скачать doc
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ
ТЕХНОЛОГИЯ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
10-11 сыныптар
жаратылыстану-математика бағыт
Аcтана 2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ
ТЕХНОЛОГИЯ
жалпы білім беретін мектептің
жаратылыстану-математикалық бағыттағы
10-11 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Бағдарлама авторлары: Устемиров К.У., Адамкулов Н.М., Кенжебеков Б.Т., Кутпанбаев А.К., Каимова Р.Т., Жоламанова К.К., Товченик И.А., Сыздыков О.С., Алибаева Л.А., Нуралиева С.К.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Технология» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 35 б.
© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім беру академиясы, 2010
І. ТҮСІНІК ХАТ
«Технология» оқу пәні жалпы орта білім беру деңгейінде оқытылады және «Өнер және технология» білім беру саласына енеді. «Технология» оқу пәнінің нысаны оқушының көркем безендіру, бейнелеу, құрастыру сияқты негізгі көркемдік әрекеттері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Технологияны оқыту тұлғаның эмоционалды-құндылық және сенсорлық мәдениетін дамытып, қоршаған орта мен өнердегі әсемдікті көру, бағалау және оларды өз қолымен жасау қабілеттіліктерін арттырады.
Оқу пәнінің жалпы мақсаттары. - жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, өндіріс пен қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білу, технологиялық сауаттылығын қалыптастыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, қоғамның арасындағы байланысын түсінуі сонымен қатар қоршаған ортаға технологияның әсерін білуге тәрбиелеу болып табылады.
. Оқу пәнінің міндеттері:
оқушы тұлғасының, әлеуметтік және кәсіби қалыптасу проблемаларын
түсіну негізінде өзіндік саналылығы мен өмірлік тәжірибесінің бірлігі
арқылы қабілеттерін дамыту;
оқыту процесін ұйымдастыруға денсаулық сақтау көзқарастарын
қамтамасыз ету;
технологиялық жүйелік ойлау қабілетін қалыптастыру,- жобалық қызметті ұйымдастыру, графикалық мәдениетін қалыптастыру, технологиялық және техникалық қызмет аймағында сұранысқа сәйкес қолданбалы міндеттерін шеше білуін қалыптастыру;
Оқу пәнінің мазмұны біртұтастық ұстанымына сай құрыла отырып, концентрлік тұрғыда дамиды. Оқу пәнінің құрылымы «жекеден жалпыға», «жақыннан алысқа» ұстанымдарына бағынады, оқу пәні арқылы білім алушылардың жеке өмірлік тәжірибесіне негізделген дүниенің қарапайым бейнесінен ғылыми дүниетанымдық бейнесіне өту арқылы қамтамасыз етіледі. Әртүрлі қызмет аймағында технологияға бағыттау біліктілігін қалыптастыру; еңбек нарығында тиімді өзіндік қызмет етуге және кәсіби білім беру жүйесінде білімін жалғастыруға дайындау.
Өз мазмұнында «Технология» білім беру аймағы оқушылардың жалпы білім беру даярлығының политехникалық және қолданбалы құрылымдарын ашады, мемлекет, қоғам мен тұлғаның қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерінің үйлесімдігі Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты негізінде қарастырылған.
Пән бойынша оқу жүктемесі:
10 сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды;
11 сыныпта аптасына – 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартындағы базалық білім мазмұны аясында мектептің мүмкіндігін және оқушылар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, таңдау тақырыптары ұсынылады.
ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.«Шаруа қожалығы: құрылысы, күтімі, жөндеуі» оқу курсының 10-11-сыныпқа арналған тақырыптық жоспары
10-сыныпқа арналган тақырыптық жоспар
№ | Тақырыптар мен бөлім атаулары | Сағат саны | ||
теория-лық | практи-калық | Бар-лығы | ||
1 | Кіріспе | 2 | - | 2 |
2 | Ағаш шебері мен ұсталык жүмысына қажет материалдар. Жеке үй салуға қажет құрал — жабдықтар | 2 | 2 | 4 |
3 | Ағаш ендеуге қажет құрал — саймандар, кұрылғылар | 2 | 4 | 6 |
4 | Бүгінгі күн талабына сай пәндерді жоспарлау жоне жобалау | 2 | - | 2 |
5 | Пандустар мен платформаларды пәтерге орналастыру технологиясы | 2 | 2 | 4 |
6 | Есік, терезе салынатын қорабтарды жасау технологиясы | 2 | 4 | 6 |
7 | Терезе жақтауын әзірлеу технологиясы | 2 | 2 | 4 |
8 | Пәтердің есіктерін дайындау технологиясы | 2 | 4 | 6 |
9 | Пәтердің есігі мен терезе жақтауларын жөндеу технологиясы | 2 | 2 | 4 |
10 | Әр түрлі едеңдерді төсеу әдістері | - | 4 | 4 |
11 | Тақтайдан жасалған едендер мен плинтустарды төсеу | - | 4 | 4 |
12 | Үйдегі немесе пәтердегі сатыларды жөндеу технологиясы | - | 4 | 4 |
13 | Пәтер жөндеу барысында қажет болатын арматураларды жинау, әрі үйлестіру | 2 | 2 | 4 |
14 | Үй бөлмесін не пәтерді жөндеу барысында болат және шойын түтіктерді біріктіру технологиясы | - | 4 | 4 |
15 | Металл емес түтіктерді біріктіру технологиясы | - | 4 | 4 |
16 | Пәтердегі сантехникалық жұмыстарды жүргізу технологиясы | - | 6 | 6 |
| БАРЛЫҒЫ: | 20 | 48 | 68 |
11-сыныпқа арналған тақырыптық жоспар
№ | Тақырыптар мен бөлім атаулары | Сағат саны | ||
теория-лық | практи-калық | бар-лыгы | ||
1 | Жаңа пәтерге паркет салу жүмыстарының технологиясы | 2 | - | 2 |
2 | Паркет жұмыстарына қажет материалдар | 2 | 4 | 6 |
3 | Паркет жұмыстарының құрал-жабдықтары | 2 | 4 | 6 |
4 | Паркетпен жасалған едендерді күту және жөндеу | 2 | - | 2 |
5 | Жаңа паркетті төсеу және ламинациялау технологиясы | 2 | 2 | 4 |
6 | Үй жиһазын құрастырудың, жобалаудың негізгі ерекшеліктері | 2 | 4 | 6 |
7 | Қатты материалдан жасалатын үй жиһазын жобалау ерекшелігі | 2 | 2 | 4 |
8 | Жұмсақ және жартылай жұмсақ үй жиһазын жобалау ерекшелігі | 2 | 4 | 6 |
9 | Қонақ үй мен демалыс бөлмесін жобалау ерекшелігі | 2 | 2 | 4 |
10 | Тұрғын үйдің мекен-жай алаңын жоспарлау | - | 4 | 4 |
11 | Тұрғын үйдің мекен-жай алаңындағы жолдарды әшекейлеу | 2 | 2 | 4 |
12 | Мекен-жай алаңын әшекейлеп безендіру технологиясы | 2 | 2 | 4 |
13 | Тұрғын үйдің не пәтердің электр жүйесін жөндеу технологиясы | 2 | 2 | 4 |
14 | Электр жүйесін жөндеуге қажет құрал-саймандар | 2 | 2 | 4 |
15 | Тұрғын үйдің электр жүйесін жөндеу барысында қолданылатын техникалық қауіпсіздік ережелері | 2 | 2 | 4 |
16 | Тұрмыстық электр құралдарды жөндеу технологиясы | - | 4 | 4 |
| БАРЛЫҒЫ: | 28 | 40 | 68 |
10-сыныпқа арналган бағдарлама
1. Кіріспе. «Шаруа қожалығы: құрылысы, күтімі, жөндеуі» курсының міңдеттері қаладағы, ауылдағы тұрғын үйлерді салу ерекшеліктері. Жеке құрылыстың құқықтық сұрақтары шаруаның үй жайын салудағы ерекшеліктер. «Ағаш ұстасы», «Ағаш шебері, балташы» мамандықтары туралы кең мағлұмат.
