ешкі Е) Бұрын 3. Бірыңғай қысаң дауыстыдан болған сөзді көрсет. А) Іні В) Немере С) Ана Д) Бала Е) Шөпшек 4. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді тап. А) Әлдебір В) Тұрманбек С) Ендігәрі Д) Есболат Е) Әлдекім 5. Тұрақты сөз тіркесін тап. А) Ол оқыды. В) Оқыған азамат. С) Барды қанағат етейік. Д) Ел іші – алтын кенім. Е) Сау басына сақина тілеу. 6. Синоним сөздерді көрсет. А) Жақсы, тәуір, жақын. В) Жалғасу, ұштасу, келісу. С) Екпін, еңбек, табыс. Д) Дидар, келбет, билік. Е) Лақап, қауесет, сыбыс. 7. Омоним бола алмайтын сөзді көрсет. А) Мақта. В) Бақ. С) Барыс. Д) Көзілдірік. Е) Без. 8. Сөздің ауыспалы мағынасын тап. А) Өңі қуарып, әлсіреп қалыпты. В) Өкпесі өшіп, әлсіреген балапан ұша алмады. С) Мылтық даусы әлсіреп естіледі. Д) Қазақ тілі әлсіреуге тиіс емес. Е) Боранның уілдеген үні әлісрей бастады. 9. Омонимді көрсет. А) Жалғыз түйе бақырауық, жалғыз бала жылауық. В) Жер қабатының әр түрлі жыныстары бар. С) Балалар жыбырламай, жүгірмей жым болды. Д) Нүриланың жүзінде әлдебір мысқыл жүзіп жүр. Е) Көрші қарт жүдеулеу, арықтау көрінді. 10. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін тап. А) Сездің. В) Сезіпті. С) Сезбек. Д) Сезермін. Е) Сезесің. 11. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасын анықта. А) Лептік. В) Шектік. С) Күшейткіш. Д) Болжалдық. Е) Сұраулық 12. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауларды тап. А) Қатар, бірге, қабат. В) Ма, ме, ба, бе. С) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері. Д) Жайында, жөнінде, үшін, сайын. Е) Дейін, шейін, таман, қарай. 13. Сөйлемдегі сан есім қандай мағынада жұмсалып, сөйлемнің қай мүшесі екенін көрсет. Еламан жеті-сегіздей балықшымен ұлы теңізге қарай беттеді. А) Жинақтық, баяндауыш. В) Топтау, пысықтауыш. С) Болжалдық, анықтауыш. Д) Болжалдық, пысықтауыш.Е) Бөлшектік, толықтауыш. 14. Сан есімді лайықты сөзімен тіркестір. Бір шөкім ... А) тұз В) бұлт С) нан Д) шай Е) сөз 15. Бағыныңқының баяндауышының тұлғасын ажырат. Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт бешпент сулайды. А) Есімше. В) Ортақ етіс. С) Көсемше.Д) Етістікке септік жалғауы. Е) Шартты рай. 16. Екінші сөйлемдегі түсіп қалған сөйлем мүшесін тап. - Не мәселе туралы шақыртқаныңызды біліп отырмын. - Сіздің ... білгеніңіз жақсы. А) Баяндауыш. В) Анықтауыш. С) Толықтауыш. Д) Бастауыш. Е) Пысықтауыш. 17. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Жамал пешке от жағып, асты әзірлей бастады. В) Үйірме мүшелері М.Мақатаев өлеңдерін жатқа оқыды. С) Жақып кешкі тымырсық ауаны сіміре жұтып, даланы ұзақ аралады. D) Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек. E) Балалар еңбек сабағына құрал-жабдықтарын әкелді. 18. Бірыңғай толықтауыштың байланысу түрін көрсет. Ол Шығанақ пен Олжабекке өз қасынан орын берді. А) Қабысу. В) Матасу. С) Қиысу. Д) Меңгеру. Е) Жанасу. 19. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгіле. Мені танимысың? А) Жақсыз. В) Жақты. С) Жалаң. Д) Атаулы. Е) Толымды. 