Ағаш шебері мен ұсталық жұмысқа қажетті материалдар. Жеке үй құрылысын салуға қажет тақтайлар,фанералар, плиталар. Ағаштардың жаңқаларынан жасалған плиталардың құрамы. Сылақ жұмыстарына қажет желімдер, оның түрлері. Желімдеу әдістері, техникалық қауіпсіздік ережелері.
Ағаш өңдеуге қажет құрал-саймандар. Құрал-жабдықтарды қолданғанда сақталатын қауіпсіздік ережелері.
Бүгінгі күн талабына сай пәтерді жоспарлау және жобалау. Жаңа пәтерді жобалау әдістері. Пәтер бөлмелерін бөлу барысында жиһаздарды пайдалану.
Пәтерге паңдустар мен платформаларды орналастыру технологиясы. Биік және қысқа пандустарды орналастыру әдістері.
Есік және терезе салатын қораптарды жасау технологиясы. Қораптарды шегелеу әдісімен жию. Қораптарды тақтайлар мен оның кесік бөлімдерінен құрастыру. Есік жақтауын жасау оны қондыру әдістері. Терезенің алдыңғы табанын кеңейту. Терезе жақтауы мен табандарын бояу.
7. Есік, терезе жақтауларын әзірлеу технологиясы. Оларды біріктіру
әдістері. Жақтау мен терезенің ашпалы көзін (форточкасын) бірге жасау. Екі жақты терезе жақтауы.
8. Пәтердің есіктерін дайындау технологиясы. Есіктердің
конструкциялық ерекшеліктері. Есіктерді шпонка арқылы
жинау, ілмектерін орнына қою. Каркас есіктерді дайындау
технологиясы. Есік пен оның жақтауларын бір-біріне
үйлестіру, оны есік жақтауына ілу. Жылжымалы есіктерді
дайындау технологиясы. Есік ілмектерінің конструкциялары.
Пәтер есігі мен жақтауларын жөндеу технологиясы. Есік қораптары мен терезе жақтауларын, терезе алды тақтайларын, форточкаларды жөндеу. Есіктерді пайда болған жарықтар мен ақауларды жөндеу әдістері. Оларды бояу. Жөндеу жұмыстарында техникалық қауіпсіздік ережелерді сақтау.
Әр түрлі едендерді төсеу әдістері. Паркет жұмыстарын жүргізу, оларға қажет құралдар мен материалдарды пайдалану. Паркет күтімі. Жаңа паркетті төсеу әдістері.
Тақтайдан жасалған едендер мен плинтустарды төсеу. Едеңдердің тақтайын біріне үйлестіре біріктіру. Тақтайларды біріктіру технологиясы. Ескі тақтайларды бекіту. Жаңа еденді және плинтустарды төсеу. Плинтустарды дайындау технологиясы.
12. Үйдегі және пәтердегі сатыларды жөндеу технологиясы. Саты сүйенішін жөндеу әдістері, оның түрлері, оларды эмаль арқылы бояп, әшекейлеу. Силикондық герметикті жөндеу жұмысында пайдалану.
Пәтер жөндеу жұмысында қажет болатын арматураларды жинау, әрі үйлестіру. Арматураның түрлері, оларды құрасыру әдістері.
Пәтер жөндеу барысьшда болат және шойын түтіктерді біріктіру технологиясы. Болат түтіктерді ойма арқылы немесе фланец көмегімен біріктіру. Шойын түтіктерді біріктіру әдістері.
Металл емес түтіктерді біріктіру технологиясы. Пластмассадан жасалған түтіктерді біріктіру. Керамикадан, асбесттік цементтен және бетоннан жасалған түтіктерді біріктіру.