20. Үстеу қатысқан есімді тіркесті тап. А) Бәріміздің өміріміздің басталуы осылай еді. В) Ол қайта-қайта қарады, бірақ танымады. С) Қазір жалғызбын. Д) Жаздың көркі енеді жыл құсымен. Е) Мұнда бір салқындық бар. 21. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсет. А) Ойын аяқталған соң, Аяштар қайтуға кірісті. В) Музыканы мен жастайымнан жақсы көрдім. С) Ана мен баланың бақытты сәттеріне бөгет болғысы келмей, жүріс-тұрысының сыбдырын сездірмеуге тырысты. Д) Біз жөн сұрап, тез шүйіркелесіп кеттік. Е) Данияр алдыңғы күні Мәскеуден келіпті. 22.Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көретіңіз. А) Абай Ерболдың ақындығын бұрын да білуші еді, бірақ көңіл аудармаған. В) Әбіш келгелі, ауыл жастары бұл үйден шықпайтын болды. С) Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар. D) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. E) Ексең егін, ішерсің тегін. 23.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Бұрын көрмегендіктен, таңдана қарады.В) Ол кітапты көп оқығандықтан, көп те біледі. С) Сөйлесіп болған соң, телефон құлағын іліп қойды. D) Бірлік болмай, тірлік болмас. E) Сара емтиханға көп дайындалған соң, жақсы тапсырды. 24.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Ұлберген кедей болғанымен, киім-кешегін таза ұстайтын. В) Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолы болмады С) Ексең егін, ішерсің тегін. D) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен. E) Теңіздің суы мөп-мөлдір екен. 25. Қай сөйлемде тыныс белгілері дұрыс белгіленген. А) «Биік мансап, биік жартас» – дейді Абай.В) «Биік мансап - биік жартас», – дейді Абай. С) Биік мансап - биік жартас – дейді Абай. D) Биік мансап, биік жартас, – дейді Абай. Е) «Биік мансап, биік жартас», – дейді Абай. 26. Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны көрсет. А) Жұрт айтты – көне берді. В) Аяғы жоқ – жүреді, аузы жоқ – сөйлейді. С) Ағаш арасын қараса – жоқ. Д) Алыс-берісіміз көп, ағайын адамбыз. Е) Қарқаралы деген округтің әміршісі – Құнанбай мен осы Майыр. 27. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді көрсет. А) Нем кетті – барып қайтам.В) Берсе – алам ғой.С) Құр барып қайтпа – алып қайт. Д) Әркім - әуелінде өз ауылының баласы.Е) Қойшы енді – бөлежан. 28. Бірыңғай мүшенің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын көрсет. А) Ол біресе желеді, біресе жүреді, біресе тоқтайды. В) Ол біресе, желеді, біресе, жүреді, біресе тоқтайды. С) Ол, біресе желеді, біресе, жүреді, біресе тоқтайды. Д) Ол біресе, желеді, біресе, жүреді, біресе тоқтайды. Е) Ол біресе, желеді біресе, жүреді, біресе тоқтайды. 29. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсет. А) Жә, тегінде осындай тіл осал елге бітер ме? В) Жә тегінде, осындай тіл осал елге бітер ме! С) Жә тегінде, осындай тіл осал елге бітер ме? Д) Жә, тегінде, осындай тіл осал елге бітер ме. Е) Жә, тегінде, осындай тіл осал елге бітер ме?! 30. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсет. А) Қане Мүслима, екеуміз кеңесте айтайық. В) Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат. С) Қорыта келгенде, баяндама толық жасалға. Д) Біз, жастар еңбекте, оқуда алда болуымыз керек. Е) Содан бері бір қыс – екі жаз өтті. Қазақ мектебіндегі қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары. 11-сынып. 2-нұсқа. 1. Бірыңғай езулік, жіңішке дауыстылардан болған сөзді белгіле. А) Еріншек В) Бүлдірген С) Жоңышқа Д) Мүсәпір Е) Бүлдіршін 2. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді көрсет. А) Арманды В) Ертеңгіміз С) Үшінші Д) Қарашашпен Е) Балаға 3. Ілгерінді ықпалды көрсет. А) Қырықаяқ В) Асхана С) Штабта Д) Тоқжігіт Е) Көре кел 4. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны көрсет. А) – лар В) – кеш С) - ым Д) – лық Е) – шы 5. Орфографиялық принципке бағынған сөзді көрсет. А) Бейсембі В) Өнөр С) Күндүз Д) Еңкею Е) Жұлдұз 6. Көнерген сөзді тап. А) Бадана көзді кіреуке Шар айнасы бес қабат. В) Ел үмітін ақтау – ер атағын сақтау. С) Ел болып, етегіме паналағандарыңа мен ағайын болайын. Д) Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы. Е) Шамадан аспа, кемеріңнен таспа. 7. Ауыспалы мағыналы сөзді тап. А) Бұзаулы сиыр. В) Ұйқыдан ояту. С) Жел мінез. Д) Жүйрік ат. Е) Ақырын қозғалу. 8. Тұрақты сөз тіркесін тап. А) Алыстан дүрсілдеген ат тұяғының дыбысы естілді. В) Жұт тігерге тұяқ қалдырмады. С) Артында қалған бір тұяқ бар еді. Д) Омардың ірілі-ұсақты он бес тұяғы бар. Е) Малдың тұяғын да іске асыруға болады. 9. Омоним бола алмайтын сөзді тап. А) Енші. В) Кітап. С) Көсе. Д) Жай. Е) Жарық. 10. Синоним сөздерді көрсет. А) Оқушы, ұстаз. В) Бірлік, аласапыран. С) Бұйымтай, қолқа. Д) Дәрігер, мұғалім. Е) Бірден, бірталай. 11. Күшейткіш демеулікті тап. А) дейін В) сайын С) –ау Д) ше Е) – ды 12. Күрделі сөзді көрсет. А) Қабырғаңмен кеңес. В) Тіс жармады. С) Таза киім. Д) Сары уайымға салынды. Е) Жүріп келе жатыр еді. 13. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді тап. А) Алатау. В) Әкел. С) Мұратәлі. Д) Кейбір. Е) Ешқашан. 14. Көмектес септігінің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгіле. А) Баяғыда. В) Әрең-әрең. С) Кеңінен. Д) Жоғары. Е) Кезекпен 15.Бастауыштың қимыл әрекетін білдіріп, онымен қиыса байланысатын сөйлем мүшесін тап. А) Баяндауыш. В) Айқындауыш. С) Толықтауыш Д) Пысықтауыш. Е) Анықтауыш. 16. Жақты сөйлемді тап. А) Қап, ұят болған екен! В) Бұлт астында жылжыған ай. С) Бүгін жиналысқа қатысуға тиіссіз. Д) Саған соны ғана айтқым келеді. Е) Қатерліден осылай құтылар болар. 17. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаластың сұрағын анықта. А) Не еткен соң? В) Қайткендіктен? С) Қалай?Д) Қашаннан бері? Е) Не еткенше? 18. Анықтауыштық қатынас қалай байланысқан есімді тіркестерге тән екенін белгіле. А) Қабыса, жанаса. В) Матаса, жанаса. С) Меңгере, жанаса. Д) Меңгере, қабыса. Е) Матаса, қабыса. 19. Бағыныңқысы үстеуден болатын етістіктің тіркес түрін белгіле. А) Жанасу. В) Қабысу. С) Меңгеру. Д) Қиысу. Е) Матасу. 20. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсет. А) Баланың кітабы. В) Оқуды бітірді. С) Көпір арқылы өту. Д) Менің оқушым. Е) Хатқа жауап. 21. Шартты бағыныңқы сабақтасты тап. А) Кітабын оқып болғандықтан, досыңа бере салды. В) Ертең апам келеді. С) Табиғаттың сырын білсең, ешқашан қор болмайсың. Д) Маған жақындап келгенде ғана, өзімнің шәкіртім екенін таныдым. Е) Бүгін жаңа ай туды. 22. Сырттай қарағанда сөз тіркесіне ұқсас сөздер тобының қатарын көрсет. А) Сәнді киім. В) Келе жатыр. С) Қызу еңбек. Д) Кеше келді. Е) Ақ ешкі. 23. Мақсат бағыныңқылы сабақтасты көрсет. А) Ол сабағын жазып отыр, бірақ ойынан бүгінгі жайсыздық шықпайды. В) Ол жеткенше, Қанабек тықыршып тұр. С) Кең даланы сұлу сағым басты. Д) Әңгімені басынан бастамақ болып, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін. Е) Қыруар уақыт өткенмен, жаңбыр басылмады. 24. Баяндауыш болатын еліктеу сөзді тап. А) Алыстан дабырлаған дауыс естілді. В) Оның сөзіне елең еткен адам болмады. С) Иық тірескен қоңыр таулар тағы күңк етті. Д) Жарқ етіп шам жанды. Е) Шоқан қалжыңға түсініп, қарқ-қарқ күлді. 25. Құрамында бірнеше бағыныңқысы бар сөйлем қалай аталатынын тап. А) Сатылы бағыныңқылы. В) Аралас құрмалас. С) Көп бағыныңқылы. Д) Жарыспалы бағыныңқылы. Е) Көп басыңқылы. 26. Төл сөздің тыныс белгілері дұрыс қойылмаған сөйлемді көрсет. А) – Неге қорқады? – дейсіз ғой. В) – Көкпардан қалайша болады? – дейсіз ғой. С) Жұрт қалай тартады екен? – деді. Д) – Соғымның сирағы кесіле ме? – деді, анау екеуі. Е) – Қап, әттеген-ай! – деді анау екеуінің біреуі. 27. Тыныс белгілері дұрыс қойылған қатарды көрсет. А) Есенкелді тұрып: - Қонақ – балалар, үлкен үйге жүріңіздер, - деді. В) Есенкелді тұрып, «Қонақ балалар, үлкен үйге жүріңіздер», деді. С) Есенкелді тұрып:- Қонақ балалар, үлкен үйге жүріңіздер, - деді. Д) Есенкелді тұрып: Қонақ балалар - үлкен үйге жүріңіздер деді. Е) Есенкелді тұрып: - Қонақ балалар, үлкен үйге жүріңіздер, - деді. 28. Жалпылауыш сөзге байланысты қойылған тыныс белгісін көрсет. А) Біз, тіміскілегіш балалар, тұтқындардың қайда екенін тез тауып алдық. В) Екеуі ымырт жабыла бергенде Бөкенші жайлауы – Жәнібекке тартты. С) Төрт бұрышты қара – Жәнібек. Д) Әсия, шешей, мен, кешегі ағай – бәріміз бір мезгілде келдік. Е) Менің байқауымша, олар әлі келмейді. 29.Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылған тыныс белгісін көрсет. А) Ақшоқы – қазір өскен, өзгерген ауыл. В) Шолпан, Марс, Жер – бәрі планета. С) Мұнда, Ойылда, барлық мәселе шешімін тапқан. Д) Төрт бөлмелі тас үй салқын, жайлы. Е) Күн шуағына бөленген Жер-Ана мейірімін төгеді. 30. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді көрсет. А) Нем кетті – барып қайтам.В) Берсе – алам ғой.С) Құр барып қайтпа – алып қайт. Д) Әркім - әуелінде өз ауылының баласы.Е) Қойшы енді – бөлежан. |